Методы исследования сердечно-сосудистой системы: расспрос, осмотр и пальпация прекардиальной области, крупных и периферических сосудов. Перкуссия сердца
Қан айналымы — организм тіршілігінің маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін қанның тұйық жүрек - тамыр жүйесі арқылы үздіксіз қозғалысы. Негізгі қызметтері : - тасымалдау - тыныс алу - трофикалық - реттелу (гуморальдық ) - қорғаныстық - жылу алмасу
ЖҮРЕК Бұл жүйенің орталығы – жүрек. Ол насос тәрізді қанды сығымдап кан тамырларына айдайды да, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Жүрек - үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300 г), қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, жұмыр мүше.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген ариовентрикулярлық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып, қос қабат құрады да, тесіктерді жабатын екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады. Сонымен әр қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады.

Миокард - жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақты ет талшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Оның құрылысы қаңқа еттердің құрылысына ұқсас. Басқа қабаттарға қарағанда миокардтың ерекшеліктері бар.