СИНГАПУР
БҦҒАЗЫ — Малакка
түбегінің оңтүстік
шеті
мен Сингапур аралының және Риау топаралының аралығындағы
бұғаз. Оңтүстік Қытай теңізін Малакка бұғазымен жалғастырады.
Ұзындығы 114 км, ені 12-ден 37 км-ге дейін жетеді. Кеме жүзуге
қолайлы, ең терең жері — 22 м. Сингапур бұғазы — Оңтүстік
Азияны Шығыс Азия, Америка және Австралия порттарымен,
Шығыс
Азияны
Еуропа
және
Африка
порттарымен
байланыстыратын маңызды теңіз жолы.
СИНУСОИДАЛЫҚ ТОЛҚЫН - қандай да бір физикалық
шаманың гармоникалық тербелістерінің ортада нақты анықталған
жиілікпен таралуы.
СОРТАҢДАР — шӛлейтте, шӛл және дала зоналарында тараған,
құрамында әр түрлі тұздар кездесетін топырақтың түрлері.
Сорлармен салыстырғанда олардың үстіңгі горизонттарында тұздар
ӛте аз кездеседі де, ең терең горизонттарда мол болады. Сортаңның
екі қара шірінді горизонты (үстіңгісі — элювиалды және
астыңғысы — иллиювиальды) бар. Иллювиалды горизонтқа бүкіл
үстіңгі шайылған қара шіріндіге қосыла тотықтар мен тұнбалар
жиналып, горизонттың кепкеннен кейінгі тығыздалуына және
призмалық жақпарларға жарылуына әсер етеді. Иллювиалды
горизонттан әрі қарай тұзға қанықңан горизонт жатады. Сортаң
топырақты шаруашылыққа пайдалану үшін мелиорациялық
шаралар жүргізу қажет.
СПЕКТРОГРАФ -
күралдың
оптикалык
жүйенің
тоғысу
жазыктығына жайылған барлық сәулелену спектрін бір мезгілдік
тіркеуге арналған кұрал.
СПЕКТР (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген
физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы.
Спектрлер үздіксіз және дискретті (үздікті) болып бӛлінеді. Спектр
ұғымы кӛбіне тербелмелі процестерде (мысалы, тербеліс спектрі,
дыбыс спектрі, оптикалық спектрлер, теледидарлық сигналдар
спектрі, т.б.) жиі қолданылады. Ядралық физикада массалар
спектрі, сондай-ақ импульстер, энергиялар және жылдамдықтар
спектрі ұғымдары да пайдаланылады.
Зат атомдары мен молекулалары электромагниттік сәуле шығаруды
сіңіре отырып, энергетикалық қоздырылған күйге ауысады.
Атомдар мен молекулалардың осы сіңірген энергиясы олардың
тербелмелі, айналмалы немесе ілгерілемелі энергиясын арттыруға
жұмсалады, ал кей жағдайда ол екінші реттік сәуле шығаруға
немесе фотохимиялық процесс түріне түрленеді.
Электромагниттік сәуле шығарудың бірнеше түрлері белгілі: γ-
сәулелер; рентген сәуле шығару; әсірекүлгін, кӛрінетін,
инфрақызыл, микротолқынды және радио жиілікті сәуле шығару.
СПЕЛЕОЛОГИЯ — үңгірлерді, жер асты галереяларын, яғни жер
асты карстарының формаларын зерттейтін ғылым. Оның міндеті'
мен маңсаты жер астындағы: карсты құбылыстарды геологиялық
құрылысы мен гидрологиясы, үңгірлердің даму проңесгерй мен
олардағы органикалык дүниенің ӛмір сүруі жағынан жанжақты
зерттеу болып табылады. Үңгірлерде мекен еткен ертедеп адамдар
мен жануарлар қалдықтарын тауып зерттеу жұмысында
спелеология антропологтар мен археологтар үшін ӛте пайдалы
ғылым саласы
СПРЕДИНГ - cite_note-0— мұхит түбінің кӛлбеу бағытта үнемі
жылжитын базальт қабатымен жаппай кӛмкерілуі.
Литосфералық табылатын
бұл
процеске
сәйкес,
орталық мұхиттық
жоталардың орталық
бӛлігіне
орналасқан рифт деп
аталатын
тектоникалық
құрылымдарға
шоғырланған жанартаулар әрекеті нәтижесінде қалыптасқан
базальт лавалары '(мұхиттық қыртыстың ең басты құрамдас
бӛлігі) мен олардың ультранегізді магмалық таужыныстардан
(перидотиттер, пироксениттер, дуниттер, серпентиниттер
және тағы басқа) тұратын литосфералық мантиясы кӛлбеу бағытта
үнемі жылжи отырып, мұхит түбін жаппай кӛмкереді деп
есептеледі.
Мұхиттық литосфераны кӛлбеу бағытта қозғайтын күш сол
литосфера астындағы астеносфераға тиесілі конвекциялық ағымдар
күші деп шамаланады.
СТРАТИГРАФИЯ — геологияның бӛлімі, тарихи геологияның
негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын,
олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды
бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды.
Ӛзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен
3600 м шӛгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның
құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және тӛрттік
шӛгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина
үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге
және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шӛгінділерімен
салыстыруға негізделген. Бӛлімдер, ярустар және подярустар
арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша
жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер
арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді ӛзгертуге және
анықтауға
мүмкіндік
туып
отыр.
Ӛзен
кен
орнының
мұнайгаздылығы юра және кейде бор шӛгінділері байланысты. Кен
орнының геологиялық қимасында бор және юра шӛгінділеріне
қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар
(жоғарыдан тӛмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар -
жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай - газды қабаты,
жеке күмбездерде тӛменгі юраның XIX - XXIV горизонттары
мұнайгазды. Пермь - триас (РТ) шӛгінділері Ӛзен кен орнының ең
кӛне жыныстары болып табылады. Пермь - триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті
құмтастармен және қара сланецтермен кӛрінеді. Тӛменгі триас (Т)
шӛгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті
құмтастармен
орын
алады.
Бұл
шӛгінділердің
оңтүстік
Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында
шайылудың ізі бар. Оленек және орта триас жыныстары құмтастар
мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр
аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті
тобын құрайды. Бұл шӛгінділерің жалпы қалыңдығы 1500 – 1600 м
болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бӛлінген.
Юра жүйесі (J) Юра жүйесі шӛгінділерінде барлық үш бӛлім де
кездеседі: тӛменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м.
Тӛменгі бӛлім (J1) Қиманың тӛменгі юра бӛлігі құмтастар,
алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және
ақшыл сұр, кӛбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері
қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса
кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды
құмтастарға ауысады. Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды
немесе сазды - кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде
қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және кӛмір тектес затпен
байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы
негізінен қиғаш қабатталады. Тӛменгі юраның жабынында сазды
бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу
нәтижесінде
күрт
ӛзгерістерге
ұшыраған.
Тӛменгі
юра
шӛгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м. Тӛменгі юра қимасында
XXIV-XXV екі ӛнімді горизонт айқындалған. Ортаңғы бӛлім (J2)
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шӛгінділері мұнайгаздылығы
жағынан
ең
ірісі.
Сондықтан
орта
юраны
бӛлшектеп
стратиграфиялық
мүшелеу
ӛнімді
горизонттарда
олардың
корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада
жалпы қалыңдылығы 700 м аален, байос және бат яру стары
айқындалады. Аален ярусы (J2а) Аален ярусы негізінен
мортсынғыш, құмды - галькалы жыныстардан құралған және орта
юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ярустың қимасында сұр және коңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар
басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең
жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален
құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде
карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама кӛп жұқа
қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ
галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр,
кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы
қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара
XXII горизонттың табанымен ӛтеді. Байос ярусы (J2 b) Байос
шӛгінділері ең кӛп және барлық жерде тараған. Байос ярусының
шӛгінділері
негізінен
арасында
кӛмір
қабатшалары
бар
алевролиттер
мен
саздардан
құралған
континентальды
фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының тӛменгі бӛлігінде
сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бӛлігінде құмтасты
жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 - ден 520 м-ге дейін
ӛзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шӛгінділері
екі подярусқа бӛлінеді. Тӛменгі байос (J2 b1) Бұл подярустың
шӛгінділерінің жалпы қалыңдығы 470 м, және саздар, құмтастар
мен алевролиттердің, кӛмір тектес заттың қабатшалары
алмасуымен кӛрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен
қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және
ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті
құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар кӛбіне қарасұр,
тіпті қара, кейде қоңыр түсті. Ӛзен кен орнының тӛменгі байос
шӛгінділерінде XXII, XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар
орналасқан. Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt) Олардың
шӛгінділері арасында саз қабатшалары бар біршама қалың
құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр,
қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген. Алевролиттер сазды,
құмтасты, ірі түйіршікті және құрамы айқын емес. Саздар қара
қоңыр-сұр. Байос және бат шӛгінділерінің арасындағы шекара
шартты түрде XV горизонттың табанымен ӛтеді. Жоғарғы байос-
бат шӛгінділерінің қалыңдығы 100м - 150м. Жоғарғы бӛлім (J3)
Жоғарғы юра бӛлімінде негізінен теңіз шӛгінділері мен жануарлар
қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфод және кембридж
ярустары ерекшеленеді. Келловей ярусы (J3 k) Құмтастар,
алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды
қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр,
карасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.Құмтастар мен
алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр.
Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері кӛп. Келловей ярусында
XIV горизонттың жоғарғы бӛлігі мен XIII горизонт орналасқан.
Оның қалыңдығы 50-135 м. Оксфорд-Кембридж шӛгінділері (J3O-
km) Юра шӛгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-
кембридж шӛгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының
үстін жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель
жыныстарының біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында
құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде
кездеседі. Оксфорд-Кембридж шӛгінділерінің қалыңдығы тӛменгі
будақ үшін 50м - 55м, жоғарғысы үшін 30м - 97м. Бор жүйесі (К)
Бор жүйесінің шӛгінділері жоғарғы юра шӛгінділерінің шайылған
бетінде орналасады және тӛменгі, жоғарғы бӛлімдері мен барлық
ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық
белгілері бойынша бор шӛгінділері үш бӛлікке бӛлінеді: тӛменгі
терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және
жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Тӛменгі бӛлікке XII
горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бӛліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI,
VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор
шӛгінділерінің қалыңдығы 1100м шамасында. Бор шӛгінділерінің
ӛнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен
будақтарының біртекті астарласуы ретінде кӛрінеді. Кайнозой тобы
(KZ) Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын
алған. Палеоген шӛгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен
саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шӛгінділерінің
қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат
ярустарымен кӛрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м,
сармат ярусы – 80м - 90м.
Палеоген жүйесі (Р) Палеоген шӛгінділеріне эоцен және олигоцен
бӛлімдері жатады. Эоцен бӛлімі саз қабатшалары араласқан
мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бӛлімі сұр және ақшыл
сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің
қалыңдығы 150-170 м.
Неоген жүйесі (N)
Неоген шӛгінділері тортон және сармат ярустарының шӛгінділері
түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар
мен әктастар қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар,
мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің
жалпы қалыңдығы 115м-ге жетеді.
Тӛрттік жүйесі (Q)
Тӛрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар,
суглиноктармен кӛрінеді. Шӛгінділер қалыңдыгы 5-7 м.
СТАНЦИЯЛЫҚ ПСИХРОМЕТР - ол, будканың ішіндегі
штатифке қатар ілінген екі бірдей психрометрлік термометрлерден
және дистилдендірілген су құйылган стаканнан тұрады. Оң
жақтағы термометрдің резервуарына батист мата байланады да,
оның бір шеті стакандағы суға батырылып қойылады. Стакан мен
резервуардың арасы 2 см. Ауа ылғалдылығының сипаттамалары
осы екі термометрдің температура айырмашылыгы негізінде
анықталады. Станциялық психрометрдің тӛменгі колдану шегі
минус 10 °С және жылы маусымда ұзын батист, суық маусымда
қысқа батист қолданылады. Қыстың күні, ауа температурасы 0 °С-
дан тӛмен жағдайда батистегі судың фазалык күйі ескеріледі. Егер,
карандашты батистке тигізгенде термометр кӛрсеткіші ӛзгерсе су
сұйық салқындаған күйде, ал ӛзгермесе - қатты мұз күйінде болады.
Бұл жағдайлар үшін психрометрлік таблицада жеке бӛлімдер бар.
СТРАТОСТАТ [страто (сфера) және грек. statos – тік тұратын,
қозғалмайтын] – стратосфера қабатына (11000 м-ден биік) ұшуға
арналған аэростат. Экипажы болған жағдайда стратостаттың
гондоласы герметикалы әрі қауіпсіз етіп жасалады. Кӛтерілу
биіктігі мен салмағына байланысты стратостаттың сыртқы
қоршауының кӛл. 14000 – 105000 м3-ге дейін жетеді.
Стратосфераның ең тӛменгі қабатына ұшуға арналған стратостат
субстратостат деп аталады. Экипажы бар стратостат стратосфераға
20 ғасырдың 30-жылдарында кӛбірек ұшырылды.
СТРАТОСФЕРА — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі
биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера
салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті
сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты
жоғарыдан келетін температураның тӛмендеуі тоқталады. 30 км
биіктік шамасына дейін температура ӛзгермей 50° шамасында
сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай
отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады.
Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды.
1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40
км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі
қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.
СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУ РЕЖИМІ -су беті де топырақ
сияқты инфрокызыл радиацияны жаксы жұтады. Судың
салыстырмалы сәулешашу мүмкіндігі 0,965 тең. Су қоймалары мен
топырактың үзынтолқынды раднацияны жүту жэне шагылдыру
жагдайларында айырмашылык аз. Ал, қысқатолқынды радиация
үшін су мӛлдір дене. Сондықтан қысқатолқынды радиация, әсіресе
кӛгілдір жэне ультрокүлгін радиация судың терең қабаттарына
дейін енеді, ягни судың бірнеше метрлік қалың қабатын
қыздырады. Су қоймаларының жылу режимінің топырақтан
айырмашылыгы
мына
себептермен
түсіндіріледі:
1.
Судың жылусиымдылығы топырақтың жылусиым-дылығынан 3-4
есе артық. Сондықтан, топыракпен бірдей температурага дейін
қызу үшін суға кӛбірек жылу қажет. 2.Су эркашан араласып
тұрады. Сондықтан судың тӛменгі қабаттарына жылудың
тасымалдануы топырақтікіндей молекулярлық жолмен емес,
одан да қарқынды турбуленттік араласу жолымен жүреді (1000 есе
жылдам). Су қоймасында қабатаралық жылуалмасу күндізге жэне
жазга қараганда түнде және қыста жылдамырақ жүреді. Себебі,
түнде турбуленттік араласумен қатар жылулық конвекция жүреді,
яғни судың жогаргы кабаты салқындагандықтан тығыздыгы әсіп
ауырлайды да тӛмен түседі, ал оның орнына теменнен жылы жеңіл
су кӛтеріледі. Күзде судың барлык кабаттарында температура 4 °С-
қа тӛмендегенде жылулык конвекция тоқтайды. Себебі ондай
температурада тұщы судың тыгыздығы максимальді болады. Одан
кейін судың жогаргы қабаты тез салқындап қатып қалады.
Айтылған екі жагдайга байланысты, су топыраққа қараганда баяу
жылып, баяу салқындайды. Ал топырақ тез кызып тез
салқындайды. Сондықтан температураның тэуліктік тербелісінде су
бетінің минимальді температурасы күн шыкқаннан соң 2-3 сагаттан
кейін,
максимумы
15-16
сағатта
байқалады.
Су
беті
температурасының тэуліктік амплитудасы қоңыржай белдеу
мұхиттарында 0,2°С, ішкі теңіздерде 1 -2 С, кӛлдерде 2 -5°С, ал
тропиктік белдеу мұхиттарында 0,5°С кұрайды. Солтүстік жарты
шарда су беті температурасының жылдық тербелісінің максимумы
тамыз айында, минимумы акпан-наурыз айларында байқалады.
Мүхиттардың беткі температурасының жылдық амплитудасы
қоңыржай белдеуде 5°-8°С, тропикте - 2°-3°С құрайды. Ішкі
теңіздер мен ірі кӛлдерде жылдық амплитуда 20°С-дан жогары
болады.
СУ ШЫҒЫМЫ
Белгілі бір уақыт ішінде арнамен ағып ӛтетін ағын мӛлшері (м3/с не
л/с-пен ӛлшенеді).
СУДЫ ЗЕРТТЕУ
ГИДРОЛОГИЯ
Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты ӛзендер және
мӛлдір кӛлдер. Дегенмен су тек қана кӛре алатын, ыстық күндері
сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың кӛлемді
бӛлігі адам кӛзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су
айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер асты сулары
Жер асты сулары ӛзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер
үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге
жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай
толықтырулар біркелкі емес, ӛйткені кӛп жағдайда жергілікті
жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы ӛткізетін және
суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол
астыңғы қабатқа ӛту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан ӛзге, жер асты сулары ӛз қорын жер үсті су айдындары
есебінен де толықтырады. Ӛз кезегінде жер асты сулары осындай
су айдындарын ӛздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте,
бір жерде жинақталмайды, ӛзінің орналасу заңдылығы болады.
Солай су ерекше жоғарғы және тӛменгі қабатты ұйымдастырады.
Тӛменгі қабатта судың ең кіші кӛлемі болады. Үлкен кӛлемді су
жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің тӛменгі
деңгейіне судың ӛтуі ӛте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала
алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден
қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және тӛменгі, әрқайсысы ӛзінің
суды ӛткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам
шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта,
әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал тӛменгі, іс жүзінде
су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын
кӛптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты ӛз
сипаттамасын ӛзгерте алады. Осыған байланысты жер асты
суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
o
Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен
жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы
кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын
нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су
қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан тӛмен топырақ сулары орналасады.
Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады.
Одан тӛмен ағынды сулар орналасады.
Табиғаттағы су айналымы
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі
ӛзендер мен кӛлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі
буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мӛлшері тым кӛбейіп
кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан
жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.
Табиғаттағы су айналымының ӛзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр
түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.
Суды тазарту жолдары
Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты
ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру
немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген
қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен
қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды
алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден ӛткізіп алып, зиянды
бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау ӛдістері
колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау
стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Мұнан басқа ірі ӛндіріс орындарының ӛндірісте қолданған суларын
да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң
экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы
кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен
қолданыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |