Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

КАЙНОЗОЙ  ЭРАСЫ –  Жер  дамуының  соңғы  60-70  млн.  жылын 
қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) 
эрасы;  үш  кезеңге  — палеоген неоген кезеңдеріне  және  тӛрттік 
кезеңге — жіктеледі. 
КАЛЬДЕРА (испанша:  caldera—  үлкен  қазан) —  жанартау 
тӛбесіндегі  беткейлері  тік  және  сатылы  сопақша  немесе  дӛңгелек 
ойыс.  Ені  20  км  және  одан  да  кең,  тереңдігі  жүздеген  м-ге  дейін 
болады. Кальдераны опырылмалы және жарылмалы деп бӛледі. Ең 
үлкең кальдера Асо жанартауында  (Жапония) - 375 км Кальдерада 
кӛлдер  жиі  пайда  болады.  Кальдера
 
—   вулканмен салыстырғанда 
шамадан  тыс  үлкен,  вулканның  тӛбесіндегі  сопақ,  дӛңгелек  қазан 

тәріздес  шұңқыр.  Ені  10—20  км-ге,  тереңдігі  бірнеше  жүз  метрге 
кетеді. Кальдера әр түрлі жолмен пайда болуы мүмкін: 
1.
 
жарылыс  кальдерасы  —  газ  жарылысының  ӛсерінен 
кеңіген,  вулкан  кӛмейінің  жоғарғы  ернеуі  (Япониядағы Бандай 
Сана кальдерасы); 
2.
 
кӛбінесе  лавалық  вулкандарға  тән  құлау  кальдералары 
(Гавай аралдары Гавай аралдарындағы Мауна Лоа кальдерасы); 
3.
 
жер 
бетіндегі 
ағын 
сулардың эрозиясынан пайда 
болатын,  бірақ  ӛте  сирек  кездесетін,  эрозиялық  кальдералар 
(Пальма аралының кальдерасы). 
КАЛЬЦИТ– карбонаттар 
 класының 
минералдар 
минералы. 
 Химиялық   формуласы    CaCO3,    құрамында  аздаған  Mg,  Fe,  Mn, 
Zn,  Cо,  Sr,  Ba  қоспалары  болады.  Тригональдық  сингонияда 
кристалданады,  жеке  кристалдары  ромбоэдр,  скаленоэдр,  қалақ 
пішінді  масса  құрап,  тығыз  және  түйірлі,  талшық, топырақ тәрізді 
масса  және   сталактит,   сталагмит түрінде  кездеседі.  Қаттылығы  3, 
меншікті  салмағы  2,8  г/см
3
,  шыныдай  жылтыр,  морт  сынғыш; 
түссіз, ақ және қоспаларына байланысты түсі ӛзгереді. Кальциттің  
Исландия шпаты, мәрмәр ониксі,  атлас  шпаты  деген  түрлері  бар. 
Кальций  гидротермальдық,  метасоматикалық,  жанартаулық  тау 
жыныстарының  қуыстары  мен  жарықтарында,   карбонатиттерде, 
ультранегізді    жыныстардың  үгілу  қыртысында, әктас, бор, 
мергель,  мәрмәр  құрамында  кездеседі.  Ол флотация әдісімен 
байытылады.  Кальций  құрылыста,   металлургияда,   химия  
ӛнеркәсібінде,  электртехникада,  т.б.  салаларда  қолданылады.  
Мәрмәр   ониксі  әшекейлік  бұйымдар  жасауда,  ақаусыз  мӛлдір 
Исландия  шпатының  кристалдары   оптикалық   приборларда 
қолданылады. 
КАОЛИНИТ– силикаттар класындағы  сазды минерал.  Химиялық 
формуласы 
Al4[Sі4O10](OH)8. 
Қытайдағы  
фарфор 
 сазы 
ӛндірілетін   Коо-Лин  тауының   атымен  аталған.  Түсі  таза  күйінде 
ақ,  кӛкшіл,  қоспаларына  қарай – қызыл,  қара, ашық жасыл. Қатты 
1  –  3,  менш.  салм.  2,6  г/см3.  Каолинит   топырақ құрамында,  үгілу 
қабаттарында,  ылғалды   климат   жағдайында   континенттік  су 
алаптары   түбінде  түзілген кӛмірлі  тау  жыныс  қабаттарында  
кездеседі.  Каолиниттің   диккит   жәненакрит   деген   полиморфтық  
түрлері  бар. Бұл минералдарды 650 – 800°С-қа дейін қыздырғанда 
толығымен  судан  арылады.  Каолинит     керамика   ӛндірісінде,  
фарфор   мен   фаянс,   металлургиядашамот   кірпішін,  бұрғылау 

ерітіндісін 
дайындауға, 
құрылыста,  
қағаз 
ӛндірісінде,  
алюминийтотығын 
алуда 
қолданылады.  Каолинит 
негізінен 
алюмосиликатты  таужыныстардың  морылуынан  және  тӛмен 
температуралы метасоматозда пайда болады. 
КАРТОГРАФИЯ  –  географиялық  карталар,  оларды  жасау  және 
пайдалану  туралы  ғылым.  Картография  табиғат  пен  қоғам 
құбылыстарының  үйлесуі  мен  ӛзара  байланысуын,  олардың 
кеңістіктегі  орналасуын  және  уақыт  бойынша  ӛзгеруін,  т.б. 
картографиялық  кескіндеудің  (бейнелеудің)  кӛмегімен  зерттейтін 
ғылым.  комителық  ұғымдарға  –  аспан  денелері  мен  жұлдызды 
аспанның  карталары,  глобустар  мен  жер  бедері  карталары, 
картографиялық  белгілермен  берілген  кеңістік  модельдері 
(үлгілері) жатады. 
Комитеның негізгі салалары: 
1.
 
картография  пәні  мен  әдістемесі,  карта  туралы  ілім, 
картографиялық  проекциялар  теориясы,  генерализация  мен 
кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 
2.
 
картография ғылымы мен ӛндірісінің тарихы; 
3.
 
картографиялық  деректер  тану  (картографиялық  деректерді 
саралау  және  оларға  қатысы  бар  ғылыми  -  ақпарат  теориясының 
мәселелері); 
4.
 
карталарды  жобалау  және  оларды  дайындау  теориясы  мен 
технологиясы; 
5.
 
карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі. 
Картография    ғылыми  және  техникалық  пәндер  жүйесіне 
тарамданады.  Оның  біреуінің  кӛп  ғасырлық  тарихы  болса, 
кейбіреулері  жақында  ғана  пайда  болып,  қалыптасу  сатысынан 
ӛтуде.  комитеның  жалпы  теориясы  картаны  жасау  әдістемесі  мен 
пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының 
негізгі  әдістемесі  –  картатану.  Математикалық  Картография 
картаның  математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық 
проекция  теориясын  әзірлейді,  картографиялық  тор  құрудың 
әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру 
және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық 
технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық 
семиотика  картаның  тілін,  картографиялық  белгілер  жүйесін  құру 
әдісі  мен  теориясын,  картаны  кӛркемдеу,  түрлі  түсті  безендірумен 
айналысады.  Картографиялық  семиотика  шеңберінде  белгілер 
жүйесін  құру  және  оларды  пайдалану  тәртібін  зерттейді.  Картаны 

басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық ӛнімдерді 
технологиялық 
әзірлеу, 
кӛбейту, 
картаны 
полиграфиялық 
безендіруден  тұратын  техникалық  пән.  Картографиялық  ӛндірісті 
ұйымдастыру және экономикасы  – салалық экономикалық пән. Ол 
карта жасау ӛндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен 
айналысады.  Картаны  пайдалану  картографиялық  ӛнімдерді 
пайдаланудың  теориясы  мен  әдісін  әзірлейді.  Картография  тарихы 
картографиялық  ӛндірістің  дамуын,  кӛне  картографиялық 
ӛнімдердің  тарихын  зерттейді.  Картографиялық  топонимика  – 
географиялық  атаулардың  мағыналық  мәнін  зерттейтін  пән.  К. 
салаларын  нысанға  қарап  та  жіктейді.  Мысалы,  Жер  бетін 
(құрлықтар 
мен 
мұхиттарды), 
планеталық 
және 
астрон. 
картографиялау.  Тақырыбына  байланысты  К.  мынадай  түрлерге 
ажыратылады: жалпы география және топографиялық, тақырыптық 
(табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, 
аэроғарыштағы  және  су  астын  картографиялау;  масштабына  қарай 
–  ірі  масштабты,  орта  масштабты  және  ұсақ  масштабты  деп 
ажыратады. 
КӘРІЗ Керіз (парысша — жер асты суармалы каналы — жер асты 
суларын  бір  орынға  жинап,  оны  жер  бетіне  шығарып, 
шаруашылыққа    пайдалану  үшін  жер  астынан  кӛлбей  қазылған 
куыс арна.  Кәріздің  ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—
1метр,  биіктігі  1,5  —  2  метр  болады. Батыс  Қаратау 
жотасының орталық  бӛлігіндегі  құдық.   Маңғыстау  облысы  
Маңғыстау    ауданы   Жыңғылды    ауылының   шығысында  10  км 
жерде  орналасқан.  Шығысында   Шиелібұлақ, Бӛлебай және  т.б. 
кӛптеген бұлақтар бар. 
Оңтүстігінде 
 Күш 
тауы орналасқан. 
Құдықтың  бойы мал жайылымына пайдаланылады. Кәріз Орталық 
Азия, Әзірбайжан, Иран елдерінде  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету, 
егістікті  суару  үшін  ерте  кезден  қолданылып  келеді.  Отырар 
ӛңірінен Кәріз суландыру жүйесі Табақбұлақ ауылынан 7 километр 
жерден табылған. Мұнда арықтар арқылы құдық суы шығарылған. 
Анықталған  құдықтар  саны  13.  Тек  біреуі  ғана  жақсы  сақталған, 
калғандары  бұзылған.  1-кұдық  пен  13-құдық  арақашықгығы  92 
метр.  Олардан  шыққан  арық  солтүстік-батысқа  қарай  440  метрге 
созылады  да,  алкапқа  қарық  ретінде  тарайды.  11,  12,  13-құдықтар 
ертеректе  бұзылса  керек,  олардың  орны  нашар  сақталған. 
Құдықтарды шегендеген тастарды, құдықтан арықка қарай шықкан 

құбырды  осы  маңдағы  кейінгі  тұрғындар  басқа  мақсатта 
пайдалануға бұзып алған сияқты. 
КӘРІЗДЕУ — 1) ыза сулардың деңгейін жасанды түрде тӛмендету 
немесе оларды қашыртқы қарық, құбырмен ағызып жіберу арқылы 
жер  бетіндегі  аумақты  құрғату  тәсілі;  2)  жер  асты  суларын  алып 
кету.  Кәріздің  мыңдаған  жылдық  тарихы  бар.  Оған  Шығыс 
Түркістанда,  Орта  Азияда,  Қазақстанның  Қаратау  аймағында 
сақталған Кәріздеу жүйелері мысал бола алады. 
КЕМЕР –  палеолит  дәуірінің  тұрақтары.   Жамбыл  облысы  
Қаратау  қаласынан солт. - шығысқа  қарай 25 км жерде, осы аттас 
шатқалда  орналасқан.  Шатқалдан  аралары  600  –  700  м 
шамасында палеолит дәуірінің  тұрақтары  Кемер  1,  -2,  -3, 
шоғырланған.  1961  ж.  Қазақстан  тарих,  археология  және 
этнография  институтының  Қаратау  экспедициясы  (жетекшісі Х.А. 
Алпысбаев)  ашқан.  Құрал  жасайтын  шикізат  ретінде  жергілікті 
қоңыр  түсті  кремнийдің  галькалары  пайдаланылған.  Кемер  -1-ден 
218,  Кемер  -2-ден  95,  Кемер  -3-тен  79  тас  бұйымдары 
жинастырылған.  Типол.  жағынан  құралдарды  былайша  бӛлуге 
болады:  екі  шеті  ӛңделген  дӛрекі  шапқы  құралдар;  қол  шапқылар 
(бифас); унифас;  қырғыш;  тас  жаңқадан  дайындалған  құралдар; 
ӛзек  тас; тас  жаңқа;  дӛңгелек  құралдар.  Кемер  -1  мен  Кемер  -3 
бұйымдар  кешені  жылнамалық  жағынан  бір-біріне  ұқсас.  Кемер 
кешендері тӛм. палеолиттің шелль-ашелькезеңіне жатады. 
КЕМПІРҚОСАҚ –  аспан  күмбезінде  түрлі  түсті  доға  түрінде 
кӛрінетін  атмосферадағы оптикалық құбылыс.  Ол  аспанның  бір 
жағында  торлаған  бұлттан  жаңбыр  жауып,  қарсы  жағында 
жарқырап күн шығып  тұрған  кезде  кӛрінеді.  Кемпірқосақ  тікелей 
түскен  күн  сәулесінің  жаңбыр  тамшыларынан  ӛткенде  сынып, 
құрамдас бӛліктерге (қызыл, сары, жасыл, кӛгілдір, т.б.) бӛлінуінің 
және  тамшы  бетінен  шағылған  толқын  ұзындығы  әр  түрлі 
сәулелердің  
дифракциялануы  
мен  
интерференциялануы  
нәтижесінде    пайда  болады.  Кемпірқосақтың  айқындығы  жаңбыр 
тамшыларының  үлкен  -  кішілігіне  байланысты  ӛзгеріп  отырады. 
Тамшы  үлкен  болса  кемпірқосақ  айқын,  жарық  болып  кӛрінеді. 
Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса 
кӛрінеді,  оны қос  кемпірқосақ деп  атайды.  Қос  кемпірқосақ  күн 
сәулесінің  су  тамшысына  белгілі  бұрыш  жасай,  екі  рет 
шағылысуынан  түзіледі.  Сонымен  бірге  ай  сәулесінен  пайда 
болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. 

КЕНТ –  шағын  мекен-жай  немесе  соқпалы  қабырғалармен 
қоршалған  кӛгалды  аймақтағы  қала.  ―Кент‖  ежелгі  түркі  сӛзі. 
Алғашқыда  үй-жай  салып,  топтасып  ӛмір  сүретін  мекен  ұғымын 
білдірген.  Ежелгі  шағын  қалалар  мен  елді  мекеннің  кӛбі  ―  Кент  ‖ 
аталған. Бірте-бірте қала сӛзімен ауысқан. Бірақ күні бүгінге дейін 
тілімізде  қолданыстан  қалмаған.  Мысалы, Жаркент –  жардың 
жағасындағы кент, яғни елді мекен деген сӛз. 
КИПРЕГЕЛЬ  (нем. Kippregel)  —  геодезиялық  бұрыш  ӛлшейтін 
аспап.  Горизонтальдарды  пландардың  бетіне  кешіру  үшін,  жерді 
топографиялық 
түсірулер 
кезінде 
мензуламен 
бірге 
пайдаланылады. 
КЛИМАТ  (гр.  κlimα  (klimatos)  —  еңкейіс)  —  белгілі  бір  жердегі 
ауа райының кӛп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа 
райы  жағдайларының  жиынтығы  мен  оның  бір  ізбен  ӛзгеріп 
отыруы.  Ол  физикалық  (климат  жасайтын)  процестердің,  күн 
радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің 
туындысы.  Белгілі  бір  жердің  климатын  толық  білу,  оның  басқа 
жердің  климатымен  салыстырғандағы  ерекшеліктерін  айыру, 
сонымен  қатар  берілген  жердің  климатының  ӛзгеруін  байқау  тек 
кӛп  жылдар  бойы  жүргізілген  байқауларды  жүйелеу,  қорыту 
негізінде  айқындалады.  Жер  шарының  әр  нүктесіндегі  климаттың 
әр  түрлі  болуы  —  климат  құрайтын  факторлардың,  ягни  осы 
процестерді 
жасайтын 
географиялық 
жағдайлардың 
айырмашылығынан туады. 
 
КЛИМАТТЫҚ  БЕЛДЕМДІЛІК  Толық  мақаласы:  Климаттық 
белдеулер Планетаның беткі жазықтығын климаттык ӛзгешеліктері 
тұрғысынан  бірнеше  белдемдерге  бӛлу  ұстанымы.  Жер  шарын 
тұтасымен  орап  ӛтетін  осы  белдемдердің  жиектері  ендік 
сызықтармен  (параллелдермен)  орайлас  бағытталған.  Әрбір 
климаттық  белдем  құрамында  бірнеше  климаттық  атыраптар 
оқшаулануы  мүмкін.  Климаттық  белдем  деген  ұғым  аймақтық 
түсінік  ретінде  де  қолданылады.  Мысалы,  таулы  ӛңірлерге  тән 
түрлі  биіктік  деңгейлерінің  тек  ӛздеріне  ғана  тән  климаттык 
жағдайлармен  сипатталуы  осы  деңгейлерді  дербес  климаттық 
белдемдер  ретінде  даралауға  мүмкіндік  береді.  Климаттың, 
мұздықтардың  кезендік  тербелістері  Климаттың,  мұздықтардың, 
сушаралардың  жаға  сызықтарының  үзақтығы  мен  қарқын  дылық 
дәрежесі  әр  түрлі  -метаморфизма,  яғни  бірнеше  немесе  ондаған 
жылдардан  (мыс.,  35  жылдык  Брюкнер  кезеңдері)  бірнеше 

мыңжылдықтарға  дейінгі  ырғақты  ӛзгерістері.  Орташа  жылдық 
температураның,  ылғалдық  дәрежесінің,  мұздықтар  ӛлшемінің 
ӛзгерістерінде  білінеді.  Әр  түрлі  себептерге,  негізінен  жерден  тыс 
— Күн радиациясының кезендік ӛзгерістері мен қаркындылығына, 
Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты.
 
КЛИМАТОГРАФИЯ (климат 
және  
грекше: 
grapho 
— 
жазамын) — климат   типтері  мен  олардың  Жер  шары  бойынша 
таралуын  зерттейтін  климатология  бӛлімі.  Климаттың  Жер 
шарының, 
негізінен, 
климат 
жағдайлары 
салыстырмалы 
біртекті белдеу-  лерге,  зоналарға  және  ӛңірлерге  бӛлінуіне 
негізделген жіктеулері бар. Климатты жіктеу 
КЛИМАТОЛОГИЯ  (климат  және  logos  –  ілім)  –  климат  және 
оның  типтері,  қалыптасуы,  жер  бетінде  таралуы  және  уақыт 
бойынша  ӛзгеруі  туралы  ғылым.  География  ғылымдары  жүйесіне 
кіреді. 
Климат 
қалыптастырушы 
процестердің 
табиғаты 
геофизизикалық  болғандықтан,  Климатология  геофизизикалық 
ғылым  ретінде  метеорологиямен  тығыз  байланысты.  Кейде 
климатологияны  метеорологияның  географилық  бӛлімі  ретінде 
қарастырады.  Кӛп  жылдық  метеорологиялық  бақылау  деректерін 
статистикалық  ӛңдеуден  алынған  климат  типтері  және  олардың 
Жер 
шарында 
таралуы 
туралы 
нақты 
материалдар 
климатографияның  (климат  және  грек.  grapho  –  жазамын, 
сипаттаймын) мазмұны болып табылады. 
КЛИМАТОЛОГИЯ  ТҤРЛЕРІ  Климаттың  түпкі  тегі  мен 
физикалық
 
жаратылысын  физикалық  климатология  зерттейді. 
Физикалық  география  алдымен  жер  беті  мен  атмосфераның  жылу 
және су теңдестіктері және олардың климат қалыптастырушы рӛлі 
туралы ұғымға арқа сүйейді. Физикалық климатологияның ерекше 
тарауы  –  динамикалық  климатология.  Динамикалық  климатология 
климаттың  Жер  шарында  таралуын  атмосфераның  жалпы 
айналымы  процестеріне  байланысты  қарастырады.  Атмосфераның 
биік  қабаттарын  зерттеу  мәселелерімен  аэроклиматология,  ал 
ауаның  жер  бетіне  жақын  қабатының  климатын  зерттеумен 
микроклиматология  айналысады.  Ӛткен  тарихи  және  геологиялық 
замандардың  климатын  палеоклиматология  зерттейді.  Ол  тарихи 
геологияға  жақын.  Климатология  ӛзге  пәндермен  шекаралас 
бірқатар  қолданбалы  климатологиялық  пәндердің  қалыптасуына 
себепші  болды.  Бұл  пәндерге  биоклиматология  (климаттың  тірі 
табиғат  пен  адамға  әсері  туралы  ғылым),  агроклиматология 

(климаттың  егіншілікке  әсерін  зерттейді),  курорттық  және 
медициналық  климатология,  техникалық  климатология  (онда 
авиациялық 
климатология
кӛліктік 
климатология 
және 
құрылыстық Климатология пәндері бӛлек қарастырылады) жатады. 
КЛИМАТ  ТУРАЛЫ  БАСТАПҚЫ  КӚЗҚАРАСТАР  17–18 
ғасырлар  Климат  пен  оның  заңдылықтары  туралы  бастапқы 
кӛзқарастар  Ежелгі  Грекияда  қалыптасты.  17–18  ғ-ларда  арнаулы 
құралдардың 
кӛмегімен 
жүргізілген 
метеорологиялық 
бақылаулардың  негізінде  жазылған  алғашқы  климаттық  деректер 
пайда  болды.  Ұлыбританияда  Э.Галлей,  Дж.  Хэдли,  Ресейде 
М.В.Ломоносов  алғаш  рет  атмосфералық  айналымның  климатқа 
әсері  туралы  ойларын  айтты.  19  ғасырдың  басында  неміс 
жаратылыстанушысы  А.Гумбольдт  жүйелі  түрде  Жер  шары 
климатының  жазбасы  мен  түсінігін  жасауды  қолға  алды  және 
алғашқы  климаттық  карталарды  құрастырды.  19  ғ-дың  2-
жартысында  Климатологиялық  зерттеулер  жүйелі  түрде  жүргізіле 
бастады.  Ресейдегі  Климатологиялық  зерттеулер  1849  жылы 
ашылған  Бас  геофиз.  обсерваторияда  Г.И.Вильдтің  басылығымен 
жүргізілді. Осы кезде А.И.Воейков та бірқатар зерттеулер жүргізіп, 
климаттың  геогр.  заңдылықтары  мен  геофиз.  жаратылысын 
негіздеуге  тырысты.  Климатологияға  зор  үлес  қосқан  ғалымдар: 
А.А.Каминский  (жел  режимі  және  ылғал  айналымы  жӛніндегі 
зерттеулер),  Л.С.Берг  (палеоклиматология  мен  биоклиматология 
саласындағы  және  Жер  климатын  топтау  жӛніндегі  жұмыстар), 
белгілі  полюс  зерттеушісі  В.Ю.Визе.  20  ғасыр  20  ғасырда 
тропиктерді,  Арктика  мен  Антарктиданы,  мұхиттарды  қамтыған 
метеорологиялық  бақылаулардың  жаһандық  жүйесі  тез  ӛсіп 
қалыптасты.  Климаттық  атластар  жасалды.  20  ғ-дың  ортасына 
таман  Климатологиялық  зерттеулер  атмосфераның  жоғары 
қабаттарын  да  қамтыды.  Осы  кезде  климаттың  физикалық  негізі  – 
Жер  беті  мен  атмосфераның  жылу  теңдестігі  (балансы)  туралы 
ұғым  қалыптасты.  Атмосф.  жалпы  айналымның  климатты 
қалыптастырушылық  рӛлін  зерттеу  КСРО-да  (Б.П.Алисов, 
В.А.Бугаев,  Т.В.Покровская,  С.П.Хромов),  Германияда  (Г.Флон), 
Францияда  (П.Педелаборд)  жүргізілді.  20  ғ-дың  30-жылдарынан 
палеоклиматология саласындағы зерттеулер басталды. 
 КЛИМАТТЫҢ  ГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ФАКТОРЛАРЫ  –  климат 
құраушы  негізгі  процестер:  жылуайналым,  суайналым  және 
атмосфера  айналымы.  Ал  климатқұраушы  процестердің  жүруін 

географиялық 
жағдайлар, 
яғни 
географиялық 
факторлар 
анықтайды. 
Климаттың 
географиялық 
факторларына: 
географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктік, жердің құрлық пен су 
қоймаларына бӛлінуі, су қоймаларынан қашықтық,  құрлық  бетінің 
орографиясы,  мұхиттық  ағыстар,  тӛселме  беттің  сипаты,  ӛсімдік 
және қар, мұз жамылғылары жатады. Тағы бір ерекше орын алатын 
фактор  -  адамзат  қоғамының  әрекеті.  Адамзат  географиялық 
факторларды ӛзгерте отырып климатқа әсерін тигізеді. 
КЛИМАТТЫҚ  АУДАНДАСТЫРУ  -  жерді,  материкті,  мұхитты, 
мемлекетті  климаттық  белгілеріне  байланысты  біртекті  климаттық 
аудандарға  немесе  аймақтарға  бӛлу.  Метеорологияда  Будыконың, 
Каминскийдің,  Селяниновтың,  Кеппеннің,  Бергтің,  Алисовтың 
және  т.б  ғалымдардың  климатты  аудандастыруы  белгілі.  Жер 
шарындағы  климаттың  аудандасуында  белдеулік  таралым 
байқалады. Себебі экватордан полюстарға қарай жер бетіне келетін 
күн сәулесінің қуаты азая түседі. 
КҤН – Күн  жүйесінің орталық  денесі,  Жерге  ең  жақын жұлдыз. 
Күн  –  спектрлік  класы  G2V,  абсолют  жұлдыздық  шамасы  +4,83 
болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 
10 
кпк 
қашықтықта 
орналасқан. 
Жақын 
жұлдыздармен 
салыстырғанда  Күн  1,97х10
4
 м/с 
жылдамдықпен   Геркулес 
шоқжұлдызы 10

 
o
C  бағытында  қозғалады;  Галактика  центрін  230 
млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 
99,866  %  -  ы  Күнде  жинақталған.  Жерден  Күнге  дейінгі  орташа 
қашықтық  1,496м.  Күн  –  қызған  газды  шар  (центріндегі 
температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м
3
100 кА/м-ге жетуі мүмкін. 
Күнде  ӛте  кең  тараған  элемент  10–4  Вт/кг.  Күннен  Жер  орбитасы 
бірде  алыстап,  бірде  жақындауына  байланысты  Күннің  кӛрінерлік 
радиусы  жыл  бойы  ӛзгеріп  отырады.  Күннің  активтілігімен 
байланысты  болатын  магнит  ӛрісінің  кернеулігі  Күн  дақтарында  
Күн  ішінде  ӛндірілетін  энергияның  орташа  мӛлшері  1,88   сутек. 
Оның атомдарының санынан  гелий  атомдарының   саны 7 – 8 есе 
аз, ал қалған ӛзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 
есе  аз.  Күн  құрамында  басқа  элементтерге    қарағанда   оттек,  
кӛміртек,   азот,   магний,   кремний,   темірбасымырақ.  Күннің 
тікелей  бақылауға  келетін  сыртқы  қабаттары,  оның  атмосферасын 
құрады.  Күннің  сәулесі  (сәуле  шығаруы)  түгелдей  дерлік  Күн 
атмосферасының  тӛменгі  10–4  кг/м  4500  К,  орташа  тығыздығы  2

 
бӛлігінен  шығады,  оны  фотосфера  деп  атайды.  Фотосфераның 

қалыңдығы  100  –  300  км.  Фотосферадағы  температура  сыртқы 
қабат 
бағытына 
қарай 
тӛмендейді, 
шектік 
мәні. 
Фотосфера қойнауындағы  энергия  сәулемен  және  сондай-ақ 
конвекциямен  де  тасымалданады.  Фотосфераның  жарықтығы 
біркелкі  емес,  түйіршікті  (құрылымы  гранулалы)  болып 
келеді. Гранулалар 104  км  болатын  түзілімдер  (гранулалар 
жиынтығы)  де  кездеседі.  Фотосфераның  үстінде,  Күннің  кӛрінетін 
жиегінен  14  мың  км-ге  созылып  жатқан  хромосфера  қабаты 
орналасқан. Оның тығыздығы фотосфера тығыздығынан әлдеқайда 
аз  (шамамен  10–10  –  10–11  кг/м3),  әрі  биіктеген  сайын  сиреп 
отырады,  температурасы  миллион  градусқа  дейін  ӛседі. 
Хромосферадан жоғары, Күн атмосферасының ең сиретілген бӛлігі 
күн  тәжі  орналасқан.  Оның  биіктігі  бірнеше  Күн  радиусына  тең. 
Фотосферада  Күн  дақтары  мен  жалын  шудаларын  бақылауға 
болады.  Күн  дақтары,  кӛбінесе,  қара  қоңыр  түсті  ядролар  мен 
оларды  қоршаған  шала  кӛлеңкелерден  тұрады.  Олардың  диаметрі 
200  мың  км-ге  дейін  жетеді.  Дақтардың  температурасы  4500°С-қа 
жуық,  яғни  ӛздерін  қоршаған  фотосфераның  температурасынан 
тӛмен.  Дақтардың  жарықтылығы  фотосфераның  жарықтылығынан 
2  –  5  есе  тӛмен,  сондықтан  олар  қарапайым  кӛрінеді.  700  км-дей. 
Гранулалардың  ӛмір  сүру  мезгілі  не  бәрі  5  –  10  минуттай,  кейбір 
гранулалар 3 сағатқа дейін сақталады. Фотосферада бұдан да ірірек, 
ӛлшемі 

  –  дӛңгелек  пішінді  жарық  дақ  түрінде  болады,  орташа 
мӛлшері  Күн дақтары  гелиографиялық  ендіктің 45°C-ына дейінгі 
аймақта  ғана  кездеседі  және  олар  бірнеше  күннен  бірнеше  айға 
дейін  ӛмір  сүреді.  Жалын  шудалары  –  фотосфералық  құбылыс. 
Олар  әсіресе,  Күн  дискісінің  жиегінде,  ақ  жарықтың  фонында 
жақсы  кӛрінеді.  Жалын  шудалары,  кейде  бірнеше  сағат  ішінде 
едәуір  ӛзгеріске  ұшырап  отыратын  күрделі  талшық  түрінде 
байқалады  және  олар  фотосферадан  жоғарырақ  орналасады, 
температурасы  да  жоғары  болады.  Күн  дискісінің  жиегінде  газ 
бұлты  – протуберанц байқалады.  Протуберанцтардың  спектрі  Н, 
Са,  Не  және  металдардың  әлсіз  сызықтарынан  тұрады.  Олардың 
ұзындығы кейде 1 млн. км-ден асады. Протуберанцтар жарқыраған 
газдардан құралады. Олар әр түрлі пішінде (тамшылар, фонтандар, 
бұлттар,  доғалар,  т.б.  түрінде)  кездеседі;  Күн  бетінен  орташа 
биіктігі 30 мың км-ден 50 мың км-ге дейін жетеді. Хромосфералық 
оталу  кезінде  Күннен  шығатын  корпускулалық  ультракүлгін 
сәулелер күшейіп, оның әсерінен геомагниттік және ионосфералық 

ұйытқулар  пайда  болады.  Күн  бетінде  бақыланатын  әр  түрлі 
құбылыстар,  шамамен  11  жылдық  периодпен  (Күн  активтілігінің 
цикліне сәйкес) ӛзгеріп отырады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет