Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтіндегі қыпшақ тілін зерттеген ғалымды аықтаңыз



бет81/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтіндегі қыпшақ тілін зерттеген ғалымды аықтаңыз:
Жауабы: Лейбниц.
12. «У Дидің билігі тұсында Чжан Цзянь императорлық күзетте қызме етті. Бұл кезде тұтқындағы ғұндар өздерінің юэчжи тайпасының билеушісін өлтіріп, бас сүйегінен сусын ішетін ыдыс жасағандары туралы айтты. Қашқан юэчжилер ғұндардан кек алмақ болды. Бірақ оларды қолдайтын одақтасы болмады. Бұл кезде Хань әулетінің билеушілері ғұдарды талқандамақ болды. Жағдайды естіген ол: «Менің юэчжилермен байланыс орнатқым келеді. Бірақ оларға жол ғұдар арқылы өтеді», -деді. Елші болып барғысы келетіндерді іздеді. Чжан Цзянь күзет офицері ретінде юэчжи тайпасына Таньи руынан шыққан Ганьфу есімді құлмен бірге баруға тілек білдірді. Олар Шаньси провинциясынан шығып, тұп-тура ғұндарға тап болды. Ғұндар оларды тұтқындап өз көсемдеріне жеткізді...»
Мәтінде сипатталған юэчжи тайпасы ғұдардың қай аймағында өмір сүргенін анықтаңыз:
Жауабы: Солтүстігінде.
13. Жолдастар! Осынау салтантты күні, КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумының тарихи шешімінен басталатын оқиғаларға ой жүзінде оралғанда, еліміздің ұлан-байтақ тың жерлерінде жасалған істердің ауқымы мен ұлылығына таңданбауға болмайды. Алғашқы ...көктемнің өзі-ақ ғасырлар бойы игерілмей жатқан ұлан-ғайыр жерлерге жан бітірді, сөйтіп, еңбектің есесіне қайтара бастады. Ол орасан зор жасампаздық жұмысты дүниеге ала келген көктем болды, ал оның арғы бастауын кезінде Владимир Ильич Ленин күні бұрын болжап, барынша ғылыми негізде дәлдеп берген болатын. Алғашқы бороздаға барар жол оңай болған жоқ. Қақаған боран мен ызғырақ аяз, ұйқысыз түндер, тынымсыз ізденістер, ұзақ-сонар ойлар мен күмәнді күдіктер-міне осының бәрі де болған еді! Алғашқы кезде жұрт кенеп шатыр мен жертөле үйлерде тұрды, бірақ аянбай жұмыс істеді, кейде ең қажетті нәрсенің өзі жетіспейтін, бірақ артынан бәрі де жақсы болатынын олар біледі. Әрқашан алда жүретін коммунистер, алғашқы тың игерушілер, кеңшар басшылары мұның зор болашағы үшін барлық қиыншылықтарды жеңе білді. Партия мен үкімет мұны мұқият қадағалап отырды. Шетсіз-шексіз далаға техника, алуан түрлі жабдық толассыз тасқынмен жіберіліп жатты, барлық жерде қауырт жұмыс қазандай қайнап, жаңа қоныстар мен автомобиль жолдары, электр желілері мен байланыс тораптары пайда болып жатты. Өлкенің бейнесін түбегейлі өзгерткен жасампаздық ұлы істің мұншалықты қаулаған қарқынын республика бұған дейін ешқашан білген емес. Қазір игерілген бұл өңірде жоғары механикаландырылған екі мыңнан астам кеңшар, жүздеген ұжымшар бар. Бұл оқиға орасан зор және аса қиын осынау іс басталған кезде капиталистік Батыста неше түрлі болжам айтқан «әулиелер» аз болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет