Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет31/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152
Мінез-құлықты түзету әдістері.  
Түзету әдісі бала өзінің басқа 
адамдарға қатысты мінез-құлқын өзгертуге бағытталған жағдай құруға 
бағытталған. Алайда түзету өзін-өзі түзетусіз мүмкін емес. Идеалға сүйене 
отырып, мысалы, бала өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзгертетін жағдайлар 
жиі кездеседі және бұл жағдайда өзін-өзі реттеу деп айтуға болады.
Білім 
алушылардың 
толеранттылықтың 
қалыптасу 
деңгейін 
диагностикалау. Бұл диагностика аясында ең алдымен баланы қалыпты, 
дәстүрлі зерттеу жұмыстары жүргізіледі: оның отбасы, өмір салты, қарым-
қатынас ортасы. Әсіресе оның қазіргі балалық шағын, оның қызығушылығын 
зерттеу әрбір оқушының даму динамакасы (қызығушылығы мен хоббиі, оның 
«заманауи адам», мода, сленг, эстрада туралы түсінігі) сияқты өте өзекті болып 
табылады. Диагностиканы жүргізу оның әрекетін, проблемалық дискуссия, 
рөлдік ойындар, топтық рефлексия кезіндегі эмоциялық жағдайын бақылау 
немесе оқушының іс-әрекетінің нәтижесін талдау, сауалнама алу арқылы 
жүзеге асады. Осыған орай, балалардың өмірлік тәжірибесі, оны ұйымдастыруы 
– 
педагогтің өзінің де тәрбиеленушілердің де толеранттылық тәжірибесін 
байытуға бағытталған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі алаң 
болып табылады. Мұғалім қандай да бір пікірлерді қабылдамауы мүмкін, 
алайда біріншіден - сол пікірді есту, білу, екіншіден – өзге пікірлерге 
құрметпен қарау, өзінің пікірінің болуы мен оны айта білуі керек. Осылардың 
ара-жігін түсінген мұғалім ғана балаларға сыныптан тыс қоршаған ортаны, 
олардың өміріндегі белсенді әлеуметтік саланың күрделігін, жаңалықты көре 


72 
білу, туындаған проблемалардың себебін түсінуге және осы проблемаға 
қатысты өзінің оңтайлы әрекетін анықтауға көмектесе алады. 
Толеранттылықты тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың байланысы.
Ата-аналар балалардың алғашқы және негізгі тәрбиелеушілері болып 
табылатындықтан егер олар педагогтердің одақтасы болмаса баланың бойында 
толеранттылықты, тіпті басқа да кез келген қасиетті қалыптастыру мүмкін емес.
Толеранттылық тәжірибені меңгеруде ата-ананың, туысқандардың жеке 
мысалы маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, отбасындағы қарым-қатынас 
атмосферасы, ата-аналардың, туысқандар, балалар арасындағы қарым-қатынас 
стилі баланың бойында толеранттылықты қалыптасуындағы ықпалы маңызды 
болып келеді.
Сонымен қатар, мектептегі бірдеңгейлі жауапты мамандар арасындағы
яғни педагогтердің бір-бірімен қарым-қатынасының да мәні ерекше. Алайда 
бірдей статусқа ие бола отырып педагогтер әртүрлі болады, олардың әрқайсысы 
мұғалімнің қызметін және рөлін әртүрлі түсінеді және олардың ұстаным, 
көзқарастары бір біріне ұқсамайды, мінез-құлықтары, өмірлік тәжірибелері
менталитеті де әртүрлі болып келеді. Бұның барлығы кәсіби және адами 
толеранттылықтың мәнін өзектендіре түседі. Аталмыш жағдайда 
педагогикалық мәселелерді шешуде ортақ келісімге келу аса маңызды, алайда 
педагогтер арасында болатын кикилжіңдерге балаларды араластырмау қажет, 
тіпті олар бұл жағдайлар куәлерге де, оқушыларға да психололгиялық травма 
болатыны сөзсіз. Қандай қиын және күрделі болса да мұғалімдер үшін пайдалы 
және міндетті шара ол – қоршаған ортамен шынайы қарым-қатынасына 
байланысты өзіндік талдау, рефлексия жасау, өзінің әрекеті мен ойларына 
шынайы баға беру. 
Пәндік негіздердің бірі болатын әлеуметтік мәдени өзара әрекеттестікті 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, толеранттылық шекарасын кеңейтуге ықпал 
ететін, оқу және оқудан тыс балалардың іс-әрекетін құратын қолайлы орта 
құрылатын үдерістердің қатарына:
-
психологиялық ағартушылық, яғни тақырыптық педкеңестер, 
мұғалімдермен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық семинарлар, 
отбасында тиімді әрі сындарлы қарым-қатынас жасау амалдарын, балалардың 
жас ерекшелігі және жағымды коммуникация дағдыларын дамыту мәселелері 
талқыланатын ата-аналар жиналыстары.Педагог-психологтарға арналған 
«Толенраттылық мінез-құлықты қалыптастыру бойынша тәжірибелік 
жұмыстардағы ойын технологиялары» атты шебер-сыныптар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет