Орташа есеп әдісіне сәйкес кезең басындағы АӨ шығыны өндіріске толығымен таратылған және ағымдағы кезеңде жеке қарастыра алмайды.
Бірліктің өзіндік құны = (ағымдағы кезең шығыны + кезең басындағы АӨ өзіндік құны)/ эквиваленттік өнім көлемі
FIFO әдісі
Кезең басындағы АӨ дайын өнімге жекелеп жатқызылады, ал өнім бірлігінің өзіндік құны тек қана ағымдағы кезең шығындарын ағымдағы эквиваленттік бірліктерге бөлумен анықтайды.
Нормативтік ақау немесе жоғалтулар?
Өндіріс процесінің қалыпты (нормалды) ұйымдастырылған кезде туындаған ақау нормативтік ақау деп аталады (сұйықтықтың булануы, матаны пішуден қалған қалдықтар, жиһаз өндірісіндегі ағашты аралаудағы қалдықтар және т.б.).
Сонымен қатар мұндай ақау бақыланбайтын деп те аталады.
Нормативтен тыс?
Өндірісті қалыпты ұйымдастырудан күтпеген ақау нормативтен тыс немесе бақыланатын ақау деп аталады.
Мұндай ақау технологиялық процестің бұзылу не-месе жоспардың және басқарудың дұрыс болмауы-ның нәтижесінен туындайды.
Мысалы, компоненттерді дұрыс араластырмаунан, матаны дұрыс пішпеуден, төмен сапалы матаны қолданудан және т.б.