Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет22/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге

5) Жалпы білім беретін сыныптың/топтың педагогі де 
(мұғалім/тәрбиеші) ресурстық бөлме командасының мүшесі болып табылады, 
сыныпта өткізген тұрақты уақытына қарамастан, тізімдік құрамында балалар 
болғандықтан, сынып мұғалімі жауапкершілігі аймағында қалады. Сондықтан 
тұрақты сыныптың/топтың педагогі ресурстық бөлменің ассистенттері және 
мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, тәлімгерлермен байланыс 
орнатады. Жалпы білім беретін сынып/топ мұғалімінің міндетіне: ресурстық 
бөлменің педагогімен бірлесе отырып, аутизмді оқушыға бейімделген білім 
беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарын құрастыру, өзінің сыныбы 
жағдайында оқушысын оқу процесіне ұйымдастыру, ресурстық бөлменің 
педагогіне жалпы білім беретін сыныптың оқу бағдарламасы бойынша кеңес 
беру, аутизмді балаларға қолайлы орта жасау кіреді.
6) Білім беру ұйымының әкімшілігі директор, директордың 
орынбасарлары және т.б. Аутизмді балалардың пайда болуымен әкімшілікте 
айрықша міндеттер пайда болады: ресурстық бөлменің және жалпы білім 
беретін сыныптың/топтың мамандарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру, осы 
өзара іс-әрекетті реттейтін нормативтік құжаттар әзірлеу, ресурстық бөлмеге 
немесе тұрақты сыныпқа/топқа баратын әрбір баланың сабақ кестесін жасау 
және бекіту, оқушының бекітілген бейімделген білім беру бағдарламаларына 
сәйкес ресурстық бөлменің қызметін, мектеп педагогтерін бақылау.
7) Ата-аналар қауымдастығы өкілдері. Оқушылардың ата-аналары 
тәлімгердің ұсынысы немесе өз бастамаларымен ресурстық бөлме 
мамандарының барлық командасы қатысатын онлайн-кеңес өткізуге жүйелі 
түрде катысады.
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беретін ортаға табысты қосудың 
кепілі 
ресурстық 
бөлме 
мамандарының, 
жалпы 
білім 
беретін 
сыныптардың/топтардың педагогтері мен білім алушылардың өзара іс-әрекет 
жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Осыған байланысты, білім беру 
ұйымдарындағы ресурстық бөлме аутизмді балаларға арналған тапшылықтың 
орнын толтыру және оларды қолдау орны. Аутизмді оқушы базалық дағдылар 
деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарына оқуға келген кезде, олардың 
кейбіреулері оқуларын бірден инклюзивтік сыныпта/топта бастай алады, ал 
кейбіреулері оқуға кейінірек, яғни бірте-бірте ресурстық сыныптар арқылы 
қосылады [27].
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беретін сыныпқа/топқа қосу процесі 
жүзеге асатын критерийлерді қарастырайық. 


59 
− 
Оқушы 80% жағдайда ересектердің (мұғалімдер, ассистенттер) 
нұсқауын негізге алады. 
− 
Оқушы кем дегенде 15 минут қатарынан білім беру процесіне кедергі 
келтіруі мүмкін, мінез-құлықты көрсетпейді. 
− 
Оқушы адекватты жолмен педагогтің назарын өзіне аудартуы мүмкін 
(өтініш жасау, көмек сұрау, өзінің ниетін ауызша немесе байланыстың балама 
жүйесін пайдалану арқылы хабарлау). 
− 
Оқушы өзінің келісімін немесе бас тартуын адекватты түрде білдіре 
алады. 
− 
Оқушы өзіне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін, мінез-
құлықты көрсетпейді.
Оқу жылы басталғанға дейін әрбір оқушы үшін осы критерийлерді 
анықтау аса маңызды, өйткені жалпы білім беретін ортаға қосылуға дайын 
оқушылар, оқу жылының бірінші күнінен бастап жалпы білім беретін сыныптан 
бастаулары керек. 
Практикалық тәжірибенің негізінде педагогтер мен мамандар ресурстық 
бөлмеге барудың 2 режимін бөліп көрсетеді.
1-
ші режим. Оқушы 50 % -дан астам оқу уақытын жалпы білім беретін 
сыныпта/топта оқиды. Бұл баланың бағдарламасы жалпы білім беретін 
сыныптың/топтың бағдарламасына ұқсас болғанда мүмкін болады. Жақсы оқу 
үшін қажетті дағдыларды мүмкіндігіне қарай қалыптастыру оқушының 
инклюзивті сыныпқа бару уақытын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда ресурстық бөлменің міндеттеріне оқушыда қиындық 
тудыратын оқыту мақсаттарын алдын ала және қосымша өңдеу жөніндегі іс-
шаралар, түзеу сабақтары, сенсорлық жеңілдету кіреді.
Осыған сәйкес, оқушы уақытының көп бөлігін жалпы білім беретін 
сыныпта/топта өткізеді, ал ресурстық бөлменің командасы оқу үшін барлық 
қажетті жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет