Жүректің жиырылу күші ет талшықтарының созылу дәрежесіне байланысты емес (Анреп эффектісі). Миоцит ұзындығы өспесе де жиырылу күші ұлғаяды. Жүректің жиырылу күшінің өзгеруі зат алмасуға байланысты. Мысалы: қантамырларға катехоломиндер әсер еткенде адреналин - АТФ түзілуі күшейеді, Норадреналин - АТФ-ыдыратады. Энергия босайды. Бұл энергия жиырылу күшін күшейтеді. Миоциттердің жиырылу күші жоғарылайды.
4. Жүрек қызметінің гомеометрлік реттелу механизмдері
6. Гидродинамикалық өзін-өзі реттеу. (Шидловский А.П.)
Жүрек қуысындағы гидродинамикалық өзгерістерді қабылдап, аралық нейрондарға, сосын мотонейрондарға жеткізіп отырады. Сөйтіп рефлекс арқылы жүрек қызметіне өзгерістеді. Жүректің осы дербес жүйке жүйесі оның бөлімдері қызметінің өзара байланысын, үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Мысалы: Сол қарыншадан қолқаға шығарылатын қанның мөлшері оң жүрекшедегі қан көлеміндей болады.
Жүрек ішіндегі шеткі рефлекстері мен олардың доғалары арқылы алдыңғы айтылған жүрек қызметі реттеуінің 5 механизмдері жүзеге асады. Олардың доғалары миокардтың интрамуральдық ганглиінде орналасады. ОЖЖ-не бармайды.
Жүрек ішіндегі шеткі рефлекстері мен олардың доғалары арқылы алдыңғы айтылған жүрек қызметі реттеуінің 5 механизмдері жүзеге асады. Олардың доғалары миокардтың интрамуральдық ганглиінде орналасады. ОЖЖ-не бармайды.
Алайда жүрек қызметі оның автоматиялық қасиетіне, клеткалық механизмдер мен жүректің өзіндегі шеткі рефлекстерге ғана байланысты емес.