Мәтіндер: «Бөліп шығару» «Пестицидтердің маңызы» «Дәрумендер» «Қан тобы» «Асқазан-ішек жолдары аурулары» «Көру жүйесі» Қалқаншаманы бездері. Көміртек айналымы Көздің құрылысы. 10. Иммунитет 11. Қоректену 12. Гомеостаз МӘтін: «Бөліп шығару»


МӘТІН: «Асқазан-ішек жолдары аурулары»



бет4/6
Дата14.06.2023
өлшемі24,26 Kb.
#101260
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мәтін био

МӘТІН: «Асқазан-ішек жолдары аурулары»
Асқазан және ішек ауруларын бактериялар, қарапайымдар және вирустар тудырады. Көбінесе ішек жұқпасының қоздырушысы қайналмаған су, жақсы жуылмаған көкөністер, лас ыдыстар, кір қол және сақтану мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері арқылы түседі. Микроағзалар тез көбейеді, ағзаны улайтын улы заттар бөліп шығарады. Адамдардың басы айналып, жүрегі айнып, құсады. Мұндай белгі байқалғанда тез арада дәрігерге көрсеткен жөн. Қауіпті ауруларға дизентерия, ішсүзек, тырысқақ т.б. жатады. Асқазан-ішек жолдары ауруларының жұқпаларын көбінесе шыбындар мен тарақандар таратады.
61.Дизентерия ауруы жұқпасының жұғу жолы:Д).Қайнамаған су
62.Асқазан-ішек жолдары ауруларының жұқпаларын тарататын жәндік:Д).Шыбын
63.Тамақтан уланудың бірінші белгісі:Д).Жүрегі айнып, құсуы
64.Эпидемиялық қауіпті асқазан-ішек жолдары ауруы:В).Тырысқақ
65.Асқазан-ішек жолдары ауруларының жұқпаларымен күресу шаралары:С).Дезинфекциялау

МӘТІН: «Көру жүйесі»
Мида заттың бейнесі «төңкеріліп» қабылданады. Көз бұршағы арқылы зат бейнесі «төңкеріліп», ал торлы қабықшада заттың бейнесі дұрыс қабылданады. Адам баласы туғаннан бастап және тепе-теңдік мүшесі қалыптасқанға дейін заттың бейнесін төңкерілген қалпында қабылдайды. Нәресте басын дұрыс ұстай бастаған кезде шамамен үш айдан бастап оларда «жоғары», «төмен» деген ұғым қалыптасады. Сол кезде ми торлы қабықшада заттың бейнесін «қайта төңкеріп», әлемді дұрыс қабылдай бастайды.
66.Мида заттың бейнесінің түсуі:Д).Төңкеріліп
67.Көздің бейнені төңкеріп өткізетін құрылымы:С).Көз бұршағы
68.Нәрестелердің әлемді дұрыс қабылдай бастайтын мерзімі:С).Үш айдан бастап
69.Жас нәрестенің әлемді қабылдауы:Д).Төңкерілген қалпында
70.Үш айлық нәрестенің әлемді дұрыс қабылдауына жауапты бөлім: В).Торлы қабықша


Қалқаншаманы бездері .
Бұл бездер паратгормон бөледi. Бездердiң саны төртеу, олардың екеуi қалқанша бездiң жоғарғы жағына, ал екеуі төменгi жағына орналасқан . қалқаншамаңы бездерiнiң қызметі: бездерден бөлінетін гормондар суйектер-де жиналатын фосфор мен кальцийдің мөлшеріне реттейді . Паратгормонның әсерiнен олар қанға өтеді. Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері артады. Орталық жуйке жуйесiнiң қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық еттер туйiлiп қалады. Тiстер өте сынғыш болып, оларда бор тустес дақтар пайда болады. Паратгормон шамадан артық бөлінгенде суйекте кальций мүлдем азаяды. Суйектер қисайып, сынғыш болады, қан тамырлар-да, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады .
61.Бездердің саны: С)төрт
62.Қалқаншамаңы бездерінен бөлінеді: А)паратгормон
63.Паратгормон жетіспегенде : D)орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық еттер түйіліп қалады
64.Қалқаншамаңы бездерден бөлінетін гормондар қызметі В)сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді
65.Фосфор мен кальций қанға сіңіріледі В) паратгормон әсерінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет