Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Ережені оқып Орынбор шекара комиссиясы жанынан мектеп ашудың басты мақсатын анықтаңыз



бет61/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Ережені оқып Орынбор шекара комиссиясы жанынан мектеп ашудың басты мақсатын анықтаңыз:
Жауабы: қазақтар арасына орыс тілін тарату.
12. «4. Қоянды жәрмеңкесі туралы. Қоянды жәрмеңкесі ХІХ ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай пайда болды. Оның негізін қалаушы Б. И. Ботов. Сондықтан оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды. Қазіргі кезде жәрмеңкеден жыл сайын бірнеше миллион сом пайда түседі...
Жәрмеңке қазақтардың малы мен мал өнімдерін еуропалық Ресейдің зауыт-фабрика өнімдеріне айырбастау орнына айналған. Айырбасқа бір жағынан қазақтар (Қарқаралы, Жетісу т.б.), екінші жағынан Дала өлкесінен – Түркістаннан, Тобыл губерниясынан, тіпті еуропалық Ресейден келген көпестер қатынасады. Ботов жәрмеңкесінің әсіресе Жетісу үшін маңызы зор: ол жақтан үйір-үйір мал және шыққан астықтары түгелге жуық осында әкелінеді. Ал Қарқаралы тұрғындары үшін жәрмеңке негізгі күнкөріс көзі: онда көп нәрсені арзанға алуға болады, саудагерлерге жалданып ақша табуға т.б. мүмкіндіктер туады...
Жәрмеңке басталар алдында Қарқаралыдан Қояндыға жаңа дүкендер ашып, ескілерін жөндеу үшін көп мөлшерде ағаш әкелінеді. Мұнда шеберлер мен көбінесе жатақтар арасынан шыққан жұмысшылар келеді. Соңғылары әртүрлі қара жұмыстарға жалданады. Кейбіреулері жәрмеңкеде ет, қымыз, бауырсақ т.б. сатады. Енді біреулері алыпсатарлықпен айналысады, яғни далалықтардан арзанға алған малдарын сойып, етін, терісін, майын бөлек-бөлек сатады. Бенкевич мырзаның маған айтқан мәліметтері бойынша жәрмеңкеде сатылатын бүкіл шикізаттың 75%-ы алыпсатарлар арқылы өтеді. Олар өз тауарларын базарға келгендерден алады, сондай-ақ ауыл-ауылды аралап алып келеді. Кейбір жергілікті қазақтар сырттан келгендерге киіз үйлерін жалға беріп ақша табады. Киіз үйлер үлкендігі мен ішінің жасауына қарай 4-25 сом аралығында беріледі. Қояндыда қонақүйлер жоқ. Өз дүкені бар саудагерлер мен сатушылар дүкендерінде қонады, қалғандары қаласа да, қаламаса да қазақтардың киіз үйлерін жалдайды».
Мәтінде сипатталған жәрмеңкенің қазақ даласына тигізген ықпалын анықтаңыз
Жауабы: Өкімет билігіне шағым жолдайтын орын болды.
13. «Қарашаның 10-ындағы №4339 рапортымда мен корпустық штаб бастығының міндетін атқарушы мырзаға қырғыздардың мен басқарып отырған фортқа шабуыл жасау ойлары бар екендігін хабарлаған болатынмын. Бұл рапортымда Сіздің мәртебеңізге тілмаш Ахмедовтың 30 қарашада маған жолдаған №123 қатынасының көшірмесін жіберуді өзіме бақыт деп санаймын.
Бұл қатынас қағаздың мазмұны маған жансыздар әкелген мәліметтермен толық расталады. Шынында да қырғыз топтары Үшөткел өзенінің жағасында батыр Жаңқожа Нұрмұхамедовтың қол астына жиналуда. Фортқа жасаған шабуылы сәтсіз болған жағдайда Жаңқожа оған барынша көібрек зиян тигізіп, бізге берілген қырғыздардың бәрін Сырдарияның арғы жағына айдап кетпекші екен. ...сыбыстарға қарағанда табын руының биі Бұхарбай, Бөрі сұлтан және Есет Көтібаровтар да қатыспақшы. Бұл қауесет өзеннің арғы жағында басталған 2 ранглы капитан Бутаков мырзамен және гарнизондардағы басқа да офицер мырзалармен ақылдаса отырып, мына төмендегідей өкім етуді өзімнің міндетім деп таныдым:
1). фортта әскери сақтықтың қатал тәртібін орнаттым;
2). форттан 6 шақырымдай жерде жайылатын қазақ табынын күзететін 25 қазаққа тағы да 25 казак қостым;
5). Арал флотилиясының бастығы мырзаға «Перовский» кемесін жарақтап, өзеннің арғы жағында әрекет жасау ұсынылды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет