Методы психологического изучения кандидат на


Есте сақтауды зерттеу әдістемелері



бет3/3
Дата16.10.2023
өлшемі81 Kb.
#115725
түріСынақтар
1   2   3
Есте сақтауды зерттеу әдістемелері. Тікелей естің сапасын, сонымен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді еске сақтауларды зерттеуге арналған тәжірибелік әдістемелердің ішінен төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.
- мәтіндерді қайта айтып беру;
- көрнекі-бейнелік есті зерттеу;
- он сөзді есте сақтап қалып, жатқа айту;
- сандардан құралған қатарларды есте сақтау.
Мағыналық мәтіндерді қайталап айту әдістемесі мағыналық материалдың еске сақталу көлемін, мәтіннің мағыналық еске сақталу шапшаңдығы мен дәлдігін, оның есте қайта құрастырылу сипатын, еске түсірудің жылдамдығы мен анықтығын, еске сақтау қабілетінің типін анықтап береді.
Алынған мәліметтердің негізінде зерттелушінің әрекет қарқыны, ойлау белсенділігі деңгейі мен бағытталуы, көңіл күй-ерік сапаларының жекелеген жақтары, ұйымдасқандығы мен іс-әрекеттің пайымды тәсілдерін меңгергендігі сияқты басқа да жеке-психологиялық қасиеттері туралы баға беруге болады.
Зерттеуді жүргізу үшін магнитофон таспасына жазылған екі мағыналық мәтін қажет болады. Еске сақтау және еске түсіру уақыты секундтық өлшеуіштің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістеме бойынша зерттеу екі кезеңнен тұрады: а) зерттеу нәтижелерін өңдеу және есепке алу, ә) зерттеу нәтижелерін бағалау. Бірінші кезеңде алынған нәтижелерге сапалық және сандық талдаулар жүргізіледі. Екінші кезеңде уақыт көрсеткіштері салыстырылып, «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман» деген 4 балдық түрде бағаланады.
Көрнекі-бейнелік есте сақтау әдістемесінде 25 шаршыдан құралған бланкі пайдаланылады. Оның шаршыларында орналасқан сандар, әріптер, геометриялық фигуралар және сағат циферблаттары болады да, негізгі бланкіге қоса еске түсіру үшін осындай 25 бос шаршыдан құралған қосымшасы беріледі. Еске түсіруге 2-3 минут уақыт беріледі.
Нәтижелерді бағалау шаршылардың дұрыс толтырылуы бойынша жүргізіледі, сол арқылы табыстылықтың коэффициенті шығарылады.
«Он сөзді еске сақтап, жаттап алу» әдістемесі еске сақтау көлемі туралы мәліметтер береді. Зерттеу үшін қысқа, бір және екі құрамды, бір-біріне байланысы жоқ 10 сөз алынады, алдын ала дайындалған осы сөздерді тәжірибе жүргізуші зерттелушіге асықпай, анық түрде оқып береді. Зерттелуші біртіндеп еске түсіре бастағанда, ол өзіндегі жазылған сөздердің айтылғанын сызып тастап отырады. Екінші кезеңінде, толық еске түсіру үшін осы сөздер қайталанады. Осылайша бес ретке дейін қайталайды. Содан кейін тәжірибе жүргізуші басқа тапсырмаларға көшеді де, бір сағаттай уақыт өткен соң, енді өзі қайталап оқымастан, әлгі сөздерді қайтадан еске түсіруді сұрайды.
Сандардан құралған қатарларды еске түсіру әдістемесін өткізу үшін 10 екі орынды санды таңдап алу керек. Ал жүргізілу тәсілі жоғарыдағы сөздермен өткізілген тәжірибеге ұқсас болады, соңынан тиісті шарттар бойынша еске сақтау қабілетіне балл бойынша бағалау беріледі.
Зейінді зерттеу әдістері ретінде мыналар қолданылады. «Түзетулік байқап қарау әдісі» арқылы ұзаққа созылған біртекті жұмыс кезінде зейіннің шоғырлануы мен ауысымдылығын зерттеу үшін қолданылады. «Сандар мен әріптердің тіркесі» тәсілі арқылы зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуі, уақыт тапшылығы жағдайындағы зейіннің жұмыс қабілеттілігі бағаланады. «сандарды іздеп табу» (қара-қызыл кесте – Горбов әдістемесі) тәсілімен зейіннің көлемі, бөлінуі, ауысымдылығы және жедел еске сақтау қабілеті зерттеледі. «Шульте кестесімен» адамның зейіннің тұрақтылығын және жұмыс қабілеттілігі зерттеледі.
Сол сияқты, «Шатасқан сызықтар» әдісімен зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын, «Ақыл-ой қозғалғыштығы» тәсілімен зейіннің ауысып бөлінуін, бір тапсырмадан қатесіз келесі тапсырмаға ауысу қабілеті зерттеледі.
Ойлау қабілетін зерттеу әдістері ішінен де тұлғаны зерттеуде пайдалану үшін тиімді болатын тәсілдер бар. «Күрделі ұқсатулар» әдістемесі тұлғаның күрделі логикалық қатынастар мен дерексіз байланыстарды бөліп алу қабілетін көрсетіп береді. «Силлогизмдер» әдісі арқылы логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Ал «Сөздермен логикасыз ойнау (Айзенктің тілдік-сөздік сынағы) арқылы адамның ақыл-ой қабілеті, стандартты емес ойлауды меңгеру деңгейі бағаланады.
Әңгімелесу әдісі тұлғадан жеке сауалнама, бланктік әдістемелер және басқа да зерттеу әдістері арқылы алынған мәліметтерді толықтай алғаннан кейін жүргізіледі. Сондықтан жеке тұлғаның мінездемесіндегі қандай да бір жеке ерекшеліктерді анықтауға мақсатты түрде бағытталады. Сонымен қатар тұлғаның қызығушылықтарын, оның себептерін, балалық өмірі мен жанұя жағдайындағы ахуалы да зерттелушінің назарынан тыс қалмайды.
Психофизиологиялық зерттеудің хаттамасын деректі рәсімдеп, құжаттау барысында тұлғаның төмендегідей сапа-қасиеттері көрсетіледі.
1. Белсенділік, жігерлілік, мақсаттылық деңгейі, мақсатқа жетудегі табандылығы.
2. Көңіл-күй қозғыштығы және күйзелістерге төзімділігі.
3. Көңіл-күй көріністерін және мінез-құлқын бақылау пәрсенділігі, өзіне өзі сын көзімен қарауы.
4. Жетекші өмірлік ұстанымдары немесе өмірлік девизі.
5. Ерік сапалары: шешімділік, ұстамдылық, өзін өзі басқаруы, есейгендігі.
6. Мінезіндегі менмендік, тәкапапарлық, өзін өзі шектен тыс жоғары бағлаушылық, өзгелердің мәселелеріне немқұрайды қараушылық т.б. осы сияқты сапалары.
7. Ашықтығы: ресми және бейресми. Іскерлік, көңіл-күйлік негізде байланыстар орнату қабілеті, тіл табысқыштығы, қарым-қатынастарды жалғастырып дамытуы. Әлеуметтік бейімделу қабілеті, жетекшіліке, көзге түсуге ұмтылуы.
8. Жанашырлығы: өзге адамдарды және олардың әрекеттерінің себебін түсіне және қабылдай білуі, өзгелерді тыңдай алуы.
9. Зейінінің, еске сақтау қабілетінің, ойлауының, соның ішінде ақыл-ойының даму дәрежесі.
Тұлғаның қасиеттерін анықтауда оның белсенділігі, жігерлілік әлеуеті, ақпаратты қисындық тұрғыдан өңдеу қабілеті, тіл табысқыштығы, адамдарды түсіне білуі батылдығы, шешімділігі, көңіл-күй тұрақтылығы сияқты сапаларының деңгейі әрқашан үлкен орын алады.
Тұлғаның ерік сапаларының, зейінінің, еске сақтау қабілетінің жоғары болуы мен оның түрлі жағдайларға тез бейімделуі және бұл сапаларын дамытылуы көп жағдайда кеңестелетін сапаларға жатады.
Сонымен қатар жедел-техникалық қызмет жағдайды мұқият бақылауды, жоғары жауапкершілікті сезінуді, жұмыс қабілеттілікті, орындаушылық сапаларды талап етеді.
Психологиялық қорытындының негізінде тұлғаның негізгі сапалары анықталады. Психофизиологиялық куәландыру қорытындыларында адамның әлеуметтік ортадағы ортадағы тіршіліндегі мүмкін мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге айрықша пайдалануға болатын жеке сапалары көрсетіледі. Сондай-ақ жүйке жүйесінің әлсіздігі мен қозғыштығы, психикалық сипатының тұрақсыздығы мен ауытқушылығы, ақыл-ой дамуының төмендігі сияқты сапалары болғандықтан жарамсыздығының себептері көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет