Жүректін, сыртқы қабаты - эпикардоны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард — жүрек қапшығы. Эпикард пен перикард арасында жіңішке саңылау, ал онда аздаған серозды сұйықтық болады, бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап үйкелістен сақтайды.