Методы психологического изучения кандидат на


Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы)



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі81 Kb.
#115725
түріСынақтар
1   2   3
Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы) зейінді, қабылауды және ойлауды зерттеуге арналған. Әдістеме күрделілігі арта беруі бойынша 5 серияға бөлінген 60 кесіндеме суреттен құралады.
MMPI сынағы әртүрлі талаптарға жауап беріп, тұлғаны жан-жақты түрде кешенді зерттеу әдісі болып табылады. Бұл сынақтың тиімділігі алынған мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз ететін арнаулы статистикалық өңдеуден өтуінде болып табылады. Сынақ жалпы адамның денсаулық жағдайына, психикалық ішкі органдардың қызметі сапаларына, ортадағы қарым-қатынастарына және жалпы әлеуметтік және моральдық ұстанымдарына қатысты болып келетін 384 пайымдаудан құралады. Бұл пайымдауларға Зерттелуші тұлға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді. Сынақтың қорытындыларын есептеудің психолог сүйеніп отыратын арнайы нұсқаулықтары бар.
Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО) жеке тұлғаның интеллектуалдық, пайымдыұ, көңіл-күй тұрақтылығы, жетекшілігі, көшбасшылығы сияқты маңызды қасиеттерін анықтауға арналған.
Амтхауэр сынағы алдымен тұлғаның ақыл-ой қабілетін зерттеуге бағытталады. Яғни адамның ойлау қабілеті, жағдайды түсінуі мен оған бейімделуі, түрлі мәселелерді шешу қабілеті зерттеледі. Ол арқылы ақыл-ой дамуының коэффициенті анықталады. Тек сан өлшемдері арқылы біржақты болып қалмау үшін зерттелушіге қандай тапырмалардың қиынға түскенін немесе жеңіл орындалғанын талдау қажет. Бір сынақтың нәтижелері арқылы адамның ақыл-ойын толық бағалау мүмкін болмағандықтан, оның пайымдауына, қабылау, зейін, ойлау, еске сақтау тәрізді жекелеген танымдық үрдістеріне назар аудару керек.
Бақылау әдісі. Зерттелушілердің тапсырмаларды орындау барысындағы мінез-құлын бақылау арқылы оның ақыл-ойын, зейінінің сапасын, шынайылығын, адалдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін, көңіл-күй ерекшелігін, жұмыс қабілеттілігін сиипаттайтын қасиеттері туралы бірқатар мәліметтер алуға болады. Бақылаушының назарына жалпы көпшіліктен жақсы не нашар жағына қарай ерекшеленіп тұратын тұлғалар айрықша түсіп отырады.
Ұғымталдықтың, зеректіктің және жедел еске сақтаудың жеткіліксіздігін көрсететін сінез-құлық белгілері. Нұсқауды оқып түсіндіргеннен кейін:
- мағынасыз сұрақтар қоюы және нұсқаулықтағы айтылған жайларды қайтадан сұрауы;
- жүзіндегі түсінбегендік белгісі, иығын көтеру, абдырағандықтың көрінуі;
- көршілес отырған адамнан түсінбегендерін қайталап сұрастыруы;
- нұсқауды таныстыру барысында жазып алып отыруы;
- жұмысты бастауға рұқсат берілгеннен кейін кідірістеу, көршісінің жұмысын қарауы, жұмысты ортасынан аяқтауы.
Зейіннің ауысып отыруының жеткіліксіздігін көрсететін белгілер.
- тәжірибе жүргізушінің нұсқауларын баяу қабылдауы;
- келесі тапсырмаға көшу туралы нұсқаудан кейін де бұрынғы тапсырмамен отыра беруі.
Жауапкершіліктің, тәртіптіліктің жоқтығын, зерттеуге жағымсыз тұрғыдан қарауын көрсететін белгілер:
- зерттеуді кесітуге бағытталған арандату сұрақтары, кері сөйлеу;
- тыныштық сақтауға, тәртіпке шақыруларды тыңдамау;
- әңгімелер айтып, шу тудыруы, қылжақбастық танытуы;
- көршісінен көшіріп алу.
Зерттелушілердің барлығы да өздерін жақсы жағынан көрсетуге ұмтылатындықтан, қызметке іріктеу жағдайында олар туралы шын мәніндегі объективті мәліметтерді алудың қиын. Сондықтан адамның ақыл-ой және сезімдік сапалары мимикалық, қимыл-қозғалыстық және интонациялық көрініс табатындықтығын ескеріп, осы жағына мән беріп отыру қажеттігі пайда болады.
Тұлғаның мимикасынан, яғни бет-жүзі мен көзінен оның айтып отырғанының ақиқатқа қаншалықты жақын екенін аңдауға болады. Ал интонациясы өзінің айтып отырған сөзінен гөрі де шындықты көрсетіп тұруы мүмкін. Тура жауап қатқанның өзінде де адамның мимикасы мен дауыс тоны оның ойының айтқан айтқан сөзінен басқаша екенін айқындап тұрады. Егер адам өзінің айтқанына сенімсіз болса, оның өз ойына күдікті екені мимикасы мен көздерінен байқалады. Мимика бойынша адамның ақыл-ой шапшаңдығы мен өзінің экстра- және интраверттілік сипаты, яғни оның әрқашан сыртқы ортаға қарай бағдарланатыны немесе өзінің ішкі дүниесіне қайта-қайта үңіле беретіні туралы баға беруге болады..
Мимика, сонымен бірге, адамның көңіл-күй арқылы жауап қатуларынан да хабар береді. Бет әлпетінің өзгерістері әңгімелесуде өзара байланысты әрқашан тұрақты көрсетіп тұрады, оған байыптап қарау арқылы адамның айтқанды түсінгені не түсінбегені, әлдене айтқысы келгені, әңгімеге ынталылығы, шын немесе жалған айтып отырғаны байқалады.
Сонымен бірге тәжірибелі адам әңгімелесу кезінде өзінің көңіл-күйін мимикасын, қимыл-қозғалысын бақылап, сырттай сыр бермей отыруы мүмкін, алайда көзінің қарашығындағы өзгерістерді бақылай алмайды. Жағымды көңіл-күй кезінде көздің қарашығы бірнеше есе ұлғаяды да, ал жағымсыз көңіл-күй болса, керісінше кішірейіп кетеді. Сол сияқты оның қуанышы мен ашуланғаны байқалады. Егер сіз бір адамдармен сөйлескенде өзіңізді жайлы, ал кедесі бір адаммен әңгімеде қолайсыз сезінетін болсаңыз, ол ең алдымен негізінен, пікірлесіңіздің сізге қандай көзбен қалай қарағанына және қарау ұзақтығына байланысты. Әңгімелесудің бір кезеңінде байланыстың орнауы көзқарастардың кездесіп қалуынан басталады. Сөйлескен адам әңгімелесу уақытың 60-70 пайызында пікірлесушіге қарап отырады, мысалы, сөйлесу уақытының 30 пайызынан төмен болса, жанары тайсақтай берсе, оның сөздері онша сенімділік тудырмайды.
Көзқарас қастың көтерілуі мен және жұмсақ жимиюмен сүйемелдене келсе, сөйлесуге ықыластылықты білдіреді, ал қастың төмен түсуі, қабақтың түйілуі еріннің қиықтарының төмен түсірілуі күдіктілікті, жағымсыз көзқарасты және сенімсіздікті білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда адамның мимикалары мен көзі «адам жанының, ішкі дүниесінің айнасы» болып табылады, кейде сырын білдіріп қоятын «сатқындығы» бар. Сондықтан қарым-қатынастық мимикалар мен жестілерді, еріксіз жасалатын қимыл-қозғалыстарды қалт жібермей бақылап, оларды жинақтап, пихологиялық тұрғыдан тиісті қорытындылар шығарып, олдарды салыстырып отыруға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет