Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет12/114
Дата03.02.2022
өлшемі9,88 Mb.
#24799
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   114
Математика

Жаратылыстану

Оқу

-жеке өмір;

- оқу және кәсіби

қызмет;

- қоғамдық.




  • өмірдегі жаратылыстану;

  • денсаулық;

  • жер және қоршаған

  • орта;

  • жаратылыстану және техника

- жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);

- қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар);

- кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер);

- білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар).



2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
2.1 TIMSS халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
Математикалық бағыт
4 сынып

1-мысал. Футбол ойынында команда жеңіс үшін 3 ұпай, тең түскен жағдайда 1 ұпай, жеңіліс тапқан жағдайда 0 ұпай алады. Зеландия командасында 11 ұпай бар. Зеландия командасы ең аз дегенде неше ойын ойнауы мүмкін?

Жауабы: 5

Берілген тапсырма жетік деңгейдің ашық түрдегі тапсырмасы. Оқушылар натурал сандарға есептеу амалдарын қолдануды талап ететін көпадымды сандық есепті шығаруы қажет. Таныс спорттық жағдаятқа берілген бұл тапсырма стандарттық емес есеп болып табылады, сандар туралы біліммен қатар дамыған логикалық ойлау қабілетін қажет етеді.


2-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» мазмұндық бөлімі:

Кестеде А және В фигуралары туралы бірнеше тұжырым келтірілген. Берілген тұжырымдардың тура немесе тура еместігін көрсету үшін сәйкесті торға Х белгісін қойыңдар:


Тұжырым

Дұрыс

Дұрыс емес

А және В фигураларының екеуініңде квадрат болып табылатын жақтары бар

Х




А жәре В фигураларының жақтарының саны бірдей.




Х

А фигурасының барлық бұрыштары тік.

Х




А фигурасына қарағанда В фигурасының қырлары көп




Х

В фигурасының кейбір қырлары иілген




Х


Тапсырманың мазмұны геометриялық денелердің қасиеттері туралы білімдерін тексеруге ғана емес, сонымен қатар кеңістік фигуралардың проекциялық бейнесін оқи білуге құрылған тапсырма мазмұны қазақстандық бастауыш мектептің оқу бағдарламасында қарастырылмаған. Тапсырманы орындау күрделілігі логикалық пайымдауды қажет ететіндігінде.
3-мысал. Дұрыс жауапты таңдауға берілген қиындығы жоғары деңгейлі оқу танымдық пайымдау түріне құрылған бұл тапсырма диаграммада көрсетілген деректерді өзінше түсінуді және пайдалануды қажет етеді.

«Мәліметтерді беру» мазмұндық бөлімі:

Диаграммада Сосновой мектебінің әрбір сыныбындағы оқушылар саны көрсетілген.

Сосновой мектебіндегі әрбір сынып бөлмесі 30 оқушыға есептелген. Мектеп тағы ең көп дегенде неше оқушы қабылдай алады ?

А) 20 В) 25 С) 30 D) *35

Оқушыларға тапсырманы және графикті оқу, графтағы ақпаратты пайдалану жоспарын жасақтау қажеттілігіне байланысты берілген тапсырманы шешу көпсатылы болып табылады.

Тапсырмада «Мәліметтерді беру» бөлімі тақырыбының аясында оқылатын материал келтірілген. Мәліметтермен жұмыс тек 5-6 сыныптың оқу бағдарламаларына ғана енгізілген.
4-мысал. Поезд Руднидан таңғы 8 сағ 45 минутта қозғалған. Ол Барковоға 2 сағат және 18 минут өткеннен кейін келді. Поезд Барковоға қандай уақытта келді?

А) 11 сағ 15 мин; В) 11 сағ 13 мин; С) *11 сағ 03 мин

D) 11 сағ 53 мин.

Қиындығы жоғары жабық түрдегі тапсырма нақты өмірлік жағдаятқа байланысты уақыттың өлшем бірліктері туралы білімді пайдалануға құрылған .
5-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» бөліміндегі «Қолдану» аясының тапсырмасы тек симметрия түсінігіне ғана баға беріп қоймайды, сонымен қатар берілген фигураны сала білуі, симметрия осін жүргізе білуі бағаланады:

Жұлдыз бір фигура салуы керек. Бұл фигураның 5 қабырғасы, бір симметрия осі болуы қажет. Жұлдыз фигураны сала бастады. Жұлдыздың фигурасын салып аяқта.

Қиындығы жоғары бұл тапсырма Қазақстанның бастауыш сыныптарында оқылмайтын материалға құрылған. Оқушылар 5 қабырғасы және 1 симметрия осі бар фигура салған және симметрия осінен ±2 мм радиуста жаңа төбені бейнелеген.
6-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» бөліміндегі жабық түрдегі тапсырмасы. 4 сынып оқушыларына үшөлшемді кеңістіктегі фигураларды елестете алу және онда жасырылған қорапшалар санын таба білу қажет.

Анна бөлменің бұрышына қорапшалар жинай бастады. Қорапшалардың өлшемдері бірдей. Ол неше қорапша пайдаланды?



А) 25 В) 19 С) *18 D) 13

Тапсырма кеңістіктік көре білу мен елестете алуға сүйене отырып тік бұрышты параллелепипедтің көлемін білуге және өз бетінше тұжырым жасауға негізделген.

Геометриялық білімдері болмаса да тәжірибеге сүйене отырып, сонымен қатар фигура көлемін оны құрап тұрған бірдей заттардың санына байланысты анықтап білулері оқушылардың жартысынан көбінің бұл тапсырманы дұрыс орындауына мүмкіндік берді. «Жазықтықта және кеңістікте фигураларды бейнелеу» тақырыбы Қазақстанның бастауыш мектебінің оқу бағдарламасына енгізілмеген, тек 6 сыныпта ғана қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет