Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет64/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   138
 
 


156 
5-
қосымша 
 
«Толеранттық» тақырыбына сынып сағаты 7 сынып 
Мақсаты: 

оқушыларды «толеранттық» ұғымымен және толерантты және 
интолерантты тұлғаның негізгі сипаттарымен таныстыру, 

өзін және басқа адамдарды дұрыс және толық білу қабілетін дамыту, 

оқушыларға өз болмысының дәрежесін бағалауға мүмкіндік беру, 

оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, 

ұжымшылдық,бірлік сезімін тәрбиелеу, 

оқушылар арасында сыйластық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. 
Жабдықтар мен материалдар: презентация, қағаз, қарындаштар, 
фломастерлер. 
Сынып сағатының барысы 
Біз бүгін «Толеранттық» сынып сағатына жиналдық. Осы сабақтың
барысында біз толеранттық ұғымымен танысамыз және толерантты тұлға үшін 
қандай қасиеттер тән екенін, біздің әрқайсымыз толерантты тұлғаның қандай 
қасиеттеріне ие екендігімізді және өзімізді қалай өзгерте алатынымызды 
анықтауға тырысамыз. 
Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру әрбір адамның өзара түсіністік, өзара 
сыйластық, 
жауапкершілік, 
тілектестік, 
ұстамдылық, 
кемшілік, 
коммуникабельділік, шыдамдылық ... сияқты қасиеттерінің болуын көздейді. 
Өкінішке орай, шыдамдылық, басқа мәдениетке, өмір салтына, наным-
сенімдеріне, әдеттерін ұнатпау рухы біздің заманымызда тұтас қоғамда да, 
оның жекелеген институттарында да өмір сүруді жалғастыруда. Төзімділікті 
көрсету ‒ бұл адамдардың сыртқы түрі, жағдайы, мүдделері, мінез-құлықтары 
мен құндылықтары бойынша әртүрлі екенін және өзінің жеке даралығын сақтай 
отырып, әлемде өмір сүру құқығына ие екенін мойындау. 
Мүмкін, бұл сөз көпшілікке таныс емес шығар, бір қарағанда, ол мүлдем 
түсініксіз естіледі. Бірақ оның мағынасы адамның өмір сүруі мен дамуы үшін 
өте маңызды.
XVIII-
XIX ғасырлардың шегінде Францияда Талейран Перигор деген бір 
адам өмір сүрген. Ол әртүрлі үкіметтердің кезінде де Сыртқы істер министрі 
болып өзгеріссіз қала бергенімен ерекшеленеді. Бұл көптеген салаларда 
талантты адам болды, бірақ ең бастысы ‒ айналасындағылардың көңіл-күйін 
ескере білді, оларға құрметпен қарады және өз принциптерін сақтады, мән-
жайларға көзді жауып қарамай, жағдайды басқаруға ұмтылды. 
«Толеранттық» ұғымы осы адамның есімімен тікелей байланысты. 
Толеранттық ‒ бұл біздің әлем мәдениеттерінің, өзін-өзі көрсету 
формаларының және адамгершілік даралығын көрсету тәсілдерінің бай 
көптүрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну (16 қараша ‒
Халықаралық толеранттық күні). 
Толеранттық сөзі барлық тілдерде бірдей мағынаға ие деуге болады:


157 
• 
испан тілінде ол өзінікінен өзгеше идеяларды немесе пікірлерді тану 
қабілетін білдіреді; 
• 
француз тілінде ‒ басқалардың сенен өзгеше ойлауы немесе әрекет етуі 
мүмкін деп жол беретін қарым-қатынас; 
• 
ағылшын тілінде ‒ шыдамды, мейірімді болуға дайындық; 
• 
қытай тілінде ‒ мүмкіндік беру, қабылдау, басқаларға қарым-қатынас 
бойынша кең пейілді болу; 
• 
араб тілінде ‒ кешірім, кең пейілділік, жұмсақтық, қайырымдылық, 
жанашырлық, мейірімділік, шыдамдылық, басқаларға пейілділік; 
• 
орыс тілінде ‒ бірдеңеге немесе біреуге шыдамдылық (ұстамды, 
шыдамды, тұрақты болу, бірдеңенің, біреудің бар болуын қабылдай білу) 
таныту қабілеті. 
• 
Анықтамалардың қайсысы сендерге көбірек ұнайды? (Жауаптар). 
• 
Неге, сендердің ойларыңша, әртүрлі елдерде анықтамалар әртүрлі? 
(Жауаптар). 
• 
Бұл анықтамаларға не ортақ? (Жауаптар). 
• 
Қазіргі уақытта толеранттылық неге соншалықты өзекті? (Жауаптар). 
Кез келген адам өмірінде әртүрлі әрекеттер жасайды. Бір жағдайларда ол 
дұрыс әрекет етеді және өзінің жақсы жақтарын көрсетеді, кейде керісінше де 
болады... 
Қанекей, толерантты қарым-қатынас қағидаларын құрастырайық (топпен 
жұмыс) және осы қағидаларды тақтаға жазамыз. 
Толерантты қарым-қатынас қағидалары: 
1. Сұхбаттасушыны құрметте. 
2. Басқалар айтқанды түсінуге тырыс. 
3. Өз пікіріңді әдепті қорға. 
4. Үздік дәлелдерді ізде. 
5. Әділ бол, басқаның дұрыстығын мойындауға дайын бол. 
6. 
Басқалардың мүдделерін ескеруге тырыс. 
Топпен жұмыс. 
Мұғалім: Толеранттық символын ойлап тауып, суретін салыңдар. 
– 
Жанжалдаспай, бейбіт өмір сүруге бола ма? 
– 
Оны қалай істеуге болады? 
Иә, сыныптасыңның ұлтына, діни сеніміне қарамастан, оны құрметтеу 
керек, оның құндылықтары мен дәстүрлеріне сыйластықпен қарау керек. Сенің 
көршің, сенен ойымен, киіну стилімен ерекшеленетін адам, ол саған міндетті 
түрде дұшпан емес екенін түсіну қажет.
– 
Сендер толеранттық мінез-құлықтың қандай мысалдарын келіре 
аласыңдар?
– 
Мінез-құлықтың қандай нормалары сыныпта толерантты деп 
есептеледі?
Ал енді оларды дауыстап оқиық: 

Оқушы өзінің сыныптастарына деген қарым-қатынасын бес тәсіл 


158 
арқылы білдіре алады: үлкен ынтамен, инабаттылықпен, мейірімділікпен, 
оларға деген қарым-қатынасымен және өз сөзіне адалдықпен. 

Басқалардан не көргің келмейді, оларға да соны жасама. 

Өзіңнің жаныңды ауыртатынды, басқаға жасама. 

Қуанышта да, қайғыда да өзімізге қалай қараймыз, басқа адамдарға да 
солай қара. 

Неден өзіңді нашар сезінесің, өз сыныптасыңа да оны жасама. 

Өзің туралы қалай ойлайсың, басқалар туралы да солай ойла. 

Өзіңнің жетістігіңді көршіңнің де жетістігі, көршіңнің жоғалтқаның 
өзіңдікі деп есепте. 

Барлық жерде, қалай болса да, сыныптастарың саған қалай қарасын 
десең, олармен де солай бол. 
«
Даралықты бағалауды үйренеміз» жаттығуы 
1. 
Басында мұғалім оқушыларға әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар 
екенін, әр адамның өзіндік даралығы бар екенін айтады. Әр адамның 
даралығын бағалауға болады және қажет. 
2. 
Мұғалім әрбір оқушыға оны басқа оқушылардан ерекшелейтін қандай 
да бір үш белгі туралы жазуды ұсынады (өз қадір-қасиетін, таланттарын, 
өмірлік ұстанымдарын және т.б. мойындау болуы мүмкін). Ақпарат оң сипатта 
болуы тиіс. 
Оқушылар өз аттарын жазып, тапсырманы орындайды.
Мұғалім жазбаларды жинап алатынын және оларды оқып беретінін 
ескертеді, ал қалған оқушылар сол немесе өзге тұжырымның авторы кім екенін 
табатын болады. 
3.
Мұғалім парақтарды жинап алады және тағы да адамдар бір-біріне 
ұқсамайтынын атап өтеді: біз бір-бірімізге қызықты боламыз, проблемалардың 
стандартты емес шешімін таба аламыз, бір-бірімізге өзгерту мен оқытуға 
импульс бере аламыз. Содан кейін мұғалім әр мәтінді оқиды, оқушылар табуға 
тырысады. Егер авторды таба алмаса, ол өзі орнынан тұру керек. 
Сынып сағатының қорытындысы. Мұғалім қорытынды шығарады. 
Бақыт рецепті 
Шыдамдылық тостағанын алыңдар, 
Оған жүрек толы махаббат құйыңдар, 
Екі уыс жомарттықтан қосыңдар,
Мейіріміділік себелеп, 
Сәл шамалы әзілден де қосыңдар,
Көбірек сенімділіктен қосыңдар.
Сөйтіп бәрін жақсылап араластырыңдар. 
Сізге берілген өмірдің бір бөлігіне жағыңдар, 
Жолда кездескеннің бәріне ұсыныңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет