Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Жалпы ұсынымдар: 
Білім беру ұйымдарында эмоционалдық-ерік саласы бұзылған балаларды 
қолдайтын педагог-ассистент. 
Қолдау сыныбынан тыс мектеп іс-шаралары кезінде оқушыны 
сүйемелдейді. 
Қолдау сыныбының жетекшісіне жұмыс кезінде туындайтын кез келген 
проблемалар мен қиындықтар туралы уақытында хабарлайды. 
Күн сайын оқушылармен атқарылған жұмыс туралы қолдау сыныбының 
жетекшісіне баяндама жасайды және жұмыстың бағдарламаларын
жоспарларын және әдістемелерін талқылауға қатысады.
Оқушының өмірі мен денсаулығы үшін жауап береді.
Қолдау сыныбының әр оқушысының жеке бағдарламаларын біледі және 
қажет болған жағдайда қолдау сыныбының кез келген оқушысымен айналыса 
алады.
Өзінің жұмысында қолдау сыныбы жетекшісінің ұсынымдары мен 
нұсқауларына сүйенеді.
Жеке бағдарламаға және сабақ жоспарларына сәйкес қолдау сыныбы 
оқушыларымен топтық сабақтар өткізеді. 
Оқушының жеке бағдарламасына, оқушының жеке кестесіне және 


89 
мектептің тұрақты сыныбының кестесі мен бағдарламасына сәйкес мектептің 
тұрақты сыныбымен сабақтарды қолдау сыныбының оқушысын сүйемелдейді. 
Оқушы сабақтарға қатысқан кезде тұрақты сыныпта болу қағидаларын 
орындауды қамтамасыз етеді.
Тұрақты сынып мұғалімдерімен ұдайы байланыста болады.
Оқушының мінез-құлқын бақылау жазбаларын және жеке бағдарламаға 
сәйкес дағдыларды меңгеруін бақылау жазбаларын жүргізеді. 
Қолдау сыныбындағы жеке және топтық сабақтар үшін барлық 
материалдарды дайындайды. 
Танымдық қызығушылықты басқа қызығушылықтармен, оқыту 
пәндерімен синтездейді. 
Білім алушының шығармашылық әлеуетін және танымдық белсенділігін 
едәуір толық іске асыруға ықпал етеді. 
 


90 
 
Қорытынды  
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, педагог-ассистент – 
қызметтік міндеттер қатарын игерген маман. Ерекше білім беругеқажеттіліктері 
бар балаларды оқу күні барысында сыныпта, жеке сабақтарда, үзіліс кезінде, 
басқа да шараларды орындауда тікелей қолдауды жүзеге асыратын педагог.
Педагог-ассистенттің негізгі міндеті – білім беру ортасында бейімделуде, 
білім беру дағдыларын, бейімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда 
балаға, оның ата-анасына, мұғалімге және білім беру процесіне басқа да 
қатысушыларына көмек беру.
Педагог-ассистент қолдау бойынша әрекетті ұйымдастырушы маман 
ретінде өзгермелі тұлғамен бірге жылжып, мұғалімге қажетті қолдау мен көмек 
көрсете отырып, онымен бірге жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге және 
іске асыруға көмектеседі. Осылайша, педагог-ассистент әрекетінің мақсаты 
ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру және білім беру арқылы тұлғаның білім беру әлеуетін, өзін өзі 
дамыту әлеуетін толыққанды іске асыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет