Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Жалпы ұсынымдар 
Білім алушылардың бұл тобы үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері 
қарастырылады: білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке 
алу білім алу жағдайлары (графо-моторлы дағдыларды, кеңістік және уақыт 
түсініктерін қалыптастырудың арнайы тәсілдері, жаңа материалды меңгеру 
кезінде салыстыру, қарама қарсы қою тәсілдері, арнайы жабдық, оқу және 
түзету сабақтарының үйлесімділігі) арқылы іске асырылады. Арнайы оқыту мен 
қызметтер физикалық терапияны, психологиялық және логопедтік көмекті 
қамтуы тиіс. Оқытудың практикалық бағыттылығы, яғни әлеуметтендіруге 
және автономды тәрбиелеуге бағыттылық. 
ТҚАБ баланы ол орнынан еркін тұра алатын және партадан шыға алатын 
қатарға және партаға отырғызу қажет.
Қозғалыс бұзушылықтары бар балаларда жазуды үйренудегі қиындықтар, 
ең алдымен, саусақтарының қапсыра ұстау функциялары жетілмеуіне немесе 
бұзылуына байланысты. Балалар өте баяу жазады, жазулары анық емес, әріптер 
бір жолдан екінші жолға секіріп тұрады, көлемі бойынша да әртүрлі, жол 
сақталмайды. Педагог қозғалыс патологиясы бар балаларда жазу актісі өте баяу 
қалыптасатынын ескеру керек. Затты қапсыра ұстау және ұстап тұру 
қызметтерінің қалыптаспауы, күштеп қозғалысқа келтіру және бұлшық ет 
күшін қозғалыс міндетімен сәйкес келтіре білмеу оқу, еңбек және тұрмыстық 
операцияларды орындауға кедергі келтіреді.
Кейбір балаларда оқу әрекетінің ерекшеліктері көру-моторлы 
координациясының қалыптаспауына, яғни қолдары мен көздерінің келіспей 
жұмыс істеуіне байланысты болып жатады. қозғалыс патологиясы ауыр 
оқушылар жазу кезінде дәптердің және оқу кезінде кітаптың жолын 
сақтамайды, өйткені бір жолдан екіншісіне сырғып кетеді, соның салдарынан 
оқығанының мағынасын түсінбейді және өзінің жазғанын тексере алмайды. 
Кеңістік туралы түсініктерінің қалыптаспауы математиканы меңгерудің 
бастапқы сатысында байқалады. Санның құрамын зерделеген кезде балалар 
оны жекелеген заттар түрінде орналастыра немесе елестете алмайды. Алайда, 
жекелеген геометриялық фигураларды елестету және олардың сызбасын 
орындау білігін жандандыратын, геометрия мен тригонометриядан материалды 
меңгеру процесі олар үшін ерекше қиындық тудырады. Кейбір оқушыларда 
географиядан бағдарламалық материалды меңгеру кезіндегі қиындықтар (әлем 


79 
бөліктерінің орналасуы, өзендер ағысының бағыты және т.б.) кеңістік туралы 
түсінігі мен жадының жеткіліксіз қалыптасуымен байланысты болады; бұл 
контурлық карталармен жұмыс істеген кезде анық байқалады. Осылайша, 
қозғалыс бұзылыстары осы топтағы оқушылардың оқу әрекетінің 
спецификасын едәуір дәрежеде айқындайды. Қозғалыс дағдылары мен 
біліктерінің қалыптаспауы ‒ тек бұзылған моториканың нәтижесі емес, 
сонымен бірге одан да күрделі функциялардың жетіспеушілігінен, олардың 
негізінде қозғалыс жатыр (көру-моторлы координация, кеңістікті талдау мен 
синтез). 
Қозғалыс бұзылыстары бар оқушылардың оқу әрекетіндегі ерекшеліктер 
едәуір дәрежеде сөйлеу тіліндегі бұзылыстармен де айқындалады.
Ауызша жауап бергенде мұндай оқушылар өз ойларын үнемді, қысқа 
білдіруге тырысады, олар сөздік штамптармен және тек мұғалімнің 
сұрақтарына ғана жауап береді. Балалардың қойылған сұрақтарға тез жауап 
беруге қиналатын кездері болады, жауап беру үшін оларға қандай да уақыт 
керек болады. Жауап беруге дайындалу тілдік аппаратты қажетті күйге 
келтіруді талап етеді (күшпен қозғалтуды жеңу, тыныс алуын дайындау, 
дауысты еріксіз қосу). 
Жаңа білімді меңгеру процесін жеңілдету үшін әртүрлі: көру, есту және 
тактильді анализаторлардың жұмыс істеуін талап ететін әдістемелік тәсілдерді 
пайдалану қажет. Сондықтан әр сабақта оқытудың көрнекі құралдарын 
(картиналар, 
кестелер, 
сызбалар, 
графика, 
профильдер, карталар, 
мультимедиялық презентациялар) пайдалану қажет. Баяндау дәлдігін, 
материалдағы басты мәселені көрсетуді, оны меңгеру және есте сақтау үшін 
қолайлы, аздаған порциялармен баяндауды анықтайтын, тірек конспектілері 
бойынша жұмыс істеу әдістемесі оқушыларға білім жүйелерін меңгеруде 
жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді. Жаңа материалды зерделеген кезде 
демонстрациялық экспериментті, оқытудың техникалық құралдарын, 
аудиокөрнекі құралдарды көбірек қолдану қажет.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды дені сау құрбыластарының 
ұжымында оқыту бойынша ұсынылып отырған ұсынымдар негізгі 
бұзылысымен байланысты қиындықтарды ескере отырып құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет