Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет85/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   206
    Бұл бет үшін навигация:
  • ЗЕНИТ
З 
 
ЗАЙСАН КӚЛІ — Қазақстанның  кӛлдерінің  Оңтүстік Алтайдағы 
кӛлі
Шығыс Қазақстан облысы  аумағында орналасқан. 
Солтүстігінен Нарын мен Күршім, оңтүстігінен Сауыр-
Тарбағатай  жоталарының сілемдерімен қоршалған тектоникалық 
қазаншұңқырда жатыр. Кӛл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. 
Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бӛген кӛлдер типіне жатады. 
Зайсанға Қара Ертіс ӛзені құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. 
Ӛзеннің жалғасы кӛл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін 
баратын ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі Қара Ертіспен 
байланысты. Жазда таудағы қар ерігенде кӛл деңгейі кӛтеріледі. 
Қыста тӛмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең 


тӛмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Қарашада суы қатып
сәуірде ериді. Ертістегі Бұқтырма СЭС-ісалынғанға дейін кӛл 
айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа 
тереңд. 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бӛгет салынғаннан 
кейін кӛл Бұқтырма бӛгеніне қосылып кетті. Кӛлемі артып, жаға 
сызығының пішіні ӛзгерді. Зайсанда балықтың 23 түрі мекендейді, 
оның 17-сінің кәсіптік маңызы бар. Әсіресе, бекіре, ақбалық, 
 таймень,  кӛксерке,  табан,  аққайран,  сазан, т.б. кӛптеп ауланады. 
Кӛл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын 
ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр  жерсіндірілген. Кӛл 
айдыны кеме қатынасына пайдаланылады. Соңғы жылдары
кӛлге құятын Қара Ертіс ӛзенінің суын Қытайда шамадан тыс 
пайдалану салдарынан Бұқтырма бӛгенінің деңгейі тӛмендеп, 
аумағы кішіреюде. Қосылатын су мӛлшері бұдан әрі азая берсе, 
Зайсан кӛлі бӛгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына 
қайтып оралуы мүмкін. 
ЗЕНИТ, тас тӛбе (фр. zenith, араб.: земт — жол, бағыт) — аспан 
сферасының байқаушының тас тӛбесінде орналасқан тіктеуіш 
сызықпен қиылыскан нүктесі. Аспан сферасының 3-ке қарамақарсы 
нүктесі надир (нәдір) деп аталады. 
ЗОНД БҦҒАЗЫ –  Индонезиядағы  Суматра мен Ява 
аралдарын бӛліп тұрған бұғаз. Ява теңізін Үнді мұхитымен  
жалғастырады. Бұғаздың ені оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа 
қарай 105 км-ден 22 км-ге дейін кішірейеді. Осы бағытта тереңдігі 
де 1000 м-ден 50 – 60 м-ге дейін азаяды. Фарватерінің ең саяз жері 
28 м-дей. Бұғаз тӛрттік кезеңде жер қыртысының жарылу 
нәтижесінде пайда болған. Зонд бұғазы осы күнге дейін 
жанартаулар ықпалында. Бұғаз аралдарының бірінде Кракатау 
жанартауы орналасқан. Зонд бұғазы Үнді мұхитынан Индонезия 
теңіздері мен Тынық мұхитқа ӛтетін аса маңызды теңіз жолы болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет