ТЕҢІЗ СІЛКІНУІ — ашық теңіз суларының кенеттен буырқанып
толқуы. Кӛбінесе жаға маңындағы сұрапыл кӛтерілу — қайту
толқындарымен белгілі. Орталығы теңіз түбінде немесе теңізге таяу
орналасқан құрлықта болатын жер сілкінудің салдарынан болады.
[1]
Теңіз сілкінуі – теңіздер мен мұхиттардағы су қабатының кенеттен
буырқаныл толқуы. Теңіз сілкінуінің эпицентрі теңіз түбінде
немесе құрлықтың жағалау бӛлігіңде орналасқан жер сілкіну
нәтижесінде пайда болады. Теңіз сілкінуі цунами толқындарының
пайда болуыла әсер етеді.
ТЕОДОЛИТ — жер ӛлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда
және ірі масштабты съемка жасауда кӛп пайдаланылатын бұрыш
елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бӛліктеріне: қарау
түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды
(жазық)
—
шеңбері
жатады.
Сондықтан
теодолитпен
горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға
болады.
ТЕРМОМЕТР - дененің температурасын ӛлшеуге арналған құрал
дененің, заттың, ауаның температурасын ӛлшеуге арналған аспап.
Термометрикалық
қасиеттердің
қолданылуына
байланысты
термометрлердің мынадай негізгі түрлері болады:
Сҧйықтық және газды термометрлер. Оларда сұйықтың
және газдың температураға байланысты кӛлемінің ӛзгеру қасиеті
пайдаланылады.
Деформациялық термометрлер. Қатгы денелердің (металдар)
размерінің
температураға
байланысты
ӛзгеру
қасиеті
пайдаланылады.
Кедергі термометрлері. Заттардың (мегал, жартылай ӛткізгіштер)
температураға байланысты электр ӛткізгіштігінің ӛзгеру қасиегі
пайдаланылады.
ТЕРМОЭЛЕКТРЛІК
ТЕРМОМЕТРЛЕР.
Термоэлементтер
спайларының
температурасы
әртүрлі
болғанда
тізбекте
электрқозғағыш күшінің пайда болу қасиеті колданылады.
Метеорологиялық станцияларда тұрақты бақылау мерзімдерінде (3
сағат сайын) ауа мен топырақтың нақты температуралары және
мерзім аралығындағы максимальді, минимальді температуралары
ӛлшенеді. Бұл мақсатта негізінен сұйықтық термометрлер
қолданылады. Оларда термометрлік сұйық ретінде сынап пен спирт
пайдаланылады.
Психрометрлік термометр ТМ-4, будка ішіндегі (сурет 5.2 - 1,2)
арнайы штативте вертикальді түрде бекітіледі. Резервуары дӛңгелек
шар тәрізді, қорғаушы трубкасының басына метал қалпақша
кигізілген, шкаласының бір бӛлімі (бӛлім бағасы) 0,2 ˚С-ға тең,
ӛлшеу шекарасы минус 35 °С-тан плюс 55 ˚С аралығында, ӛлшеу
дэлдігі 0,1 'С.
Минимальді термометр ТМ-2, бақылау мерзімі аралығындағы ең
минимальді температураны және нақты температураны кӛрсетеді.
Ол будка ішінде горизонтальді түрде орналастырылады Резервуары
цилиндр формалы, ішіне спирт кұйылған, шкаласының бір бӛлімі
0,5°С-ка тең, ӛлшеу шекарасы минус 75 °С-тан плюс 31 °С
аралығында, ӛлшеу дәлдігі 0,1 °С. Шыны трубкада спирт ішінде
еркін қозғалатын қара түсті шыны штифт болады. Ауа
температурасы тӛмендегенде, спирттің беткі пленкасы беттік
керілу күші арқасында штифті тӛмен алып кетеді, ал температура
ӛскенде спирт штифті айналып ағып ӛтеді. Осылайша штифт
минимальді температура мәнінде тұрып қалады, ал спирт бағаны
нақты температураны кӛрсетеді. Ӛлшеп болғаннан кейін
термометрдің ортасынан ұстап, резервуарын жоғары кӛтеру
арқылы, міндетті түрде штифті спирттің беткі пленкасына дейін
әкелу керек.
Максимальді термометр ТМ-1, бақылау мерзімі аралығындағы ең
максимальді температураны кӛрсетеді. Ол будка ішінде
горизонтальді
түрде,
резервуары
сәл
тӛмен
кӛлбеу
орналастырылады. Резервуары цилиндр формалы, ішіне сынап
құйылған және шыны түтікшенің сынаптан жоғарғы жағы
вакумдалган, шкаласының бір бӛлімі 0,5°С-ға тең, ӛлшеу шекарасы
минус 20-тан плюс 70 °С аралығында, ӛлшеу дәлдігі 0,1 °С.
Резервуарының ішінде, оның табанына жапсырылған шыны штифт
болады. Ол штифтің ұшы шыны түтікшеге біршама кіріп
тұрғандықтан, түтікшедегі сынаптың резервуарға кайтып кіруін
қиындатады. Ауа температурасы жоғарылағанда сынаптың келемі
ӛсіп, оның бір бӛлігі шыны түтікшемен қозғалады, ал температура
темендегенде түтікшедегі сынап резервуарға кайта кіре алмайды.
Осылайша
максимальді
температура
сақталып
қалады.
Температураны ӛлшеп болганнан кейін термометрдін ортасынан
ұстап (резервуары тӛменде) бірнеше рет қатты сілкіп түтікшедегі
сынапты резервуарга қайта кіргізу керек, сонда оның кӛрсеткіші
нақты
температурамен
(психрометрлік
термометрдің
керсеткішімен) теңеледі.
Нақты топырақ термометрі. Резервуары цилиндр формалы
сынаптық термометр, шкаласының бір бӛлімі 0,5°С-гатең. Ӛлшеу
дәлдігі 0,1 °С.
Савинов термометрлері. Топырақтың 5, 10, 15, 20 см тереңдік
температурасын ӛлшейтін, резервуары цилиндр формалы,
шкаласының бір бӛлімі 0,5 °С-ға тең, сынаптық 4 термометрден
тұрады. Термометр, резервуарының жоғары жагынан 135° бұрышқа
иілген. Резервуар мен шкала аралығы жылу ӛткізбейтін күл
ұнтағымен толтырылып мақтамен тығындалған. Термометрлер
шығыстан
батысқа
қарай,
тереңдігінің
ӛсу
тәртібімен
орналастырылады. Термометр мен топырақ беті арасы 45° бұрыш
құрауы тиіс.
Деформациялық термометр метеорологияда негізінен биметалды
- термограф қолданылады. Термографтың негізгі бӛліктері: биметал
пластинка, арнайы тасымалдау механизмі, тіркеуші бӛлік және
шыны терезелі плассмасса қорапша. Термографтың сезімтал
элементі ретінде, ұлғаю коэффициенттері әртүрлі екі металдан
тұратын биметалды пластинка қолданылады. Ол екі метал бір-
біріне жабысып тұрғандыктан, температураның жоғарылауымен
бірге металдардың кӛлемі ұлғайып, пластинка ұлгаю коэффициенті
тӛмен метал жағына иіледі. Ал температураның темендеуімен бірге
биметал пластинка қайтадан жазылады, себебі ұлгаю коэффициенті
жоғары метал тез жиырылады. Биметал пластинканың бір шеті
қозғалмайтындай етіп бекітілген, ал екінші шеті тасымалдау
механизмімен байланыста болады. Биметал пластинканың
қозғалысы тасымалдау механизмі арқылы басында сия қаламы бар
тілге беріледі. Сия калам, сағаттық механизмі бар барабанға тиіп
тұрады. Сағаттық механизмді барабан тәулігіне (26 сағаттық) бір
айналым жасайды. Барабан бетіне арнайы термограф лентасы
киіледі. Лента бетінде горизонтальді - температура сызықтары (1
°С) мен вертикальді - уақыт сызықтары (15 минут) торы бар. Сия
қалам, уақытгың ӛтуімен бірге лента бетіне ауа температурасының
тербелуіне сәйкес сызық сызып отырады.
ТЕХНОСФЕРА ( гр. techne — ӛнер, шеберлік, sphaira — шар ) —
адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы
сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың
тікелей және жанама әсері арқылы ӛзгертілген биосфера бӛлігі.
Кейде
бұл
терминнің
мынадай
анықтамасы
кездеседі:
шаруашылық-ӛндірістік
айналымдарды энергия ағыны
мен
заттектердің
табиғи
алмасуынан
оқшаулау
тұрғысында
шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды
пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык
аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі (Дедю,1989).
ТІКЕ РАДИАЦИЯ ағыны деп. жер бетіне Күн дискісінен және
радиусы 5" күн аймағынан параллель сәулер түрінде келетін
сәулелі энергияны айтады.
ТОЗАҢДЫ ТАЛДАУ (Палинологический (спорово-пыльцевой)
анализ; гр. palynel — жука қабатты шаң-тозаң, logos — ілім ) —
геологиялық географиялықзерттеулер
(стратиграфия, палеогеография, геоморфология, океанология, архео
логия, гляциология, тағы басқа) кезінде кең қолданылатын
палеоботаникалық
әдістердің
бірі.
Бұл
әдістің
әсіресе
палеофлористика үшін мәні зор. Атап айтқаңда, әр түрлі
ботаникалық-географиялық белдемдердің (тундраның, тайганың,
даланың,
шӛлдің,
саванналардың,
тағы
басқа)
қазіргі
заманғы ӛсімдіктерінің шығу тегін және қалыптасуын айқындауда
қолданылады. Тозаңды талдаудың зерттеу объектілеріне жер беті
ӛсімдіктсрінің микроскопиялық қалдықтары — тозандары мен
споралары жатады. Ӛсімдіктер органдарында кӛп мӛлшерде дами
отырып тозаңдар мен споралар пісіп жетілгенде сыртқа тӛгіледі де,
ӛндіруші
ӛсімдіктің
айналасындағы
дәуір
қашықтыққа
таралады. Топырақ бетіне немесе суқоймаға түсіп, қабықшасының
ерекше тұрақтылығынан тозаңды дӛндер кәміліп қазынды күйге
ӛтеді. Бұл әдістің иегізін академик В.Н.Сукачев (1880-1967) қалады.
Споралы-тозаңдық әдіс палеогеографияда, әсіресе, ӛткен дәуірдің
палеоклиматы мен палеоландшафтарын зерттеу үшін кең
колданылады. Мұның қазіргі заманғы бір сыпыра экологиялық
проблемаларды
(кӛшетхана
эффектісін,
ормансыздануды,
шӛлденуді, тағы басқа), сондай-ақ қоршаған ортаның ұзақ
мерзімдік географиялық болжау проблемасын шешу кезінде
маңызы зор.
ТОЛҚЫН — ай мен күннің тартылыс
күштерінен,
желдің
әсерінен, атмосфералық қысымныңауытқуларынан, су асты жер
сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме
қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы
ортаның тербелмелі қозғалысы.
ТОПЫРАҚ СУЫ жер беті маңында орналасып, топырақтағы
қуыстарды толтырады. Әдетте бүл су гигроскоп, жарғақ немесе
қылтүтік түрінде болады. Топырақ суының режимі ӛте тұрақсыз,
яғни маусымдык температура ауытқуына тэуелді. Су жаз кезінде
топырақ ысыса толық буланып кетеді, қыста қатып қалады, ал
жауынды мерзімдерде топырақты мол қанықтырады. Шӛлейт
алқаптарда топырақ суы жартылай булану нәтижесінде тұздарға
канығып, аса минералдыға айналады. Топырақ суы толық буланып,
тұздаркристалданған кезде сортаңдар мен сорлар жаралады.
ТОРНАДО — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ
болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа
ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен
басым бӛлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында,
әсіресе Миссисипидің орта ағысында кӛбінесе кӛктем мен жаз
айларында жиі болып тұратын кӛлемі кіші, бірақ әжептәуір күші
бар дауыл.
ТОРРЕС
БҦҒАЗЫ (Torres
Straіt), Жаңа
Гвинея мен Кейп-
Йорк (Австралия) түбегінің аралығында. Үнді (Арафур т.) және
Тынық (Маржанды т.) мұхиттарды жалғастырады. Ұзындығы 74
км, ені 150 – 240 км, фарватеріндегі ең таяз жері 7,4 м. Кеме
жүзуіне кедергі келтіретін аралдар, жартастар, су астындағы тау
жоталары кӛп. Күшті толысу ағыстары ӛтеді. Бұғазды ашқан испан
теңізшісі Л.Торрестің құрметіне аталған.
ТӚБЕ – археологияда ежелгі
қоныстар
мен
ортағасырлық
қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды
биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан
мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай тӛбелер үйлердің жарамсыз
бӛлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше
дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен
ӛзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт тӛбелерге әр түрлі ат
беруі мүмкін. Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін
Ақтӛбе, Қаратӛбе, Алтынтӛбе, Күлтӛбе, Тӛрткүлтӛбе, Жуантӛбе
деп келетін кӛптеген тӛбелер бір кездегі мекендердің орындары.
Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне
қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартӛбенің
биіктігі 18 м-ден астам. Осындай тӛбелердің кӛпшілігі жазба
деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі
анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтӛбе, Қарашық
қаласының орны – Тӛрткүлтӛбе, ежелгі Сауранның орны –
Қаратӛбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де
тӛбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітӛбе, Мыңтӛбе, Бестӛбе,
т.б. Мұндай Тӛбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары
болады. Бұл Тӛбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба
жұмыстары жүргізілмеген тӛбелерді тегістеуге, оның үстінен жол
жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған.
ТРЕТЬЯКОВ ЖАУЫН ӚЛШЕГІШІ - екі жауынжинағыш
ыдыстан, желқаққыштан және ӛлшегіш стаканнан тұрады.
Жауынжинағыш ыдыстың қабылдау ауданы 200 см
2
, биіктігі 40 см
болады. Желмен үрленіп және буланып кетпес үшін ыдыстың ішіне
конусты диафрагма жапсырылған. Оган жазғы маусымда воронка
кигізіледі. Ыдыстың беткі ернеуі жерден 2 м биікте орналасады.
Жауынӛлшегіштің
желқаққышы
бір-біріне
шынжырлармен
жалғасқан 16 трапеция сипатты иілген планкадан тұрады. Бұл
желқаққыш ыдыстың айналасында болатын ауа иірімін ӛшіреді.
Жауын мӛлшері біздің аймақта тәулігіне 2 рет - 7°° және 19°°
сағатқа жақын бақылау мерзімдерінде ӛлшенеді. Станциядағы
жауынжинағыш ыдыс қақпақпен жабылып метеоалаңға апарылады
да, однағы ыдыспен ауыстырылады. Ауыстырылған ыдысқа қақпақ
кигізіліп метеокабинетке әкелінеді де, оның ішіндегі жаңбыр суы
(қар болса еріген соң) ӛлшегіш стаканға құйылып ӛлшенеді.
Ӛлшегіш стаканда 100 бӛлім сызығы бар. Шкаланың бӛлім бағасы
2 см
3
-қа тең. Ол 200 см
2
қабылдау ауданына сәйкестегенде 0,1 мм
су бағанына тең болады, ягғни шкаланың 1 бӛлімі 0,1 мм-ге, 10
белімі 1 мм-ге тең. Қатты күйдегі жауынды эдейі ысытып ерітуге
болмайды, ол булануға әкеп соғады. Ӛлшенген жауын мӛлшері
арнайы түзету енгізілгеннен кейін КМ-1 кітапшасына тіркеледі.
Жауын суының жауынжинағыш ыдысқа жағылуына байланысты
енгізілетін аспаптық түзету мәндері мынадай: мӛлшері 0,1 мм-ден
жоғары қатты жауын үшін - + 0,1 мм; мӛлшері 0,1 мм-ге дейінгі
сұйық және аралас жауын үшін - +0,1 мм, ал мӛлшері 0,1 мм-ден
жоғары болса - +0,2 мм.
ТРИАНГУЛЯЦИЯ (лат. traіngulum – үшбұрыш) — геодезиялық
тірек пункттер (нүктелер) торын құру әдістерінің бірі және осы
әдістермен жасалған сол тордың ӛзі. Ол бір-бірімен жалғасып
жатқан үшбұрыштар жүйесінен немесе тордан құралады.
Триангуляцияда берілген координаттар жүйесінде үшбұрыштар
тӛбелерінің орны анықталады. Ол үшін бастапқы үшбұрыштың
қабырғасының біреуі жүргізілген ӛлшеулер нәтижесі бойынша
есептеледі және әрбір үшбұрыштың үш бұрышы ӛлшенеді. Егер
бастапқы үшбұрыштың қабырғасы тікелей ӛлшеулер арқылы
анықталса, онда ол базистік қабырға деп аталады. Триангуляция
тәсілі Жер пішіні мен мӛлшерін анықтау, жер қыртысының
горизонталь қозғалыстарын зерттеу; әр түрлі топографиялық
түсірулер мен геодезиялық жұмыстарды негіздеу, т.б. үшін кеңінен
қолданылады.
ТРОМБ (фр. trombe, итал. tromba — қарақұйын, сӛзбе-сӛз —
құбыр) — найзағайлы бұлт астында, құрлық үстінде қалыптасатын
ӛте күшті құйын. Тромб диаметрі ондаған м-ге жетеді. Тромб
желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені
жүздеген
м-ге
жетуі
мүмкін.
Ауа
райы
ыстық
кезде атмосфераның тұрақсыз
стратификациясы
кезінде
қалыптасады, АҚШ-та торнадо деп аталады.
ТРОПОСФЕРА (грек. τποπόσ – бұрылыс, ӛзгеріс және συαιπα –
шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең
тӛменгі қабаты. Қалыңдығы жер бетінен қызған ауаның жоғары
ӛрлеген
ағындарының
кӛтерілетін
биіктігімен
анықталады. Экваторлық ендіктерде ауа 16 – 17 км, қоңыржай
белдеуде 10 – 11 км, полюстік аймақтарда 7 – 8 км биіктікке
кӛтеріледі. Осы биіктіктер Тропосфераның жоғарғы шекарасын
белгілейді. Орташа қалыңдығы 10 – 11 км. Үстіндегі
стратосферадан жұқа тропопауза ӛтпелі қабатымен бӛлінген.
Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында ауа Жердің тартылыс
күшіне және газдардың сығылуына байланысты барынша тығыз
орналасады. Атмосфераның бүкіл массасының 80%-ы және су буы
түгелдей Тропосферада шоғырланған. Әр 100 м-ге биіктеген сайын
ауаның температурасы орта есеппен 0,6С-қа тӛмендейді. Осы
қабатта ауа райы мен климат түзуші процестер ӛтеді. Жерге іргелес
ең тӛменгі қабатында ауаның температурасы тәулік ішінде және
жыл бойы ӛзгеріп отырады. Тропосфера түгелдей Жердің
географиялық қабығының құрамына кіреді.
ТҦМАН — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су
тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының
сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы кӛріну
қашықтығы оны құраушы түйіршік мӛлшеріне және бірлік
кӛлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман
тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін,
су жиынтығының мӛлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды.
Физикалық генезис бойынша тұман суыну тұманы және булану
тұманы; пайда болуының синоптиктик жағдайына қарай:
массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну
тұманы ӛз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде
пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның
құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман
болып бӛлінеді. Тұман кӛлік қатынасына үлкен бӛгет жасайды.
Ғылыми-зертттеу жұмыстарында, химиялық ӛндірісте, жылу
техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.
ТҤБЕК — теңізге немесе кӛлге сұғына орналасқан құрлықтың
бӛлігі. Түбектер ӛзінің пайда болуы жӛніндӛ материктік, аралдық
болып екі турге бӛлінеді: 1) материктік түбектерге —
Апеннин, Пиреней тағы
басқалар. түбектер жатады. Себебі
олар Еуропа материгімен бірдей уаңытта пайда болды; 2) аралдық
түбектерге — Үндістан түбегі жатады. Себебі ол Азия материгі
құрылғанда, оның оңтүстігінде орналасқан бӛлек құрлық — арал
болды; кейінгі геологиялық дәуірлерде ғана ол материкпен
жалғасты.
ТҦРАН ОЙПАТЫ, Тұран жазығы – Орталық Азиядағы кең жазық
аумақ. Қазақстанға қарасты солтүстік және орталық бӛліктері шӛл,
шӛлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий
тенізімен, шығысындаСарыарқаның батыс бӛлігімен, солтүстігінде
Торғай
үстірті,
оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен,
оңтүстігінде Қызылқұм шӛлімен
шектеседі.
Бұл
аралықта
Қазақстанның барлық шӛлдері жатыр. Ойпаттың басым бӛлігі
Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бӛлігінің абс.
биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық
саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, кӛлбеу
жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары
(Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр.
Тақтаның тӛм. қабаты құрылысынан кӛршілес Орал, Тянь-Шань
және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде
ойыстар кӛп кездеседі. Қазақстанның құрлық бӛлігіндегі ең
терең Қарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық ӛңірлерінің (Каспий
ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шӛгінді
жыныстар жапқан. Қазақстандық Тұран Ойпаты' солтүстік бӛлігінің
климаты тым континентті. Қысы суық, ызғарлы, қар жамылғысы
тұрақты және оның қалыңдығы 15 – 25 см. Қатты желдер жиі
болып тұрады. Оның орташа жылд. 5,5 – 6,5 м/с. Жауын-
шашынның жылдық орташа мӛлшері 150 – 300 мм. Қаңтар
айындағы ауа темп-расы –15 – 17ӘС, шілдеде 22 – 24ӘС. Ойпат
оңтүстігінің климаты континенттік. Мұнда қыс біршама жылы. Қар
жамылғысының қалыңд. 10 – 15 см, қиыр оңтүстігінде тұрақты қар
жамылғысы болмайды. Қаңтар айындағы ауа темп-расы –5 – 11ӘС,
жаз айлары ӛте ыстық әрі қуаң. Шілдедегі ауаның жылдық орташа
темп-расы 26 – 29ӘС. Жазда құм беті 80ӘС-қа дейін қызады.
Жауын-шашынның жылдық орташа мӛлш. 70 – 180 мм аралығында.
Ойпаттың осы оңтүстік, оңтүстік-батыс бӛлігіндегі (Сырдария ӛңірі
және Қаратау жотасының батыс ӛңірі) кӛктем және күз айларында
болатын жауын-шашын эфемерлі және эфемероидті ӛсімдіктердің
ӛсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс
бӛлігінде керісінше, мұнда жауын-шашын кӛктемде аз, жазда
молырақ түседі де жусан, еркекшӛп, т.б. астық тұқымдастардың
ӛсуіне
қолайлы
келеді.
Солтүстік
белдемшедегі
ауа
температурасының 10ӘС-тан жоғары жиынтығы 3200 – 3700ӘС
болса, оңтүстіктің шӛлейтті белдемшелерінде ол 4600ӘС-қа жетеді.
Су бетінен булану шамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай (800 –
2000 мм-ге дейін) ӛседі. Тұран Ойпатының басым бӛлігі шӛлейтті
және шӛлді белдемде жатқандықтан топырақ жамылғысының
басым бӛлігін сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмдақты сұр
топырақтар құрайды. Қиыр солтүстігінің ғана топырағы қоңыр,
бозғылт қоңыр болып келеді. Шӛлді ӛңірлердің ойдым-ойдым
тастақты тұстарында тақырлар мен шұратты (оазисті) жерлер
кездеседі.
Ӛсімдік жамылғысын негізінен жусанды-эфемерлі ӛсімдіктер
құрайды.
Гидрология ірі ӛзен-кӛл жағалауларында бұта аралас
шілікті-талды тоғай қалыптасқан. Соңғы 20 жыл ішінде Арал тенізі
деңгейінің тартылуы Тұран Ойпаты табиғатының қуаң шӛлдік
сипатын күшейте түсуде. Ойпаттың ұлан-байтақ аума5ыннда
бірнеше жер асты суының мол қоры анықталды.
Олар:
Бетпақдала артезиан алабы;
Қызылқұм артезиан алабы;
Торғай артезиан алабы;
Үстірт артезиан алабы, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |