Таразы
шоқжұлдызында
болады.
Бұл
күндерде
Күн аспан экваторын басып ӛтеді, ал аспан экваторын аспан
кӛкжиегі как бӛледі. Ендеше кӛкжиек үстіндегі және астындағы
Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22
маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык
орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғыКүн тоқырау күні. 22
желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта
болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні. Ерте кезде
Күннің жұлдыздар арасындағы кӛзге түсерлік қозғалысы Күн
бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға
қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда
мұндай
түсіндіру
сол
кездегі
кейбір
философтарды
канағаттандырмады. Мәселен, атақты Пифагордың оқушылары
Күннін жұлдыздар арасындағы кӛзге түсерлік қозғалысы Жердің
қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл
болжамды (Жердің ӛз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар
құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сӛйтіп, мың
жылдан астам уақыт бойы,Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің
қозғалатыны жайында сӛз етпеді. Қазіргі кезде Жер ӛз осін айнала
тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді
айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап
қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен,
шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы
жалған кӛрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде
санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни ӛзі де
Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан
болады. Күннің бетінде кӛптеген коңыр дактар болатыны белгілі.
Мінеки, осы дақтардың ӛзара орналасуын бақылай отырып,
ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай
ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды: Күн ӛзінің
маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен ӛз осін айнала
қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: