Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет17/114
Дата03.02.2022
өлшемі9,88 Mb.
#24799
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114
D) *1 миллион жыл.

Бастауыш сыныпта, жаратылыстану курсында, оқушылар Жер бетіндегі өсімдік әлемінің ерте кезде пайда болуы туралы алғашқы түсініктермен танысады. Бұл тақырыпты оқыту кезінде бар көңіл тау жыныстарының түрлері, «пайдалы қазбалар», «кен орны» сияқты ұғымдарына аударылады, бірақ оларды қалыптастыру кезеңдері мен уақыты қарастырылмайды.
8-мысал. «Қолдану» бөліміне байланысты тапсырма:

Төмендегі суретте көрсетілген жануарлардың қайсысында омыртқа бар? Әр жануардың қасынан бір шеңбермен белгіле. Бірінші жануардың қасында шеңбер белгіленген.

Жануар Омыртқасы бар


Жауабы: Өрмекші – В; Шаян – В; Балық – А; Арыстан– А.

4 сынып оқушыларының жоғарғы нәтиже көрсетуінің себебі «Қаңқа- дене тірегі» , «Жануарлар әлемінің көптүрлілігі» тақырыптарын оқыту кезінде осы сұраққа көп көңіл бөлінуіне байланысты.
9-мысал. «Қолдану» саласына байланысты тапсырма:

Ағаш пен арыстан бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бірақ олар тірі табиғатқа жатады және олаға ортақ ерекшеліктер тән. Мысалы, тірі қалу үшін, оларға су қажет.

Осыдан бөлек ағаш пен арыстанға тән, ортақ болатын тағы екі ерекшеліктерді жаз.

Жауабы: Жауапта жоғарыдағы 2 ерекшелік көрсетілген. Мысалы: Оларға энергия қажет. Оларға оттегі қажет. Олар қажетсіз заттарды бөліп шығарады. Оларға күн керек. Олар өседі, дамиды, тіршілігін жояды.

Берілген тақырып бастауыш буынның «Дүниетану» курсында қарастырылады. Оқу бағдарламасында «Өсімдіктер» мен «Жануарлар» бөлімдерін оқытуға жеткілікті уақыт берілсе де, қазақстандық оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі табиғи құбылыстырды салыстыра алмады.
10-мысал. «Ойлау» оқу-танымдық іс-әрекетіне арналған тапсырма:

Тимур Бауыржанға суретте көрсетілгендей 2 өткізгіш сымдары шығып тұрған жабық қорапша берді.

Тимур Бауыржаннан қорапшаны ашпай ішінде не бар екендігін табуын сұрады.Бауржан 2 өткізгішті суретте көрсетілгендей шам және батарейкамен жалғады. Сол кезде шам жанды.

Қорапшада төмендегі заттардың қайсысы болуы мүмкін?


А)



Резеңке белдік

В)

Ағаш қарандаш

С)

Темір кілт

D)

Шыны стақан


Жауабы: С

Берілген сұрақ оқу бағдарламасының «Темір және алюминий рудалары», «Электр тоғы», «Электр тізбегі» тақырыптарына сәйкес келеді. Бұл тақырыптарды бастауыш сыныптарда оқыту кезінде оқушылар электр өткізгіштерінің практикада қолданылуымен танысады. Суретте берілген заттардың арасынан оқушылар электр тоғын өткізетін заттарды таңдаулары әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет