МҦЗБЕЛ,
аласа жон, Нұранын сол жағалауында, Астана
қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде. Оңтүстік-батыстан
солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, ені 10-15 км. Шығыс
жағы биігірек (500 м). Алқап кӛлдің аллювилік шӛгінділерімен
жабылған тӛменгі карбон жыныстарынан түзілген жазық учаске
болып табылады.
Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу т. б.
ӛседі. Мұзбел, тау, Ұлытау тау жүйесінің онтүстік - шығыс
бӛлігіңде. Борсеңгір ауылының онтүстігінде 12 км жерде.
Солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Маңдайқақ және
Сарысу ӛзеңдері аңғарлары арасында 15 км-ге созылып жатыр, ені
4 км. Абс. биіктігі 410 м. Беткейлері жайдақтау тегіс келген ұсак
шоқылы жотадан тұрады. Девон жүйесінің тем. бӛлігі
жыныстарынан түзілген. Сортандау қоңыртопырақ жамылғысыңда
жусан,
бетеге,
кекпек,
бұйырғын,
бұталар
еседі.
Мал
жайылымдығына
пайдаланылады.
Мҧзтау (
Айсберг;
ағылшынша
iceberg,
ice — мұз,
berg — тау) — мұхит пен
теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шӛккен аса
ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бӛлінген ірі
шойтасты мұздар. Мұзтаулар (
ағылшынша іceberg, голландша
іjsberg; іce, іjs – мұз, berg – тау деген мағынаны білдіреді) мұздық
шетінің сынып (судың
гидростатикалық қысымының, лықсудың,
ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады.
Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүреді немесе теңіздің таяз
жері – қайырда шӛгіп жатады. Мұзтаулар, әсіресе Солтүстік жарты
шардағы – Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралдары
жағаларында, Оңтүстікте – Антарктида жағасында жиі кездеседі.
Мұз бен судың тығыздығына байланысты мұзтаулар кӛлемінің 83 –
90%-ы судың астында болады, қалған бӛлігі су бетінде орта
есеппен 70 м (Арктикада) – 100 м-ге (Антарктикада) дейін кӛтеріліп
тұрады, ал ұзындығы бірнеше ондаған км-ге жетеді.
Гренландия
мұзтаулары Шығыс Гренландия және Лабрадор ағыстары арқылы
40
–
50°
солтүстік
ендікке
дейін,
ал
кейбір
жағдайларда Бермуд,Азор аралдарына
дейін
жүзіп
барады;
Антарктида мұзтаулары 45 – 60° оңтүстік ендікке дейін жетеді.
1894 ж. мұзтаулардың 26° оңтүстік ендіктегі тропиктік белдеуден
де байқалғаны тіркелген. Мұзтауларға кӛптеген кемелер
соқтығысып, апатқа ұшыраған (мысалы, 1912 ж. ―Титаник‖, 1959 ж.
―Хедтофт‖). Полярлық аймақтардағы материктік мұздықтардың
жылжып теңізге жеткен шеттерінің омырылып бӛлінуінен пайда
болады (Антрактида менГрендландия мұздықтары және басқалар).
Олардың кӛлемінің
90%-ға дейінгі бӛлігі су астында болады. Су
үстіндегі бӛлігі су
бетінен 70-100 м кӛтеріледі. Теңіз ағыстары
мұзтауды тӛмен ендіктерге алып кетеді. Мұзтау онда біртіндеп еру
барысыңда жойылады.
МҦЗ — Н
2
О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О 88,8%, Н
11,2%; кейде оның құрамында газ немесе қатты зат қоспалары
болады. Қаттылығы 1,5 меншікті салмағы 0,917. Сингониясы
гексагондық; дигексагондық-дипирамида.
Кристалдық ішкі
Достарыңызбен бөлісу: