Жүрек етінің жиырылу күші диастола кезіндегі кардиомиоциттердің созылу дәрежесіне байланысты болады, яғни жүрек еті диастола кезінде неғұрлым қатты керіліп созылса, соғұрлым оның жиырылу күші күшейеді (Франк – Старлинг (Жүрек заңы) заңы).
Жүректің жиырылу күші ет талшықтарының созылу дәрежесіне байланысты емес (Анреп эффектісі). Миоцит ұзындығы өспесе де жиырылу күші ұлғаяды. Жүректің жиырылу күшінің өзгеруі зат алмасуға байланысты. Мысалы: қантамырларға катехоломиндер әсер еткенде адреналин - АТФ түзілуі күшейеді, Норадреналин - АТФ-ыдыратады. Энергия босайды. Бұл энергия жиырылу күшін күшейтеді. Миоциттердің жиырылу күші жоғарылайды.