Мәтінде сипатталған көтерілістің болған жылы:
А). 1867 ж
В). 1870 ж
С). 1865 ж
D). 1878 ж
Е). 1883 ж
19. Тарихи деректе сипатталған оқиға:
«Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылады...»:
А). Томирис пен Дарий жауынгерлерінің арасындағы соғыс
В). Спитамен мен Ескендір жауынгерлерінің арасындағы соғыс
С). Скунха мен Дарий жауынгерлерінің арасындағы соғыс
D). Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс
Е). Спитамен мен Скунха жауынгерлерінің арасындағы соғыс
20. Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
«Халықтың өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтын тартады. Сондықтан халық оны Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көп көңіл бөлген»:
А). Бұйрық
В). Наркеш Дайын
С). Күшлік
D). Даян
Е). Инанч
ІІІ нұсқа
1.«ХХ ғ. басында ........ жұмыс істеген мекемелер: дәріхана, екі шіркеу, бір мешіт, қалалық 3 сынып, 2 бастауыш мектеп, Пушкин атындағы қалалық көпшілік кітапханасы. Қала төңірегінде төменгі деңгейдегі ауыл шаруашылық мектеп ашылды».
Мәтінде көп нүктенің орнына сәйкес келетін қала атауы:
А). Алматыда
В). Семейде
С). Оралда
D). Ақмолада
Е). Бөкей Ордасында
2. «Шекара шебіне жақын тұрған қазақтар үшін 54 арақашықтық жасалды. Дистанцияларды бастықтар (начальниктер) басқарды. Олар әр үй басынан 1,5 күміс сом шамасында «түтін салығын» жинады».
Мәтінде сипатталған жағдай қай өңірде болғанын анықтаңыз:
А). Орта жүз
В). Семей ішкі округінде
С). Ұлы жүзде
D). Ақмола сыртқы округінде
Е). Кіші жүзде
3. «Кенесары Қасымұлы қайтыс болғалы бері сұлтандар хан билігін қайтадан қалпына келтіруге тырысқан әрекеттерін қойды және олардың халыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бірақ бұрынғыдай бостандық туралы мәселе әліде ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұлтандардың орнын соңғы кезде қазақ батырлары басып, олардың ісін жалғастыруда. Біздің бұл еңбегімізде сондай екі батырдың Жаңқожа Нұрмұхамедов пен Есет Көтібаров атап айтудың маңызы зор...», - деп жазған «Торғай облысы. Тарихи очерктер» деген еңбегінде:
А). Л. Мейер
В). Н. Коншин
С). И.Футорянский
D). А. Добромыслов
Е). М. Красовский
4. «Ол – XVIII ғ. екінші жартысында Кіші жүзде болған оқиғаларға белсене қатысқан ерекше тұлға. Табиғатынан дүлей дене күшіне ие, ақылға бай, ерік жігері күшті, ержүрек, тапқыр, айлакерлік қулығы да жеткілікті, өз қадірін жете бағалай білетін оған жалпы жұрт табынған десе де болады».
Достарыңызбен бөлісу: |