Мәтін бойынша сұрақтарға қысқа жауап беріңіз. 1-нұсқа Сандар сөйлейді



бет2/5
Дата14.10.2023
өлшемі19,22 Kb.
#114918
1   2   3   4   5
8-тапсырма. Бастауышты анықта.
Қар барысының денесі ерекше сұлу.


 Қазақ тілі пәнінен нөлдік бақылау жұмысы. 6- сынып. Оқушының аты-жөні ___________________________
Оқылым мәтіні бойынша сұрақтарға қысқа жауап беріңіз. 2-нұсқа
Қар барысы – ілбіс «Қызыл кітапқа» енгізілген табиғат қазынасы. Көне дәуірден бері Азия құрлығының таулы жерлерін мекендеген қар барысының ілбіс аталуы көне түркілердің «ірбіз» сөзінен шыққан. Ол Памир, Гималай, Тянь-Шань тауларында, теңіз деңгейінен 1500-4000 метр биіктікте өмір сүреді.
Археологиялық қазбалар бойынша, барыс қазақ халқының көне дәуірдегі тарихымен тікелей байланысты. Есік қорғанынан табылған ежелгі Сақ дәуірінің жауынгері – «Алтын адамның» киіміндегі алтын әшекейлерінде барыстың бейнесі бейнеленген.
Барыс өте жасырын және жалғыз жүретін, өте сақ және епті жануар. Сол себепті де ол көзге оңай түспейді.
Қар барысының денесі ерекше сұлу. Ұзындығы 200-230 см. Салмағы 55 келі. Екі жылда бір балалайтындықтан, ілбіс өте аз қалды. Орташа өмір сүруі 13-14 жыл. Қазіргі кезде Іле Алатауындағы Алматы қорығын санаулы ғана ілбіс мекендейді екен.
 Жақында Шығыс Қазақстандық экологтар соңғы жиырма жыл көлемінде көзден таса болған, аса сирек кездесетін аң – қар барысының осы өңірге қайта орала бастағанын хабарлайды. Әйгілі Қызыл кітапқа енген жыртқыш хайуандар бүгінде тарбағатай тауларын мекен ете бастаған.
1-тапсырма. Мәтінде кездесетін географиялық терминдерді (ғылымна қатысты) атаңыз. Екеуін жазыңыз. ............................................................................................................
2-тапсырма. «Алтын Адам» мен қар барысының арасында қандай байланыс бар?
.......................................................................................................................................
3-тапсырма. Қар барысының адамдарға көрінбеу себептерін атаңыз.
.......................................................................................................................................
4-тапсырма. Ілбістің азаюының басты себебін атаңыз.
.......................................................................................................................................
5-тапсырма. Қазіргі таңдағы қар барысының өмір сүретін аймағы туралы ақпарат беріңіз.
......................................................................................................................................
6-тапсырма. Грамматикалық тапсырма. Берілген сөздерді тиісті сөз табына қарай сәйкестендір.
Етістік ұғым, қасиет, дарын
Зат есім үшін, және, да, әрі, немесе
Шылау білдіреді, келтірді, көрінді
Сын есім біз, сендер, олар,
Есімдік сәтсіз, күлгін, терең


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет