Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет4/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

АУА  ТЕМПЕРАТУРАСЫ  –  атмосфера-ның  жылулық  күйін 
сипаттайтын  метеорологиялық  ӛлшемдердің  бірі.  А.  т.  метеорол. 
ст-ларда  жерден  2  м  биіктікте,  күн  сәулесі  түспейтін  арнаулы 
үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда 
аспирациялық  термометрімен  ӛлшенеді.  А.  т.  ауа  райына 
байланысты  үнемі  ӛзгеріп  отырады.  Жер  шарында  А.  т-ның 
таралуы  –  Күн  радиациясының  жер  бетіне  жетуіне  және  сіңуіне, 
жер  бедерінің  сипатына  және  сәуле  шашуына,  сондай-ақ  жалпы 
атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең тӛм. 
темп-ра  Антарктидада  («Восток»  ст-сында  –  89,2°С),  және 
Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. темп-ра (58°С) әл-Әзизияда 
(Ливия)  тіркелген.  Тропосфера  қабатының  жоғ.  шекарасында  (12 
км) темп-ра – 70°С-қа дейін тӛмендейді. Ал стратосферада (13 – 50 
км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа темп-расы 
5°С-қа дейін кӛтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда темп-ра тӛмендейді. 
Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5  – 
0,7°С-қа тӛмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат 
15-те,  ең  тӛм.  нүктесі  күн  шыққаннан  кейін  45  мин  ӛткен  кезде 
байқалады.  Қазақстанда  қаңтардың  орташа  темп-расы  солт-те 
(Петропавл 
қ.)  –  19С,  оңт-те  (Шымкент  қ.)  –  4°С. 
Республикамыздың  шығысында  (Марқакӛл  кӛлі  маңында)  қыстың 

кейбір  күндері  ауаның  темп-расы  –  55°С-қа  тӛмендейді.  Шілде 
айының орташа темп-расы Қазақстанның кӛпшілік жерінде ең жоғ. 
темп-ра 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді. 
АУМАҚ -  құрлық  бетінің  ӛзіне  тән  табиғи,  сондай-ақ  адамның 
карекеті  нәтижесінде  жасалған  қасиетгері  мен  ресурстары  бар 
бӛлігі. 
Ресурстардың 
ерекше 
түрлерінің 
болуымен 
— 
орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, 
табиғи ландшафтының ӛзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу 
дәрежесімен,  "қоғам  қарекетінің  кеңістіктік  базисі"  рӛлін  атқару 
қабілеттілігімен сипатталады. 
АУЫЛ —  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  ежелден  қалыптасқан 
қауымдастық. Қазақ халқындағы ―Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі 
—  тірлік‖  деген  мақал  ауылдың этникалық, экономикалықжәне 
рухани  маңыздылығын  білдіреді.  Мен  даланы  қоныс  еткен 
кӛшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. 
Олардың  әлеуметтік  ортасы  да  адамға  қолайлы  болуы  қажет.  Бұл 
қажеттілік  жеті  аталық  үрдіс  деп  аталатын  қоғамдық  құрылымды 
тудырды.  Дәстүрлі  қазақ  ауылы  бір  атадан  тараған  (аздаған  кірме, 
қоңсыларды  қоспағанда) ру мүшелерінен  тұрды.  Ауыл  ішінде 
негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс 
дегеніміз  экзогамиялық некенің ең  қатты  сақталатын  түріне 
жатады.  Фольклордағы  ғашықтар Еңлік  пен  Кебек, Қалқаман  мен 
Мамыр осы  дәстүрді  бұзғаны  үшін  ӛлім  жазасына  кесілген.  Мұны 
басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. 
Алайда,  рулық  экзогамияның  жағымды  жақтары  да  айқын. 
Осындай 
некелік 
қатынастар 
аралары 
жүздеген-мыңдаған 
шақырым  ауылдарды  бір-біріне  жақындатты,  туысқан  етті.  ―Құда 
—  мың  жылдық‖  деген  ұғым  осыдан  пайда  болған.  Қазақ  тілінде 
диалектілердің  жоқтығы  да  осыдан.  Ауылдар  арасындағы 
ынтымақтастықтың  артуы этностық тұтастықты  нығайтып,  бүкіл 
ұлт  адамдарын  бір  әулет  сияқты  туыстастырды  (―Қарға  тамырлы 
қазақ‖).  Ауылдың  әлеуметтік  құрылымына  келсек,  онда  батыстық 
тұрғыдан  қаралып  жүрген  тап,  тап  күресі,  феодал,  шаруа,  қанау 
тәрізді  ұғымдардың  мәнсіздігін  аңғарамыз.  Біріншіден,  рулық-
ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке 
меншік  дамымаған.  Ол  рудың  меншігі  болып  есептелген.  Бай 
ауылдастардың  малы  да  бүкіл  ауыл  мүшелерінің  игілігі  ретінде 
табыс  кӛзіне  айналған.  Тіпті,  басқа  ауылдан  түскен  қалыңдық  та 
бүкіл  ауылдың  келіні  болып  есептелген.  Әмеңгерлік,  жесір  дауы 

сияқты  әлеуметтік  құбылыстардың  да  тамыры  осында.  Екіншіден, 
ауылдар  арасындағы  әр  түрлі  қайшылықтар  мен  күрделі 
мәселелерді  ауылдың  беделді  адамдары  —  ақсақалдар  мен  билер 
реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылына 5 — 6 түтіннен 10 — 15-ке 
дейін шаңырақ құрған.  Бұл  ортақ  шаруашылық  жүргізу  мүддесіне 
байланысты  пайда  болған.  Кӛп  малды  бір  жерде  шоғырландырып 
ұстау  шаруашылық  үшін  тиімсіз.  Қазақ  ауылын  үлкен  отбасылық 
патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды. Себебі, 
мүмкіндігі  бар  адамдар  ер  жеткен  балаларына  енші  беріп  жеке 
шығарған  ауылдан  ауыл  бӛлініп,  кӛрші  орналасқан.  Кенже  ұл 
әкесінің,  ―қара  шаңырақтың‖  мұрагері  болып  есептелген.
 
Әрбір 
ауыл  кӛшпелі мектеп,  жалдамалы  молда  (кейінірек  мұғалім) 
ұстаған,  кілем,  алаша,  басқұр,  шекпен  т.б.  тоқитын,  үйшілік, 
зергерлік,  ұсталық  ететін  қолӛнершілер  болған.  Ауыл  ән  мен 
күйдің,  ӛлең  мен  жырдың,  ақындар  айтысы  мен  шешендер 
сайысының  орталығы  болып,  ұлттық  дәстүрдің  тоғысқан  жері, 
халық  ӛнерінің  нағыз  бастауы  болды.  Қазақ  ауылнда  үйлер  алқа-
қотан  тігіледі,  мал  қоралау,  ӛргізу  үшін,  ауылдың  бір  жақ  шеті 
ашық  қалдырылады.  Ауыл  кӛрінісіне  тән  нәрсе:  шұрқыраған  
жылқы,  маңыраған қой,  боздаған бота,  желіде  тізілген құлын, 
кӛгенделген  қозы-лақ,  асыр  салған  құлын-тай  болып  келеді.  Ауыл 
маңында міндетті түрде бұлақ жемесе құдық, оның басында қауға, 
үлкен ағаш науа болады. Ауылдың кӛшіп-қонудағы басты мақсаты 
—  мал  тойындыру.  Қоныс  неғұрлым  жиі  ауыстырылып,  ӛріс 
жаңғырып отырса, мал соғұрлым  күйлі, семіз, сүтті болады. Қазақ 
жылдың  тӛрт  маусымын  ӛрісінің  сонылығына,  судың  молдығына 
қарай:  ӛре  жимас,  майқұйрық,  ақ  бастау,  егінді  бұлақ,  қопалы, 
миялы  т.б.  жіктеген.  Табиғи  апаттар  (қуаңшылық, жұт,  індеттер), 
әлеум.  және  саяси  аласапыран  оқиғалар  (сыртқы  жаугершілік,  ру-
тайпа  аралық  тартыс,  елдік  бірліктің  әлсіреуі  т.т.)  адамдық 
топтасудың  бұл  түрін  күрт  ӛзгерген  ортада  дәрменсіз  етті.  19 
ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін 
күйзеліске  ұшыратқаны  белгілі.  Ол  батыстық  (ресейлік)  қысымға 
шыдай  алмады.  Осының  нәтижесінде  тозу,  қақтығыс,  мәдени 
дағдарыс  кӛріністері  ауылдық-тектік  қоғамды  жайлай  бастады. 
1856  —  68  жылдары  жүргізілген  әкімшілік  реформаның 
нәтижесінде  қазақ  жеріндегі  ауылдық  басқару  болыстық  жүйемен 
алмастырылды.  Бұл  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қоғамның  ӛзіндік 
реттеу  тетіктерін  жойып,  сырттан  таңылған  жүйеге  кӛшуіне  әкеп 

соқты.  Қазақ  ауылы  отарлық  типінің  мал  ӛнімдерін  ӛндіретін 
шикізаттық  ұжымдарына  айналды.  Қазан  тӛңкерісіне  (1917)  дейін 
қазақ  жеріндегі  кӛшпелі  ел  мен  отырықшы  халық  мекендерінің 
типінде  үлкен  айырмашылық  болатын.  Кеңес  ӛкіметінің  кезінде 
кӛшпелі  ауылдарды  жаппай  отырықшылыққа  бейімдеп  колхоз, 
совхоздарға  біріктірді.  Бұл  қазақ  ҚР  ауылдарын  зор,  қасіретке 
ұшыратты. 
Ауылдың 
қоныс 
жүйесі 
ретінде 
қаладан 
айырмашылығы  —  тұрғындарының  орналасу  тығыздығы  тӛмен 
және саны аз. Еңбек және демалыс түрлері ӛзгеріске аз ұшырайды. 
Мұндағы  еңбек  табиғат  ырқына,  яғни  жыл  мезгілдерінің  ауысып 
отыруына 
негізделген. 
Қаламен 
салыстырғанда 
ауыл 
тұрғындарының  жұмыспен  қамтылу  дәрежесі  тӛмен,  бірақ  кәсіп 
пен  тұрмыстың  мазмұндық  бірлігі  жоғары;  еңбек  ету  жағдайлары 
ауыр,  инфрақұрылымы  нашар  дамыған.  Ауылдағы  жанұялар 
әлеуметтік 
және 
ұлттық 
жағынан 
біртекті 
болып 
келеді. Әлеуметтік бақылау  дәрежесі  қаламен  салыстырғанда 
жоғары,  себебі  адамдардың  ӛзара  қарым-қатынастары  әдет-
ғұрыптарға,  салт-дәстүрлерге  қатаң  негізделген.  Отырықшылану 
кезінде  тарихи  қалыптасқан  кӛшпелі  ауылдар  жүйесі  біржола 
бұзылып,  оның  отырықшы  жаңа  елді  мекендер  бойынша  топтаса 
қоныстануы  пайда  болды.  Осы  шағын  елді  мекендер  (олардың 
ішінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтындары да) ауыл атала 
бастады.  Социалдық  жоспарлы экономиканың күйреуі,  оның 
орнына  жаңа  нарықтық  экономиканың  ірге  тебуіне  байланысты 
тұрғын жұрттың қалаға кӛші-қонының күшеюі салдарынан ауылдар 
саны  азаюда.  Қазақстанда  1997  жылы  ауылдардың  жалпы  саны 
8172, оның ішінде 1 мыңнан астам адам қоныстанған ауылдар 1624 
болды. 
АЭРОСТАТ (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) —
 ауадан жеңіл  ұшу  аппараты.  Оның  кетерілу  күші  қабыққа 
(баллонға)  үрленген, атмосфералық  ауаға қарағанда  жеңіл  газ 
(сутегі, гелий,  жылытылған  ауа)  арқылы  жасалады.  Аэростат  еркін 
ұшатын  (басқарылатын  немесе  басқарылмайтын)  және  байлаулы 
болып  бӛлінеді.  Басқарылатын  Аэростатқа  дирижабльдер  жатады. 
Соғыс мақсаты үшін еркін ұшатын (экипажбен ұшатын, автоматтық 
радиозондтар,  ұшкышшарлар  және  т.б.)  және  байлаулы 
Аэростаттар,  атап  айтқанда,  артиллерия  атысын  дәлдеу,  әуе 
кедергілерін 
жасауға 
арналған 
аэростаттар 
қолданылады. 

Стратосфераға 
 ұшыру 
үшін 
қолданылатын 
аэростатты стратостаттар деп атайды. 
 
Ә 
 
ӘЛЕУМЕТТІК 
ГЕОГРАФИЯ 

адамдар 
ӛмірі 
ұйымдастырылуының  кеңістіктік  процестері  мен  нысандарын,  ең 
алдымен,  олардың  еңбек  етуі,  тұрмысы,  демалуы,  жеке  тұлғаның 
дамуы  мен  адам  ӛмірін  ұдайы  жалғастыру  жағдайлары  жағынан 
зерттейтін  әлеуметтік-экономикалық  географияның  тармағы. 
Әлеуметтік  географиялық  зерттеулердің  ең  шекті  нысаны  бүкіл 
адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың 
әр  түрлі  аумактык  қауымдастықтары,  оның  ішінде,  олардың 
дамуының  тарихи  ерекшеліктері,  құрылымы,  ӛндіріспен  және 
коршаған  ортамен  байланысы,  сондай-ақ  әр  түрлі  аумақтық 
қауымдастықтардың  арасындағы  байланыстары,  таптық,  ұлттық, 
мамандық  және  баска  белгілері  бойынша  бӛлінетін  осы 
қауымдастықтың  ішіндегі  халықтың  әр  түрлі  топтарының 
кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары
 
ӘМУДАРИЯ – Орталық  Азиядағы  ең  ірі  және  суы  мол 
ӛзен.Пяндж және Вахш ӛзендерінің 
қосылған 
жерінен Әмудария(ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп 
аталады.Ұзындығы 
1415 
км (Пяндж 
ӛзенінің 
бастауынан 
есептегенде  2540  км), алабының  ауданы  309  мың  км2.  Әмудария 
Гиндукуштың  солтүстік  беткейінен  бастау  алады.  Негізгі 
салалары: Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Кафирниган,Сур
хандария, Құндыз, Шерабад.  Жазыққа  шыққаннан  кейін  1100  км 
бойы Тұран ойпатының шӛлді аймағын басып ағады. Бұл бӛлігінде 
ӛзенге  бір  де  бір  сала  қосылмайды.  Арал  теңізіне  құяр  жерінде 
тарамданып  (Талдық,  Қазақдария,  т.б.)  кетеді  де  зор  ауқымды 
атырау  (7000  км2)  құрайды.  Ағыны  таудағы  мұз  бен  қар  суынан 
түзіледі.  Ӛзен  кӛктем  мен  жазда  тасиды  және  ӛте  лайлы  болып 
келеді.  Ең  тӛмен  деңгейі  қаңтар  мен  ақпан  айларына  келеді. 
Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м-ге дейін барады. Булануға, 
сіңуге 
және 
жер 
суаруға 
пайдалануына 
байланысты Нӛкістің тұсына барғанда ағын 40%-ға азаяды. Тӛменгі 
ағысында  2  –  2,5  ай  қатады.  Арнасы  жұмсақ  тау  жыныстарынан 
құралған. Әмудариядан Қарақұм, Әму – Бұхара,  Қаршы  каналдары 
бастау  алады.  Тӛменгі  саласында  балық  шаруашылығы  дамыған. 

 Чарджоу қаласы  тұсынан  бастап  кеме  жүзе  алады.  Әмудария 
бойындағы  ірі  қалалар: Термез, Керкі, Нӛкіс.  Ӛзен  аңғарындағы 
 Қызылқұм   және   Әмудария қорықтарындақабан,  шиебӛрі,  қоян, 
қырғауыл, Бұхара елігі, 
қарақұйрық, 
т.б. 
сирек 
кездесетін 
жануарлар мекендейді.  
 
Б 
 
БАЗАЛЬТ –  қоңырқай  түсті эффузивті магмалық тау  жынысы. 
Құрамындағы  кремнийдиоксидінің (SіО2) мӛлшері бойынша (42 – 
55%) 
негізді 
жыныстарға 
жатады. 
Базальттың 
жер 
қойнауында кристалданған тектесі  – габбро.  Негізді  плагиоклаз 
(әдетте 
 лабродор 
 немесе 
битовнит), 
 авгит, 
 оливин минералдарынан тұрады, 
кейде 
 магнетит 
 және 
 ильменитминералдары кездеседі. 
Базальт мұхит түбін, 
құрлықтардағы 
платформалық 
құрылымдардың 
ауқымды 
аймақтарын  (ауданы  мыңдаған  шаршы  км-мен  ӛлшенетін  трапп 
бүркемелері) кӛмкеріп жатады, қатпарлы құрылымды ӛңірлерде де 
жиі  ұшырасады.  Базальт бетонӛндірісінде,  құнды  құрылыс  және 
безендіру материалдары ретінде қолданылады. 
БАЛҚАШ – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы 
тұйық 
кӛл. 
Аумағы 
жӛнінен Каспий,Арал теңіздерінен 
кейінгі 
үшінші 
орында. Алматы, 
 Жамбыл, Қарағандыоблыстарының 
шегінде, 
Балқаш-Алакӛл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. 
Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, 
ені  шығыс  бӛлігінде  9  –  19  км,  батыс  бӛлігінде  74  км-ге  жетеді. 
Суының кӛлемі шамамен 100  – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 
мың  км2-ге  жуық.  Орташа  тереңдігі  6  м,  ең  терең  жері  26  м. 
Балқаштың  батыс  бӛлігіне  Іле  (жер  бетімен  келетін  судың  78,2%-
ын  береді),  шығыс  бӛлігіне  Қаратал  (15,1%),  Лепсі  (5,4%),  Ақсу 
(0,43%)  ӛзендері  құяды.  Солтүстіктен  ағатын Аягӛз,   Бақанас, 
 Тоқырауын, Жәмші,Мойынты,  т.б.  ӛзендер  әдетте  кӛлге  жетпей 
сарқылады. Кӛлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы 
тау  сілемдерімен  ұштасып  жатқандықтан,  биік  жарқабақ  болып 
келеді  және  кӛптеген  жыра-жылғамен  тілімденген,  ал  оңтүстік 
жағалауы 
– 
суы 
біртіндеп 
тартылған 
кезде 
жиналған 
 шӛгінділерден пайда  болған  құмды  ойпат.  Кӛлдің  кӛптеген 
шығанақ,  қойнаулары  бар,  аралдары  аз,  үлкендері: Басарал, 
Тасарал.  Балқаш  туралы  алғашқы  жазба  деректер  13  ғасырдан 

белгілі.  Кӛлді  тиянақты  зерттеу  17  ғасырда  басталды.  Орыс 
картографы  және  тарихшысы Семен  Ремезов 1695  жылы «Бүкіл 
Сібір жері мен қалаларының сызбалары»(«Чертежи всех сибирских 
городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз»деген атаумен 
кӛрсеткен.  18  ғасырдың  басында  кӛлде  геодезиялық  ӛлшеу 
жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және 
швед 
картографы Иоганн 
Ренаттың (Жоңғарияның картасын 
жасаған) 
карталарында 
бейнеленді. Пауль 
Рихтгофен (1877) 
мен Александр  Гумбольдтың (1844)  еңбектерінде  Балқаш  туралы 
деректер  бар.  Балқашты  зерттеуге Ресей ғалымдары  да  (Иван 
Мушкетов, 
Лев 
Берг, 
т.б.) 
ат 
салысты. Қазақтың ұлы 
ғалымы Шоқан  Уәлихановта Балқаш алабын  зерттеп,  сипаттаған. 
1920  жылдан  бастап  Балқаш  кӛлін  кешенді  зерттеу  басталды, 
кӛптеген  экспедициялар  ұйымдастырылды.  Кӛлдің  экологиялық 
жағдайын,  суының  химиялық  құрамын,  ӛсімдік,  жануарлар 
дүниесін,  алабының  физикалық-географиялық  сипатын  зерттеумен 
1970  –  90  жылдары  ххҚазақстан  Ғылым  академиясының 
институттары,  Қазақ  балық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 
институты, 
Қазақ 
ххгидрометеорологияъъ 
ғылыми-зерттеу 
институты,  бірнеше  жобалау  институттары,  т.б.  айналысты.  Бұл 
жұмыстардың  нәтижесінде  кӛлдің  табиғи  орнықтылығын  сақтап 
қалуға  бағытталған  нақты  шаралар  белгіленді,  олардың  біразы 
жүзеге  асырылып,  кӛл  деңгейінің  құлдырауы  тоқтады.  Кӛл  шӛл 
және  шӛлейт  климаттық  белдеуде  орналасқан.  Қаңтардағы  орташа 
температура  –15  –  17
0
С,  шілденің  орташа  температурасы  24
0
С. 
Жауын-шашынның  кӛп  жылдық  орташа  мӛлшері  120  мм.  Ауаның 
салыстырмалы  ылғалдылығы  55  –  66%,  желдің  жылдық  орташа 
жылдамдығы  4,5  –  4,8  м/с.  Жел  кӛлдің  батыс  бӛлігінде  кӛбінесе, 
солтүстіктен,  шығысында  –  солтүстік-шығыстан  соғады.  Осы 
себепті  кӛлде  үнемі  күшті  толқын  болады.  Жаздағы  булану  ауа 
райына  байланысты  950  мм-ден  1200  мм-ге  дейін  ауытқиды.  Кӛл 
беті  кӛбіне  қарашаның  аяғында  қатып,  сәуірдің  ортасында  мұзы 
ериді.Мұздың қалыңдығы кей  жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы 
мұздықтар  еріген  кезде  (маусым  –  шілде)  су  деңгейі  біраз 
кӛтеріледі.  Кӛп  жылдық  су  деңгейі  тербелісінің  мӛлшері  үш 
метрден асады. 20 ғасырда Балқаш кӛлінің деңгейі 1908 және 1961 
жылы кӛтеріліп, 1946 және 1987 жылы тӛмендегені байқалды. 1970 
жылдан  бері  Іле  ӛзені  бойында Қапшағай бӛгенінің  салынуына 
байланысты  кӛлдің  табиғи  гидрологиялық  режимі  кӛп  ӛзгеріске 

ұшырады.  Балқаш  –  жартылай  тұщы  кӛл.  Суының  химиялық 
құрамы 
кӛл 
алабының 
гидрографиялық 
ерекшеліктеріне 
байланысты.  Кӛлге  сұғына  еніп  жатқан Сарыесік  түбегі Балқашты 
екіге  бӛледі,  гидрологиялық  және  гидрохимиялық  жағынан  бір-
бірінен  ӛзгеше  батыс  және  шығыс  бӛліктері  ені  3,5 
км Ұзынарал бұғазымен  жалғасады.  Судың  минералдылығы  мен 
тұздылығы  бұл  екі  бӛлікте  екі  түрлі.  Кӛлге  ағып  келетін  судың 
негізін Іле ӛзені құрайтындықтан, батыс бӛлігінің суы тұщы (0,5 – 1 
г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бӛлігінің суы тұздылау (5 – 
6  г/л),  түсі  кӛгілдір,  ашық  кӛк.  Балқаш фаунаға бай.  Кӛл 
түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян 
тәрізділер  тіршілік  етеді.  Батыс  бӛлігі  планктонға  бай.  Кӛлде 
балықтың  20-дан  астам  түрі  бар,  мұның  6  түрі  ежелден  кӛлдің 
ӛзінде  ӛскен  балықтар  (Іле,  Балқаш  кӛкбасы,  Балқаш  алабұғасы
т.б.),  қалғандары  басқа  жақтан  әкелінген  (карп,  аққайран,  шип, 
кӛксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – 
сазан,  кӛксерке,  Балқаш  алабұғасы,  маринка,  аққайран.  Кӛл  суы 
жағалауындағы  ӛнеркәсіп  орындары  (Балқаш  кен-металлургия 
комбинаты,  т.б.)  мен  елді  мекендер  қажетіне  пайдаланылады. 
Жылы  мезгілде  Балқашта  су  кӛлігі  қатынайды.  Басты 
айлақтары: Балқаш, 
Бурылбайтал, 
Бӛрлітӛбе. Балқаш 

 Қарағанды облысындағы 
қала, Мойынты – Ақтоғайтемір 
жол 
бойындағы станса, Балқаш кӛліндегі пристань.  
БАЛАНСОМЕР  -  тӛселме  беттің  радиациялық  балансын 
термоэлектрлік  балансомермен  М-10М  ӛлшейді.  Балансомермен 
жер  бетіне  келетін  және  жер  бетінен  кететін  барлық 
қысқатолқынды  және  ұзынтолқынды  радиациялар  айырмашылығы 
анықталады.  Балансомердің  қабылдағыш  элементі  қара  эмальмен 
боялған екі (астыңғы және үстіңгі) мыс фольгасынан тұрады. Мыс 
фольгаларының 
арасына, 
әрқайсысында 
50 
оралымдық 
термоэлементі  бар  10  термобатарея  орнатылған.  Термобатареялар 
ӛзара  жалғастырылып,  үстіне  мыс  фольгасы  жапсырылып, 
квадратты  тесігі  бар  екі  латун  дискісінің  арасына  орнатылады. 
Латун  дискісінің  сыртына  никельді  пластинкалар  жапсырылған. 
Балансомердің корпусына, ішінен ӛткізгіш сымдар ӛтетін ұстағыш 
темір труба бекітіледі. 
БАРОГРАФ (грекше baros — ауырлық және grapho — жазамын)—
атмосфералық қысымныңӛзгеруін автоматты түрде  үздіксіз  жазып 
отыруға  арналған  құрал. Анероидтық Барографтар  ең  таралған. 

Ол атмосфералық  қысымға сәйкес  пішінін  ӛзгертетін  қатпарлы 
(гофрлі) қорапшалардан, беріліс механизмінен, сағаттық механизмі 
бар  барабаннан  және  қораптан  тұрады.  Қысымның  ӛзгеруі 
барабанға  оралған диаграммалы қағаз лентаға  жазылады.  Барограф 
барабанның толық айналу уақытына қарай тәуліктік Барограф және 
апталық Барограф болып ажыратылады. Атмосфералық қысымның 
ӛзгеру  сипатын  толық  жазып  алу  үшін  микробарографтар 
пайдаланылады 
БАРОМЕТР  (гр.  baros  —  ауырлық  және  metreo  —  ӛлшеймін)  — 
атмосфералық қысымды ӛлшеуге арналған құрал. Ең кӛп таралғаны 
-сынапты  барометрлер.  Олар  ыдыстарының  пішініне  қарай 
табақшалы  (а),  сифонды  (ә)  және  сифонды-табақшалы  (б)  болып 
ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық 
қысымның  барометрлік  түтіктегі  сынап  бағанасы  қысымымен 
теңгерілуіне  негізделген.  Барометрдің  сезгіштігі  —  1  Па. 
Атмосфералық  қысымның  ӛзгерісін  жазу  үшін  барограф 
қолданылады.  Сынапты  барометр,  анероид  және  дифференциалды 
барометрлер  деп  бӛледі.  Құрылысы  бойынша  сынапты  барометр 
шыны аяқты және сифондық болып бӛледі.  
БАРОМЕТРЛІК  НИВЕЛИРЛЕУ  -  барометр  арқылы  жер  бетінің 
белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды ӛлшеп және ауа 
температурасын  ескере  отырып  нүктелердің  биік  айырымын 
анықтау  әдісі.  Үйлесімді  байқау  әдісін  екі  байқаушы  жүргізеді. 
Бастапқы 
нүктеде 
барометрлердің, 
термометрлердің 
және 
сағаттардың  кӛрсеткіштерін  салыстырып,  бір  байқаушы  сонда 
қалады  да,  уақыттың  тең  аралығы  сайын,  мысалы,  30  мин.  сайын 
барометрден,  термометрден  және  сағаттан  есептеу  алады  және 
жазады.  Екінші  байқаушы  анықталатын  нүктелерде  ӛлшеу 
уақытында  осындай  есептеулер  алады  және  жазады.  Биік 
айырымын  есептеу  үшін  бірінші  байқаушының  барометрінің  және 
термометрінің 
кӛрсеткіштері 
екіншінің 
ӛлшеу 
мерзіміне 
интерполяцияланады. 
Аудандарды 
нивелирлегенде 
аудан 
ортасында  таңдалған  станцияда  келіскен  мерзімде  байқаулар 
жүргізіледі,  одан  анықталатын  нүктелерге  дейін  бағытжолдар 
салынады  да,  аспаптардың  кӛрсеткіштерін  тексеру  мақсатымен 
станцияға  қайтып  келеді.  Нивелирлеудің  ең  дәл  әдістерінде 
изобаралық  беттердің  еңістігін  және  температуралық  градиенттің 
ӛзгеруін ескереді. 

БАРОМЕТР-АНЕРОИД - Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты 
түтікке  вертикаль  шкала  орнатса,  қарапайым  сынапты  барометр 
пайда  болады.  Сынапты  барометрдегі  сынап  бағанының  биіктігі  1 
метрге  жуық  әрі  оны  тік  етіп  орнату  немесе  іліп  кою  керек. 
Сондықтан  ондай  барометрді  алып  жүру  қиын  әрі  ыңғайсыз  және 
қауіпті  де,  ӛйткені  сынаптың  буы  -  улы.  Әсіресе  кемеде,  ұшақта, 
барометр ӛте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті 
мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды ӛлшеу үшін 
барометр-анероидтар  (грекше  анероид  -  сұйықсыз)  кеңінен 
колданылады.  Барометр-анероид  беті  толқын  тәрізді  қатпарланған 
дӛңгелек  жұқа  металл  қорапшадан  (1)  тұрады  (1-сурет).  Оның 
ішіндегі  ауа  сорып  шығарылған.  Атмосфералық  қысымның 
әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы 
керіп қояды. Атмосфералық қысым ӛзгергенде қорапшаның кӛлемі 
де ӛзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. 
Мысалы,  атмосфералық  қысым  артқанда  қақпақ  тӛмен  қарай 
майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ 
қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс 
тетігі  (3)  серіппенің  осы  қозғалысын  құралдың  шкаласы  бойымен 
жылжып  отыратын  кӛрсеткішке  (4)  береді.  Шкала  (5)  миллиметр 
сынап  бағанымен  (мм  сын.бағ.),  кейде  килопаскальмен  (103  Па) 
градуирленеді. 
Атмосфералық 
қысым 
атмосфералық 
құбылыстармен  байланысты  болғандықтан,  барометр  шкаласына 
қарап ауа райын да болжауға болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет