жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе кӛне платформалық
құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары кӛтерілген лавалық
жабынды таулар болып бӛлінеді. Таулар бедерінің негізгі
элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, ӛзен аңғарлары.
Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай
тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-
құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың
негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі
(биіктік белдемділік) анық кӛрінеді. Тауларды биіктігіне қарай
аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000
м)
деп
бӛледі.
Дүние
жүзіндегі
ең
биік
тау
–
Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең
биік тау –Хантәңірі (6995 м). Оқшау (арал) таулар – кең жазықта
жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен
қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге
дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты,
тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған
немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа
тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар,
лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.
Джомолунгма
- Эверест (ағыл. Mount Everest), немесе Сагарматха
— жер бетінің ең биік шыңы, биіктігі 8844,43 немесе 8848 немесе
8850 м, Гималай тауларында орналасқан. Непал және
Қытайдың(Тибет автономиялы ауданы), бірақ шыңның ӛзі Қытай
территориясында орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: