Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі



бет84/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі: 
Жауабы: Қытай аграрлы ел.
20. «Ресейдің 70%-дан аса халқы сауатсыз болды. ...Республиканың барлық халқына елдің саяси өміріне саналы түрде қатысу мүмкіндігін беру мақсатында Халық Комиссарлар Кеңесі қаулы қабылдады: 1.8-ден 50-жасқа дейінгі оқып, жаза білмейтін республиканың барлық тұрғын халқы қалауы бойынша ана тілінде немесе орыс тілінде сауаттарын ашулары керек...
3. Халық Ағарту комиссариатына және оның жергілікті ұйымдарына сауатсыздарды оқытуға міндеттілігі тәртібімен әскерге шақырылмаған, елдің барлық сауатты тұрғындарын тарту құқығы беріледі...
5. Жалданып жұмыс істеушілерге сауат ашу кезінде, жұмыс күні 2 сағатқа қысқарды және оқу уатықындағы еңбек ақысы сақталады.
6. Сауатсыздықты жою үшін Халық Ағарту комиссариаты органдарына халық үйлерін, клубтарды, жекеменшік үйлерді, фабрика, зауыт, кеңес мекемелеріндегі лайықты үй жайларды пайдалану ұсынылады»
Мәтіндегі сипаттамадан мемлекеттің даму кезеңін анықтаңыз:
Жауабы: Ресей Кеңес дәуірі тұсында.

ІІ нұсқа



1.IV Иван кезінде халық наразылығымен қатар боярлардың наразылығы күшейді. IV Иванды халық Грозный деп атады. Ол елде опричнина саясатын енгізді. Опричнинаны арнаулы, сенімді адамдардан тұратын әскер жүргізді. Опричнина әскерлері қанжығаларына иттың басы мен сыпырғыш байлап жүрді.
Әскердің бұлай істеуінін мәні неде екенін көрсетіңіз.
Жауабы: Опричнина әскерлері тек қана патшаға бағынғандығын және опасыздарды мемлекеттен сыпырып тастайтындығын білдірді.
2. Аспан бұйрығымен құрылған Тайпин мемлекетінің жетекшісі, армияның соң қанатының ұстазы, шығыс князы Ян Сюцин және армияның оң қанатының ұстазы, батыс князы Сяо Чаогун жаратушының еркін орындай отырып, варварлар соғыс жариялайды.
Олардың манифесінде былай делінген:
«Адамдар, сіздер көпсіздер, біздің сөзімізге құлақ асыңыздар, Біздің Аспан асты мекеніміз солтүстік варварларға емес, Құдайға тиесілі. Азық пен киімді бізге варварлар емес. Құдай береді. Барлық адамдар- әйелдер мен еркектер – Құдайдың балалары. Олар солтүстік варварларға тәуелді емес. Маньчжурлар сансыз халқы бар кең-байтақ елде хаос жасап, өздерінің жауыз рухымен толтырғанда, олардың бұл шектен асқан қылмысына көз жұмып қарадық. Бұл мемлекете нағыз адамдар, шынымен де, жоқ па? Маньчжурлер өртеген жердің от тілі Аспанды жалайды. Қанның иісі төрт теңізге тараған. Олардың қылмыстары барлық бес варварлық тайпа – бұл жерде: елдің солтүстік-батыс шегін мекендейтін және бұл мемлекетке бірнеше шапқыншылық жорықтар жасаған көшпенді тайпалар сюнну, цзеху, сюнбэй, чжи, цян жөнінде айтылып отыр».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет