Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Жалпы ұсынымдар 
Арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында ақыл-ой кемістігі бар 
балалармен жұмыс істеуде педагог-ассистенттің басым бағыттары: 

жеңіл немесе бірқалыпты ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін тиісті оқу 
бағдарламаларын тұлғаға бағыттап іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында 
кешенді диагностикалауды жүргізу; 

кейіннен түзей отырып, әр баланың оқу жылына арналған жеке даму 
бағдарламасын құру, тәуекелдер аймақтарын айқындау және диагностика мен 
мониторингтің негізінде оларда жұмыс істеу; 


86 

кезең-кезеңмен оңалту жоспарын құру, жеке және әлеуметтік 
жайлылықты қамтамасыз ету; 

денсаулық резервтерін, ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілеттерін 
арттыру; 

оқушыда тиісті өзін-өзі бағалауды және өз өмірінің шынайы 
перспективаларын сезінуді қалыптастыру; 

бастапқы кәсіптік дайындықты ұйымдастыру, ол үшін қажетті 
жағдайлар жасау және нәтижелері сұранысқа ие болатын, шынайы өндірістік 
еңбекке оқушыларды тарту; 

ата-аналардың, педагогтердің және білім беру ұйымының барлық 
персоналының ынтымақтастық жағдайын құру; 

оқу әрекеті тәсілдерін меңгеру бойынша балаға көмек және қолдау 
көрсету; 

оқу материалының мазмұнын, оқу құралдарының мазмұнын бейімдеу: 
азайту, мөлшерлеу, бөлу, бастысын анықтау, күрделіні қарапайыммен 
ауыстыру және т.б.; 

практикалық-бағытталған оқытуға сүйену; 

барлық оқыту сатыларында коррекциялық көмек және психологиялық-
педагогикалық қолдау.
Материалды оқу құралдарында жазылғандай меңгеру зияткерлік 
ерекшеліктері бар оқушылардың көбі үшін тиімділігі аз болып табылады. Олар 
мазмұнын меңгеруде де, меңгеру тәсілдерін игеруде де көмекке мұқтаж. 
Сондықтан сабақтарға дайындалған кезде пән мұғаліміне де, педагог-
ассистентке де білім беру қажеттіліктерін және ерекше оқушылардың 
мүмкіндіктерін ескеру және оқу материалын бейімдеу арқылы оларды 
дидактикалық көмекпен қамтамасыз ету қажет: 
1) Тапсырманы ұқсас, бірақ мазмұны қарапайым тапсырмамен ауыстыру. 
2) Мәтіннің көлемін азайту, бірақ негізгі жетекші терминдерді, 
анықтамаларды сақтау. 
3) Негізгі мағыналық жүктемеге қатысы жоқ, нақтылау мәліметтерін 
қысқарту, сондықтан іс-әрекеттер алгоритмін қолдану. 
4) Өмірден алынған қолжетімді мысалдарға сүйене отырып, мәтінді 
оңайлату, тұжырымдарды қарапайым түсінікті тілмен жазу.
5) Материалды меңгеру бірліктеріне (блоктарға) бөлу: іс-әрекеттер 
алгоритмі, сатыларға бөлу, қорытындылар шығару бойынша жаднама, 
оқиғалардың, құбылыстардың логикалық тізбегін құру және т.б.
6) Практикалық бағыттылығы жоқ және басқа тақырыптарды зерделеу 
кезінде одан әрі пайдаланылмайтын тақырыптарды қысқаша, шолу ретінде, 
таныстыру мақсатында зерделеуге жол беріледі.
7) Практикалық сипаттағы тапсырмаларды әзірлеу, білімдерін күнделікті 
өмірде қолдану мысалдарын көрсету, тірек тапсырмалар, жаднамалар, сызбалар 
құрастыру және т.б. 
8) Сынып құрамының және әрбір жекелеген баланың даму деңгейі мен 
әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмаларды саралау. 


87 
Аутизмі бар балалармен жұмыс істеу бойынша педагог-ассистенттерге 
арналған әдістемелік ұсынымдар
Ерте балалар аутизмі психикалық даму бұзылыстарының күрделі 
формаларының бірі болып табылады. Ең алдымен, әлеуметтік өзара іс-қимыл 
жасасу бұзылыстарымен, шектеулі қызығушылықтарымен және/немесе 
таптаурындармен, сөйлеу тіліндегі даму бұзылыстарымен және жоғары 
сенсорлық сезімталдықпен сипатталады. Көбінесе аутист балаларда айқын 
көрінетін мінез-құлық проблемалары да байқалады. Осыған байланысты, 
аутизмі бар балаларды жалпы білім беретін мектепке қосу үшін ерекше 
жағдайлар қажет.
Зерттеу деректері көрсетіп отырғандай, ақыл-ой кемістігі бар балалар мен 
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған дефектологиялық 
әзірлемелерге негізделген педагогикалық тәсілдер аутизмі бар балалар үшін, 
әсіресе, осы ауытқушылықтардың ауыр формасымен ауыратын балалар үшін 
тиімсіз болып табылады [26]. 2015 жылы Ұлттық аутизм орталығы 
(NationalAutismCenter) стандартты білім беру тәсілдерін қарастырып, аутизмге 
қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу мақсатында аутизм кезіндегі әртүрлі 
араласуларға талдау жүргізді. Орталықтың сарапшылары, 10-зерттеудің 
тиімділігі туралы талдау жасап, оларды аутист балаларды оқыту үшін ұсынуға 
болмайды деген қорытындыға келді:
Жалпы оқыту әдістері аутизмі бар балалар үшін пайдасыз болуы мүмкін 
екенін көрсететін себептерді сипаттап көрсетейік: 
1. 
Бөгде адамның сөзін түсінбеумен және ауызша нұсқауларды 
орындаумен байланысты қиындықтар. Бұл қиындықтар контекстен тыс екі 
сөзді естіп, толық саралауға қабілетсіздіктен бастап көп құрамды нұсқаулар 
мен тапсырмаларды қабылдаумен, оқығанды түсінумен байланысты 
қиындықтарға дейін ауысып тұруы мүмкін.
2. 
Экспрессивті тілмен байланысты қиындықтар. Бұл қиындықтың төмен 
деңгейі балаға өз білімін көрсетуге кедергі келтіреді, немесе сөздік қоры 
соншалықты шектеулі болуы мүмкін, сондықтан бала оны қарым-қатынас 
жасау үшін пайдаланбайды.
3. 
Төмен әлеуметтік мотивация. Аутист балаларда аутистикалық 
ауытқушылықтар спектрінен тыс балаларға қарағанда, мақтау естуге 
тырысатын және оларға ұрысуы мүмкін жағдайлардан қашқақтауға тырысатын 
балалардың көпшілігіне қарағанда, әлеуметтік мотивация өте төмен немесе 
мүлдем болмауы мүмкін. 
4. 
Фронталды нұсқаулықты (балалар тобына арналған) түсінбеу. Осы 
нұсқаулықты тіпті аутизмі бар жоғары табысты функционалды балалардың 
түсінбеуі олардың білім беру ұйымында өзінің құрбыларымен бірге оқыту үшін 
негізгі кедергі болады. Мысалы, мұғалім сыныпта: «Барлығымыз орнымыздан 
тұрамыз және қолдарымызды көтереміз», - дейді. Аутист бала бұл нұсқаулық 
оған қатысты екенін түсінбейді және оны орындамайды.
5. 
Оқу сабақтары кезінде ынтымақтастықпен байланысты проблемалар 
және қажетсіз мінез-құлық. Аутист балалар гипербелсенді, бір орында отыра 


88 
алмайтын, орнынан ұшып тұратын, сынып ішінде жүретін, сабақтан, өзін-өзі 
қолға алудан қашқақтау мақсатында педагогқа және оқушыларға агрессия 
көрсететін болады.
6. 
Ерекше зейін паттерндері. Аутист бала көбінесе, шамалы стимуляция 
бөлшектеріне және оқу материалының ерекшеліктеріне назар аударады, сабақ 
үстінде өзін өзі ынталандыратын сабақтарға тез ауысады. Мысалы, бала 
карточкаларды нұсқаулыққа сәйкес үстел үстіне жайғанның орнына бір бумаға 
жинап қояды. Аутист балаларда зейінінің бөлінуі – айналадағылардың зейіні 
неге ауғанына назар салу, басқа адамның назарын қадағалау қабілеті жоқ. Бұл 
аутист баланың мұғалімнің көрсеткені мен айтқанына назар салмауына әкеп 
соғады. 
7. 
Имитация дағдыларының болмауы немесе шектелуі. Оқытудың 
негізінде жатқан имитация – бұл басқа адамдардың іс-әрекеттерін сол мезетте 
немесе ұқсас жағдайда кенеттен қайталау және қайталап жасау.
8. 
Білім мен дағдыларды қорытумен байланысты қиындықтар. Көбінде, 
аутист бала оқу дағдысын басқа жағдайға ауыстыра алмайды, сонымен қатар 
оны басқа ересектермен де, үстел басында да, басқа материалда да көрсете 
алмайды. Мысалы, педагог баланы «Сенің атың кім?» деген сұраққа жауап 
беруді үйретті, бірақ танымайтын адамдармен кездескен кезде бала осы сұраққа 
жауап бермейді.
9. 
Бастамашылдықтың болмауы және сыбырлап айтуға тәуелділік. Аутист 
балалар үшін оқу тапсырмаларында да, қарым-қатынас жасауда да 
бастамашылдықтың болмауы тән. Мысалы, өз беттерінше көмек сұрай алмайды 
және өтініш жасай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет