Методы исследования сердечно-сосудистой системы: расспрос, осмотр и пальпация прекардиальной области, крупных и периферических сосудов. Перкуссия сердца



бет8/21
Дата16.03.2022
өлшемі6,35 Mb.
#28187
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ССС каз сердце

Қанның систолалық көлемі (ҚСК) немесе қанның соққылық көлемі деп бір систола кезіндегі жүректен айдалатын қанның көлемін айтады, ол жүректің кан айдау күшін көрсетеді (ЖСЖ минутына 70-75 болғанда – ҚСК - 65-70 мл тең), ол жүрек алдылық және жүрек соңғылық жүктемелерге де тәуелді

Минуттық қан көлемі (МҚК) – жүрек шығарылымы (сердечный выброс)

Жүректен бір минутта айдалатын қан көлемінің мөлшері (4,5 – 5,0 л)

Жүрек алдылық және жүрек соңғылық жүктемелері жайлы түсінік


Жүрек алдылық жүктеме – жүректің сол қарыншасының диастола кезеңінің аяғындағы қабырғасының ширығу немесе керілу дәрежесі, ол соңғы диастолалық көлемді (СДК) анықтайды, яғни жүрек еті диастола кезеңінде неғұрлым қатты созылып керілсе, соғұрлым оның жиырылу күші арта түседі (жүректің гетерометрлік заңы). Жүректің соғу жиілігі мен диастола кезіндегі құйылған қанның көлемінің жоғарлауы жүрек алдылық жүктемені өсіреді.

Жүрек соңғылық жүктеме – ол жүрек қарыншаларының систола кезіндегі жиырылу күші немесе қарынша қабырғаларының ширығу дәрежесі, ол соңғы систолалық көлемді (ССК) анықтайды. ССК алғашқы жүктеме мен жүректің жиырылу кезіндегі кездесетін кедергілерге байланысты: тамырлардың жалпы шеткі кедергісі, тамырлардың икемділігі, орташа артериалық қан қысымы мен сол қарынша шығыс жолындағы градиенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет