Кестедегі мәліметті пайдалана отырып дөңгелек түрінде диаграмма тұрғызып, оны секторларға бөліңіз.
Спорт түрінің танымалдығы:
|
|
Хоккей
|
Теннис
|
Баскетбол
|
Футбол
|
Оқушылар кестедегі мәліметті пайдалана отырып дөңгелек диаграмма тұрғызуы керек және де мәліметтердің пропорциясын дұрыс есептей алуы қажет.
Бұл тапсырманы нақты орындау үшін оқушылар дөңгелек диаграмма тұрғыза білуі және градустарды есептеуі қажет. Бұл тапсырма 5 сыныптағы «Дөңгелек диаграммалар» тақырыбына сәйкес келеді.
Бұл тапсырманы орындау пайызының төмендігі 5 сыныпта аталған тақырып өтілген соң нақтыланбайтындығында. Қазақстандық оқушылар бұл тапсырманы толығымен орындай алмады. Секторлар дұрыс бөлінген, бірақ жеке белгі салынбаған.
13-мысал. «Сандар» мазмұндық бөлімі:
Петр, Женя және Андрейдің баскетбол сақинасына 20 реттен доп салу мүмкіндігі бар. Бос шаршыларды толтырыңыз.
Тапсырманың күрделілігі орташа, еркін-құрастырмалы жауап, Білім оқу-танымдық тұрғыда. Оқушылар сәтті салынымдар санын пайыз түрінде өрнектей білуі және кері есепті шығара білу қажет,
Бұл тапсырманың орташа деңгейде орындалуы 7-8 сыныптарда алған пайыз туралы мағлұматтарының өте аздығымен сипатталады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар математикадан алған базалық білімдерін қарапайым жағдайда пайдалана білуді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |