Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Өмірлік кеңістікті ұйымдастыру және бейімдеу: жұмыс орнын, 
демалыс орнын және бала болатын басқа да жерлерді;
2. 
Педагог-ассистент пен мұғалімнің дамуында ерекшеліктері бар 
оқушының жақын даму аймақтарын түсінуі, оның ішкі, жасырын ресурстарына 
сүйену, жүктемені мөлшерлеу, оқу материалын бейімдеу, оқу құралдарын 
бейімдеу.
Педагог-ассистент жұмысының бұдан да нақты міндеттері ЕБҚ бар 
балалардың мүмкіндіктері мен жеке қасиеттеріне байланысты. Әрбір нақты 
жағдайда дамуында ерекшеліктері бар балаларды жалпы білім беретін 
кеңістікке табысты қосу үшін қажетті жағдайлар әртүрлі болады. Әр оқушы өз 
алдына бірегей. Оқушы жүрген мектеп ортасының да өзіндік ерекшеліктері
ресурстары бар. Сондықтан педагог-ассистент үшін жеке міндеттерді 
тұжырымдау нақты мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумы 
мамандарының жауапкершілігіне жатады.
Нақты сыныптағы педагог-ассистент жұмысының ерекшелігі неде?
Педагог-ассистенттің сүйемелдеу қажеттігі туралы шешімді жергілікті 
ПМПК ұсынымдамасы мен ата-ананың өтінішін ескере отырып, мектеп 
консилиумы қабылдайды. Әрбір білім беру ұйымдарында осындай балалар 
үшін оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі жеке сызбалары бар. Оларға 
сәйкес педагог-ассистенттің әрбір нақты баламен жұмыс істеуінің өзіндік 
ерекшелігі болуы мүмкін. Өзінің қызметінде орындайтын педагог-ассистенттің 
негізгі рөлін қарастырайық.
1. 
ДМШ оқушының дербес қолдаушысы. Мұндай жағдайда педагог-
ассистент оқу процесіне жеңіл және нақты қосылуына көмектесетін маманның 


71 
қызметін өзіне алады, сондай-ақ барлық сыныптың білім беру сапасын 
төмендетпей, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушының қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету жұмысында мұғалімге көмектеседі. Мысалы, педагог-ассистент 
баланы қай кезде тақтаға шақыру орынды екені туралы мұғаліммен алдын ала 
келісе алады.
Оқу материалын оқушының мүмкіндіктеріне бейімдеуде педагог-
ассистенттің көмегі қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда педагог-ассистент 
мұғалімнің не айтып жатқанын бақылайды және балаға түсінікті көлемде және 
деңгейде материалды меңгеруге көмектеседі. Бұл кезде бала сыныпта болады, 
мұғалімді де, оқушылардың жауаптарын да тыңдайды, бірақ тапсырмаларды 
оның жеке білім беру бағытына сәйкес орындайды [20].
Сабақ кезінде оқушының белсенділігі педагог-ассистенттің бақылауында 
болады. Мысалы, педагог-ассистент оқушыға тақтадан неше сөз жазу керектігін 
айта алады, бір тапсырмадан екіншісіне көшу кезінде оған бағыт бере алады. 
Осылайша, педагог-ассистент қарамағындағы баланың білімін біртіндеп 
кеңейтіп және баланы сыныпта оқуға бейімделуге көмектесіп, оны оқытуды 
бақылауына алады.
2. 
Сыныптағы екінші мұғалім. Мұндай тәсіл кейбір шетелдік (атап 
айтқанда, кейбір американдық) мектептерде таралған. Баланы өз бетінше оқуға 
қабілетсіз деп тану оның құқығын бұзушылық болып табылатындығына 
байланысты, дамуында ерекшеліктері бар бала оқитын сыныпта екі мұғалім 
жұмыс істейді, олар алмасып отырып барлық балаларға оқуға көмектеседі, ал 
дамуында ерекшеліктері бар балаға көп дәрежеде көмек береді.
3. Балалар тобы үшін педагог-ассистент. Егер сыныпта ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар оқушы біреуден көп болса, педагог-ассистент бірнеше 
оқушымен жұмыс істей алады. Біздің еліміздегі педагог-ассистенттің 
жұмысына мысал ретінде мәскеулік мектептердің бірінің тәжірибесін келтіре 
аламыз. Сыныпта сабақты басқаруды бір мұғалім жүзеге асырады, ал екіншісі 
барлық оқушылардың үй тапсырмаларын тексереді, әрқайсысының, оның 
ішінде дамуында ерекшеліктері бар оқушының өздік жұмысы барысын 
қадағалайды.
ЕБҚ бар баланы қолдау процесінің жеке сипатын ескере отырып, 
көрсетілген рөлдер әрбір жеке жағдаяттың ерекшелігіне байланысты үйлесуі, 
түрленуі, ерекшеленуі мүмкін.
Баланың дамуы және оның дербестігін дамыту белгілі кезеңдер бойынша 
жүргізіледі: 
1. 
дамуында ерекшеліктері бар оқушы мен педагог-ассистент бір партада 
бірге отырады, педагог-ассистент балаға барлығына көмектеседі;
2. 
оқушы жалғыз, содан кейін (сол сәтте) сыныптың басқа оқушысымен 
отырады, педагог-ассистент – артта немесе алысырақ;
3. 
педагог-ассистент барлық сабақтарға келмейді, тек қана оның көмегі 
қажет болатын сабақтарға (мысалы, жазбаша) келеді;
4. 
педагог-ассистент күнде келмейді;
5. 
бала өз бетінше оқиды.


72 
Әрине, тьютордың қарым-қатынастар жүйесінен толық шығуы кейде 
мүмкін болмай жатады, бірақ бұл - өте тамаша мақсат және оған талпыну 
керектігін әрқашан ұмытпау қажет. Көптеген жағдайларда бала дербес бола 
алмайды емес, ересектер оған сондай болуға мүмкіндік бермейді [20].
Қолдаушы ассистент-педагог пен мұғалім барлық мүмкін болатын 
жағдайларда бір команда болулары тиіс, ЕБҚ бар балаларға қатысты сарапшы, 
әрі мұғалім, әрі педагог-ассистент бола алады. Бұнымен қоса, оқушы санасында 
мұғалім жетекші рөл атқарады деген ұғымды есте сақтаулары қажет.
Педагог-ассистентті Педагогикалық қызметкерлер лауазымдары мен 
оларға теңестірілген тұлғалардың тізбесіне қосу мектептердің штаттық 
кестесіне лауазымды енгізуге және бюджеттік қаражат есебінен оның 
жұмысына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді.
Барлық білім беру деңгейінің инклюзивті білім берудегі педагог-
ассистенті (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және 
кәсіптік, жоғары кәсіптік, қосымша білім беру) – инклюзивті білім беру 
жағдайында ЕБҚ бар білім алушының, тәрбиеленушінің, студенттің тұлғалық 
психофизикалық дамуы мен жеке мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен 
қажеттіліктерінің 
ерекшеліктерінен 
туындайтын 
жеке 
білім 
беру 
бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру процесіндегі қолдауға 
арналған педагог.
Қазіргі таңда педагог-ассистенттің қызметін ресімдеуге, еңбекақы төлеу 
жүйесін және жұмыс сапасын материалдық ынталандыруға қатысты мәселелер 
әзірлену үстінде. Педагог-ассистент жұмыс істейтін әрбір ұйымда жергілікті 
мемлекеттік органдардың әкімшілік, ұйымдастырушылық, қаржылық және 
басқа да мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілетін жеке моделі жасалатын болады. 
Педагог-ассистент қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету штаттық 
кестеге педагог-ассистент лауазымын енгізу, не болмаса қолданыстағы педагог, 
тәрбиеші, әлеуметтік педагог, психолог лауазымдарын кеңейту немесе өзгерту 
есебінен жүзеге асырылуы тиіс.
Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистент қызметінің 
негізгі бағыттарының бірі білім беру қызметінің мазмұны мен 
ұйымдастырылуын, 
баланың 
бейімделу 
және 
даму 
кезеңдерін, 
әлеуметтендірудің кезендері мен ерекшеліктерін, баланың ата-анасымен, 
құрдасымен жүргізілетін жұмысты көрсететін ЕБҚ бар балаларды қолдау 
құжаттарын жүргізу болып табылады.
Педагог-ассистент жүргізетін негізгі құжат бақылаулар күнделігі немесе 
басқа жазба түрі бола алады. Оны жүргізудің мақсаты баланың өзгерістерін 
тіркеуге және даму динамикасын бақылауға мүмкіндік беретін есептіліктің 
қажеттілігі болып табылады. Педагог-ассистент, күн сайын баланың сабақтағы 
және сабақтан тыс жай-күйі мен қызметін, оның барлық жетістіктері мен пайда 
болған қиындықтарын жазба арқылы көрсетеді. Бұдан басқа, ата-аналар танысу 
үшін 
мектептің 
психологиялық-педагогикалық 
консультациясының 
отырыстарына ұсынылатын материал болғандықтан, баламен жұмыс істеудің 
тиімді формалары да көрсетіледі. Баланы қолдау командасының барлық 


73 
қатысушылары бірлескен, жан-жақты көмек пен қолдауды ұйымдастыруға 
арналған бақылаулардың маңызы зор екенін түсінулері тиіс.
Бақылаулар жазбасының формасы еркін болуы немесе нақты 
тапсырмаларды есепке ала отырып, мектептің психологиялық-педагогикалық 
консилиумы әзірлеуі мүмкін. Осыған сәйкес, баланың мектепке келген кездегі 
диагностика барысында алған бастапқы сипаттамаларымен болған өзгерістерді 
салыстыру нәтижесі болып табылады. Негізгі параметр ретінде дене дамуы; 
когнитивтік дамуы; әлеуметтік-эмоционалдық дамуы; коммуникативтік 
мүмкіндіктері, сабаққа деген қарым-қатынасы, мектеп дағдылары алынуы 
мүмкін.
Әрбір анықталған қиындық немесе проблема бойынша білім беру 
процесінің әрбір кезеңінде білім алушының мүмкіндігі мен оқу 
бағдарламасының талаптары, сондай-ақ өтемақы мүмкіндіктерінің амалдары 
немесе осы айырмашылықты меңгеру арасындағы айырмащылықтарды 
көрсететін жекелеген бақылаулар жасалуы мүмкін.
Баланы қолдаушы команданың мамандары білім беру ұйымдарының 
жергілікті актілері ретінде бекітілетін басқа да құжаттарды толтырады. 
Педагог-ассистент баланың мүмкіндіктерін, жұмыс істеуге қажетті 
проблемаларын айқындауды, аталған білім алушымен жеке жұмыстағы 
міндеттерін анықтауды нақты бағалауға көмектесетін кез келген жазбаны 
жүргізеді [29].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет