Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Жалпы ұсынымдар 
Нашар еститін баламен әңгімелескен кезде оған қараңыз. Өзіңіздің 
бетіңізді қараңғылатпаңыз және қолдарыңызбен, шашыңызбен немесе қандай 
да заттармен жаппаңыз. Сіздің әңгімелесушіңіз сіздің бет әлпетіңізді бақылай 
алуы керек.
Кейбір балалар ести алады, бірақ жекелеген дыбыстарды дұрыс 
қабылдамайды. Мұндай жағдайда қажетті деңдейді таңдап алып, аздап қатты 
және анық сөйлеңіз. Басқа жағдайда дауыстың жоғарылығын ғана төмендету 
керек болады, өйткені бала жоғары жиіліктерді қабылдау қабілетін жоғалтқан. 
Анық және бірқалыпты сөйлеңіз. Бір нәрсені басып айту қажет емес. 
Айғайлауға, әсіресе құлағына, мүлдем қажет емес. 
Егер Сізден бір нәрсені қайталауды сұраса, өз сөйлеміңізді басқа 
сөздермен жеткізіп көріңіз. Ымды пайдаланыңыз. Сізді түсінгеніне көз 
жеткізіңіз. Егер Сіз айтып жатқан ақпаратта нөмір, күрделі термин, мекенжай 
болатын болса, оны дәл түсінетіндей етіп жазыңыз.
Сізді қоршаған орта туралы ұмытпаңыз. Үлкен немесе адам көп жиналған 
үй-жайда адамдармен сөйлесу қиын.
Әңгіменің тақырыбын ескертусіз ауыстырмаңыз. «Жақсы, енді бізге 
мынаны талқылау керек…» деген сияқты өтпелі фразаларды пайдаланыңыз.
Жазу кезінде балалармен әр сөздің мағынасын талдау керек. Мұндай 
балалар мәтіндерді сөзбе-сөз есте сақтайды, сөзінде біртекті грамматикалық 
конструкцияларды, бірдей сөздер мен тіркестерді пайдаланады, тілдері өте 
кедей келеді. 
Есту қабілеті бұзылған оқушы міндетті түрде есту протезін қолдануға 
тиіс, яғни жеке есту аппараты болу керек.


77 
Жалпы білім беретін сыныпта есту қабілеті бұзылған баланы оқытатын 
мұғалім:

баланы бірінші партаға отырғызуға;

оған арқасымен бұрылмауға;

балаларға қарап тұрып, сұрақтарды анық қоюға; есту аппараттарының 
жұмыс күйін тексеруге;

сөйлеп отырған баланың бет әлпетін көру үшін оған артына қарауға 
рұқсат беруге;

оқу материалын толық және терең түсіндіру мақсатында көрнекілікті 
кеңінен қолдануға тиіс. 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған (ТҚАБ) балалармен жұмыс бойынша 
педагог-ассистентерге арналған әдістемелік ұсынымдар 
ТҚАБ балалардың санаты құрамы бойынша біртекті емес топ.
ТҚАБ балалардың көпшілігі церебралды параличпен ауырады (89 %) 
және бала күнінен бастап мүгедек болып табылады. Заманауи деректер балалар 
церебралды параличі бойынша мүгедектіктің басым болып тұрғанын көрсетеді 
(БЦП), ол барлық орталық жүйке жүйесі ауруларының арасында 60% құрайды.
Қозғалыс бұзушылықтары бар балаларды жалпы білім беретін процеске 
қосқан кезде оны жүйелі, барабар, үздіксіз психологиялық-медициналық-
педагогикалық қолдауды және қосымша педагог-ассистенттің (жеке) қолдауын 
ұйымдастыру міндетті шарт болып табылады.
Бұл санатқа: 

өз бетінше немесе ортопедтік құралдарды қолданып қозғалатын, 
қалыпты психикалық дамыған және анық сөйлей алатын, әртүрлі 
этипатогенезде тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар жатады. 
Бұл балалардың жеткілікті зияткерлік дамуы оларда сенімділіктің болмауымен, 
шектеулі дербестікпен, жоғары иланушылықпен жиі үйлеседі. Тұлғалық 
жетілмегендік аңқаулық пен ойлауда, өмірдің тұрмыстық және практикалық 
мәселелерінде нашар бағдарланушылықта байқалады.

ортопедтік құралдардың көмегімен қозғалатын немесе өз бетінше жүріп-
тұру мүмкіндігінен айырылған, нейросенсорлы бұзылыстармен қатар 
манипулятивті мүмкіндіктерінің шектелуі мен әртүрлі дәрежеде көрінетін 
дизартриялық ауытқулардың белгілері, танымдық және әлеуметтік 
қабілеттерінің жеңіл дефициті бар балалар. 
ТҚАБ кезінде психикалық дамудың тежелуін, көбінесе, балалардың ақыл-
ойының одан әрі қолайлы даму динамикасы сипаттайды. Олар білім алу кезінде 
ересек адамның көмегін оңай пайдаланады, оларда жаңа материалды жеткілікті, 
бірақ біршама баяу меңгеру байқалады. Тиімді коррекциялық-педагогикалық 
жұмыс кезінде және педагогтың дербес қолдауымен бала ақыл-ой өрісінің 
дамуында құрбылыстарын тез қуып жетеді.
ТҚАБ балалардың ерекше білім беруге қажеттіліктері қозғалыс 
бұзылуларының спцефикасымен, сондай-ақ психикалық даму бұзылыстарының 


78 
спецификасымен беріледі және оқу процесін құрудың ерекше логикасын 
айқындайды, өзінің көрінісін білім беру құрылымы мен мазмұнынан табады.
Білім алушылардың бұл тобы үшін жалпы білім беретін мектепте оқу 
олар үшін кедергісіз орта құрылған жағдайда, арнайы қондырғылармен және 
жеке бейімделген жұмыс орнын қамтамасыз еткен кезде ғана мүмкін болады. 
Бұдан басқа, ТҚАБ бар балалар әртүрлі көмек түрлеріне (сабақта қолдауға, өз-
өзіне қызмет көрсетуде көмекке) мұқтаж, бұл бастапқы оқыту кезеңінде қажетті 
жеңіл режимді, психологиялық және коррекциялық-педагогикалық көмекті 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет