Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
Зорлық құрбандарына көмек көрсетудің мақсаты – олардың басынан
кешкен жарақатының теріс ықпалын келешек дамуына тигізер ықпалын азайту,
мінез-құлығындағы ауытқулардың алдын алу, қоғамдағы оңалтуды жеңілдеті.
Балаларға және олардың ата-аналарына практикалық көмек келесі негізгі
бағыттарында көрсетіледі:
-
балалармен жүргізілетін түзетуші-псхологиялық жұмыс;
-
балалар мен олардың ата-аналары арасында бірлескен жаттығуларды
өткізу.
Осы мақсаттарды басшылыққа алып, педагогтер келесідей тактикалық
міндеттерді шешуі тиіс:
•
бала, оның отбасы, қызығушылықтары, зорлық жағдайлары туралы
ақпаратты жинақтау. Баламен сұхбаттасу кезінде тек баланың, ешбір жағдайда
күш көрсетусіз өзі хабарлап отырған мәліметтерін ғана пайдаланады;
•
психологпен
бірлесіп,
зорлық
құрбанының
психологиялық
денсаулығы деңгейін бағалайды және көмектің басқа түрлерін қажетсіну
көрсеткіштерді анықтайды;
•
туындаған мәселелерді шешу үшін едәуір лайықты пайдалану
мақсатымен баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерделейді;
•
баланың мәселені өз бетінше шешуін қамтамасыз ететін жасырын
психологиялық ресурстарын шоғырландырады;
•
жеке үйлесімсіздік және әлеуметтік икемсіздігін түзетуді орындайды;
•
жеке тұлғаның келешек дамуындағы негізгі бағыттарды анықтайды;
•
отбасының өзге мүшелерін, туыстарын, құрдастарын, сенімді және
референтті тұлғаларды зардап шеккен балаға психологиялық қолдау көрсетуге
тартады.
Балаларға қатысты зорлық көрсетудің мәселесі әлдебір мамандарға
жүгінуге тікелей себеп болуы сирек кездеседі. Жиі жағдайда зорлық өзге
мәселелермен жұмыс жасағанда анықталады, мысалы: мінез-құлығындағы
өзгерсітер, мінез-құлығы мектептегі икемсіздік, отбасындағы даулар, сабаққа
келмеу және т.б. балаға көрсетілетін зорлықтың маркерлерін анықтауға болады
(2-
қосымша).
Зорлық анықталатын барлық жағдайларда маңызды міндеттердің бірі –
оқиғаның диагностикасын жүргізу және интервенцияның қажетті дәрежесін
бағалау (адамның жеке кеңістігіне психологиялық араласу, ал оның мақсаты –
белгілі оң өзгерістерді ынталандыру). Бұл жағдайда балалардың жасы өте
маңызды: неғұрлым бала жас болса, соғұрлым ол қорғанысты талап етеді.
Жасөспірім жасында балаға көрсетілетін зорлықтың мінез-құлық және
психологиялық индикаторлары ретінде девиантты мінез-құлығының тұтас
спектры шығады.
Балаға қатысты зорлықты анықтауда жұмыс үш бағытында көрсетіледі:
•
медициналық;
30
•
психологиялық-терапевтикалық;
•
әлеуметтік.
Әр педагог білім беру әкімшілігіне балаға көрсетілген зорлықтың белгілі
болғаны туралы ақпараттың дер кезінде жеткізілмеуінің салдары ретінде
(жағдайға байланысты, соның ішінде балаға қатысты қылмыстық әрекеттердің
орын алуы салдарынан оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгені)
тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық шара қолданылуына жетелейтінін есте сақтау
керек. Балаларға қатал қарау жағдайларын дер кезінде анықтау және қатал
қарағаннан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге көмектің шұғыл
көрсетілуі олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, олардың
оңалуы мен қорғанысын, қажетті көмекті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |