Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған тарихи оқиғадан Батудың жорық бағытын анықтаңыз



бет83/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде сипатталған тарихи оқиғадан Батудың жорық бағытын анықтаңыз:
Жауабы: Руське.
16. «Неміс қарулы күштері Англиямен соғыс аяқтамай тұрып – ақ қысқа мерзім ішінде соғыс қимылдарының нәтижесінде Кеңестік Ресейді жеңуге дайын болуы керек...
Кеңестік Ресейге шабуыл жасау туралы бұйрықты мен қажет болған жағдайда белгіленген операциядан сегіз апта бұрын беремін...
Жоғарғы бас қолбасшылықтың дайындық жұмыстары мына төмендегі басты қағида негізінде жүргізілуі қажет:
Жалпы мақсат
Ресейдің батыс бөлігінде орналасқан орыс армиясының жауынгерлері танк бөлімдерінің батыл қимылымен ішке тереңдеп енуі нәтижесінде талқандалуы керек. Орыс аумағында соғысқа жарамды бөлімдердің шегінуіне кедергі жасау керек.
Операцияның түпкі мақсаты – азиялық Ресейден Архангельск – Еділ жалпы шептері бойынша оқшаулану. Осылайша қажет болған жағдайда Ресейдің Оралдағы соңғы өнеркәсіпті облысы авиацияның көмегімен жойылады...»
Соғыс жоспарына қол қойған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
Жауабы: А. Гитлер.
17. Мәтінде қай ғалым туралы айтылған?
«... 973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған».
Жауабы: Бируни.
18. Мәтінде сипатталған Заң жинағын анықтаңыз:
«195. Егер ұлы әкесін ұрса, оның қолын кесу керек. 196. Егер адам басқа адамның баласының көзі шығарса, оның көзін шығару керек. ...257. Егер адам диқан жалдап алса, ол оған бір жылға 8 гур астық төлеуі керек. 258. Егер адам өгіз айдаушы жалдап алса, ол оған бір жылға 6 гур астық төлеуі керек. ...Мен Хаммурапи, Шамаш шындық сыйлаған әділеттіліктің патшасымын! Менің сөздерім өте жақсы, менің ісімнің теңдесі жоқ! Тек ақымақтар үшін олар – мәнсіз, ал ақылдыларға орындау үшін жасалған. Алдағы уақытта елде болатын патша менің құлпытасыма жаздырған әділетті сөздерімді сақтайтын, мен орнатқан заңдары, мен шешкен ел шешімдерін өзгертпейтін болсын; менің жарлықтарымды жоққа шығармасын.»:
Жауабы: Хаммурапи заңдары.
19. Қытай кеңестері туралы 
Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды... 
Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді... 
Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет