Девиантты мінез құлыққа бейім балалармен жүргізілетін жұмыс
Отбасының қолайсыз жағдайы, маскүнемділік, құқық бұзушылық пен ата-
аналардың селқостығы, бала тәрбиесіндегі дөрекілік нұсқалары, олардың
адамгершілік ар-намысын төмен түсіру, оларға психологиялық және дене
бітіміне зорлық көрсету қатер тобындағы балалардың пайда болуына және
балалардың заңмен келіспеушілікке түсуіне негізгі себеп болады. Балалар мен
жасөспірімдердің мінез-құлығындағы бұзылыстар, олардың әлеуметтік
икемсіздігі өзекті мәселе болып отыр.
Заңмен келіспеушілікке түскен балаларды келесі топтарға жіктеуге
болады:
1.
Қылмыс жасаған және сотпен түрлі қылмыстық жазаларға тартылған
балалар.
2.
Қылмыс жасаған және қылмыстық жазасынан немесе жауаптылығынан
босатылған балалар.
3.
Қоғамға құрамында қылмыстық белгілері бар қауіпті әрекет жасаған,
бірақ қылмыстық жауапқа тартылу жасына келмеген балалар.
4.
Қоғамға құрамында қылмыстық белгілері бар қауіпті әрекет жасаған,
қылмыстық жауапқа тартылу жасына жеткен, бірақ психологиялық дамуында
олардың өз әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) нақты сипатты және қоғамдық
қауіпті толығымен түсінуге немесе оларды басқаруға мүмкіндік бермейтіндей
тежеуі бар балалар.
Девиантты мінез-құлыққа бейім жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық
«бейнесі»:
Отбасындағы жағдай:
•
бала мінезін бақылауды іске асырудағы қиыншылықтар;
•
ата-аналар тарапынан тиесілі қадағалаудың болмауы;
•
тәрбиедегі жүйесіздік.
Мектептегі жағдай:
•
ең алдымен сабаққа қатыспауы түрінде көрініс беретіндей оқуға
ынтасының болмауы;
•
төмен деңгейдегі оқу үлгерімі;
•
сыныпта нашар мінез-құлық көрсетуі;
•
мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынас құруындағы
қиыншылықтар.
Құрдастарымен қатынастары:
•
әлеуметке жат көзқарастары және беталыстары бар достары мен
жолдастарының болуы, оның салдары ретінде, жақын қоршаған ортасында
34
әлеуметтік бейімделген құрдастарының кем саны немесе олардың мүлдем
болмауы;
Психологиялық
белсенді
заттегілерді
(ПБЗ)
пайдаланудағы
қиыншылықтар – есірткі/ішімдік:
• ішімдіктерді немесе есірткіні кездейсоқ немесе тұрақты пайдалануы;
Бос уақыты мен қызығушылықтары:
•
бос уақытын өнімсіз жаратуы;
•
бос уатының жеткілікті ұйымдастырылмауы.
Жеке қасиеттері мен мінезі:
• Гипер белсенділік, зейініндегі бұзылыстар;
• Физикалық агрессия;
• Вербальдық агрессия;
•
ашуын білдірудегі сабырсыздық;
•
өзін-өзі бағалаудағы қиыншылықтар (тым жоғары немесе тұрақсыз).
Құндылықтар мен әлеуметтік ұстанымдарының жүйесі:
•
қиыншылықтың орын алғанын мойындауға және көмекке жүгінуге дайын
болмауы;
•
әлеуметке қарсы және қылмыстық ұстанымдарының болуы.
Кәмелетке толмаған бала дамуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдай:
•
отбасындағы қаржы немесе тұрмыстық қиыншылықтардың болуы;
•
отбасында күшті эмоционалдық жарақат алуы;
•
ата-аналарының ішімдік/есірткіге салынуы;
•
ата-аналарында қылмыстық тәжірибесінің болуы.
Осылайша, кәмелетке толмаған құқық бұзушы дегеніміз – бұл ата-аналары
бойынша «тәрбие беру құзыреттілігі» төмен деңгейде қалыптасқан отбасынан
шыққан, мектепте қиыншылықтары бар (ең алдымен, оқуға ынтасының
болмауы салдарынан), әлеуметке жат адамдармен қатынасы қалыптасқан, бос
уақыты ұйымдастырылмаған бала. Оның ішімдікті және/немесе өзге де ПБЗ
пайдаланудағы кездейсоқ немесе жүйелі пайдалануында тәжірибесі бар. Ол өзін
өзі түсінуінде жоғары болмайтын дәрежесімен және құндылықты-нормативтік
аясындағы,
сонымен
қатар
эмоцияларын
жігерімен
басқарудағы
қиыншылықтардың орын алуымен сипатталады. Отбасындағы қаржы,
тұрмыстық, эмоционалдық қиыншылықтар кәмелетке толмаған баланың
әлеуметке қарсы немесе қылмыстық бағдарының қалыптасуымен байланысты,
бірақ, жинақтала келе, олар жеке тұлғаның қалыптасуындағы ерекшеліктермен
бірлесе отырып, кәмелетке толмаған баланың заңмен келіспеушілікке түсуі
қатерін арттыра түседі
[23].
Девиантты мінез-құлық танытуға бейім балалармен жұмыс жүргізгенде
мамандар қызметіндегі келесі бағыттарға назар аудару қажет:
1.
Сынып жетекшілері: девиантты мінез танытуға бейім балаларды
анықтау бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін
себептердің алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын
түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен
психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген іс-
35
шаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарын
жүргізуі
қажет.
2.
Әлеуметтік педагог: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау
бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің
алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын түзуге
қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен
психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген іс-
шаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарына
қатысуы
қажет.
3.
Педагог-психолог: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау
бойынша жұмыс жүргізеді; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің
алғашқы диагностикасын жүргізуге қатысады; түзету жұмысының жоспарын
түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен
психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген іс-
шаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарын
жүргізеді.
4.
Пән оқытушылары: девиантты мінез танытатын балаларды анықтауға
қатысады; сынып жетекшілерін девиантты мінез танытқан оқушылармен
байланысты оқиғалар туралы хабардар етеді; білім алушылардың девиантты
мінез танытуының алдын алу және болдырмау шараларын іске асыруға ат
салысады; білім алушылармен сыныптан тыс жұмыс жүргізеді (спорттық
секциялар, факультативтер, клубтар).
|