Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет90/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   206
КӘРІЗДЕУ — 1) ыза сулардың деңгейін жасанды түрде тӛмендету 
немесе оларды қашыртқы қарық, құбырмен ағызып жіберу арқылы 
жер бетіндегі аумақты құрғату тәсілі; 2) жер асты суларын алып 
кету. Кәріздің мыңдаған жылдық тарихы бар. Оған Шығыс 
Түркістанда, Орта Азияда, Қазақстанның Қаратау аймағында 
сақталған Кәріздеу жүйелері мысал бола алады. 
КЕМЕР – палеолит дәуірінің тұрақтары. Жамбыл облысы  
Қаратау  қаласынан солт. - шығысқа қарай 25 км жерде, осы аттас 
шатқалда орналасқан. Шатқалдан аралары 600 – 700 м 
шамасында палеолит дәуірінің тұрақтары Кемер 1, -2, -3, 
шоғырланған. 1961 ж. Қазақстан тарих, археология және 
этнография институтының Қаратау экспедициясы (жетекшісі Х.А. 
Алпысбаев) ашқан. Құрал жасайтын шикізат ретінде жергілікті 
қоңыр түсті кремнийдің галькалары пайдаланылған. Кемер -1-ден 
218, Кемер -2-ден 95, Кемер -3-тен 79 тас бұйымдары 
жинастырылған. Типол. жағынан құралдарды былайша бӛлуге 
болады: екі шеті ӛңделген дӛрекі шапқы құралдар; қол шапқылар 
(бифас); унифас; қырғыш; тас жаңқадан дайындалған құралдар
ӛзек тас; тас жаңқа; дӛңгелек құралдар. Кемер -1 мен Кемер -3 
бұйымдар кешені жылнамалық жағынан бір-біріне ұқсас. Кемер 
кешендері тӛм. палеолиттің шелль-ашелькезеңіне жатады. 
КЕМПІРҚОСАҚ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде 
кӛрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір 
жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында 
жарқырап күн шығып тұрған кезде кӛрінеді. Кемпірқосақ тікелей 
түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан ӛткенде сынып, 
құрамдас бӛліктерге (қызыл, сары, жасыл, кӛгілдір, т.б.) бӛлінуінің 
және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі 
сәулелердің
дифракциялануы  
мен
интерференциялануы  
нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр 
тамшыларының үлкен - кішілігіне байланысты ӛзгеріп отырады. 
Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып кӛрінеді. 
Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса 
кӛрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн 
сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет 
шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда 
болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. 


КЕНТ – шағын мекен-жай немесе соқпалы қабырғалармен 
қоршалған кӛгалды аймақтағы қала. ―Кент‖ ежелгі түркі сӛзі. 
Алғашқыда үй-жай салып, топтасып ӛмір сүретін мекен ұғымын 
білдірген. Ежелгі шағын қалалар мен елді мекеннің кӛбі ― Кент ‖ 
аталған. Бірте-бірте қала сӛзімен ауысқан. Бірақ күні бүгінге дейін 
тілімізде қолданыстан қалмаған. Мысалы, Жаркент – жардың 
жағасындағы кент, яғни елді мекен деген сӛз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет