Қоректену
Ұйқы безі-аралас секреция бездері. Ол қанға инсулин (қандағы қанттың төмендеуі, глюкозаның глюкозаның гликогенге айналуы) және глюкагон (кері реакция, қандағы глюкоза деңгейінің артуы) гормондардан бөліп шығарады. Ұйқы безінің асқорыту сөлін панкреатин деп атайды. Оның басты рөлі майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырату. Бірақ бұл бауыр өті қатыспаса жүзеге аспайды. Сонымен қатар ұйқы безі сөлінің құрамында қорытылатын нәруыздар, көмірсулар болады.
61.Суретте ұйқы безі бейнеленген Д)3
62.Аралас секреция без С)ұйқы
63.Инсулин реттейді С)қандағы қанттың төмендеуі
64.Ұйқы безінің асқорыту сөлі Д)панкреотин
65.Майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырауы іске асады В)өт қатысуымен
Гомеостаз
Ағза үнемі әртүрлі:температураның өзгеруі, ағзаға түрлі заттардың түсуі, дене жүктемесі, ауру тудыратын микробтардың енуі, ұйқы мен сергектіктің ауысуы әсерге ұшырап отырады. Ағза өзін сақтау үшін тіршілік көсеткіштерін белгілі бір деңгейде ұстауы керек.Бұл құбылыс гомеостаз деп аталады. Гомеостаз-қоршаған ортаның өзгеруіне қарамастан ағзаның өз көрсеткіштерінің тұрақтылығын сақтайтын жалпы қасиеті. Гомеостаз тек жеке ағзалардың қатысы емес. Табиғи экожүйеде өсімдіктер, шөпқоректі және жыртқыш жануарлардың саны тұрақты болады.Физиологиялық гомеостаз-қарапайымдылардан бастап көпжасушалы ағзаларға дейін әрбір ағзаға өзгермелі қоршаған ортада тіршілік көрсеткіштерінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
66.Ағзаның өз көрсеткіштерінің тұрақтылығын қасиеті В)гомеостаз
67.Ағза өзін сақтау үшін тіршілік көрсеткіштері С)белгілі бір деңгейді ұстауы
68.Табиғи экожүйедегі тірі ағзалар гомеостазы А)саны тұрақты болады
69.Ағзаның белгілі бір деңгейді ұстауы Е)гомеостаз
70.Қарапайымдылардан бастап көпжасушалы ағзаларға дейін әрбіп ағзаға өзгермелі қоршаған ортада тіршілік көрсеткіштері С)физиологиялық гомеостаз
Достарыңызбен бөлісу: |