(климаттың егіншілікке әсерін зерттейді),
курорттық және
медициналық климатология, техникалық климатология (онда
авиациялық
климатология,
кӛліктік
климатология
және
құрылыстық Климатология пәндері бӛлек қарастырылады) жатады.
КЛИМАТ ТУРАЛЫ БАСТАПҚЫ КӚЗҚАРАСТАР 17–18
ғасырлар Климат пен оның заңдылықтары туралы бастапқы
кӛзқарастар Ежелгі Грекияда қалыптасты. 17–18 ғ-ларда арнаулы
құралдардың
кӛмегімен
жүргізілген
метеорологиялық
бақылаулардың негізінде жазылған
алғашқы климаттық деректер
пайда болды. Ұлыбританияда Э.Галлей, Дж. Хэдли, Ресейде
М.В.Ломоносов алғаш рет атмосфералық айналымның климатқа
әсері туралы ойларын айтты. 19 ғасырдың басында неміс
жаратылыстанушысы А.Гумбольдт жүйелі түрде
Жер шары
климатының жазбасы мен түсінігін жасауды қолға алды және
алғашқы климаттық карталарды құрастырды. 19 ғ-дың 2-
жартысында Климатологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіле
бастады. Ресейдегі Климатологиялық зерттеулер 1849 жылы
ашылған Бас геофиз. обсерваторияда Г.И.Вильдтің басылығымен
жүргізілді. Осы кезде А.И.Воейков та бірқатар зерттеулер жүргізіп,
климаттың геогр. заңдылықтары мен геофиз. жаратылысын
негіздеуге тырысты. Климатологияға зор үлес қосқан ғалымдар:
А.А.Каминский (жел режимі және ылғал айналымы жӛніндегі
зерттеулер), Л.С.Берг (палеоклиматология
мен биоклиматология
саласындағы және Жер климатын топтау жӛніндегі жұмыстар),
белгілі полюс зерттеушісі В.Ю.Визе. 20 ғасыр 20 ғасырда
тропиктерді, Арктика мен Антарктиданы, мұхиттарды қамтыған
метеорологиялық бақылаулардың жаһандық жүйесі тез ӛсіп
қалыптасты. Климаттық атластар жасалды. 20
ғ-дың ортасына
таман Климатологиялық зерттеулер атмосфераның жоғары
қабаттарын да қамтыды. Осы кезде климаттың физикалық негізі –
Жер беті мен атмосфераның жылу теңдестігі (балансы) туралы
ұғым қалыптасты. Атмосф. жалпы айналымның климатты
қалыптастырушылық рӛлін зерттеу КСРО-да (Б.П.Алисов,
В.А.Бугаев, Т.В.Покровская, С.П.Хромов), Германияда (Г.Флон),
Францияда (П.Педелаборд) жүргізілді. 20 ғ-дың 30-жылдарынан
палеоклиматология саласындағы зерттеулер басталды.
Достарыңызбен бөлісу: