Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет66/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138
Байланысты:
1579517626428-1

2. Коммуникативтік фаза 
Мәтінді оқу. Мәтінді эмоционалды қабылдау. Көркем шығарманы 
талдау. 
Бала ақсақ марғау басқалар сияқты дәл сонша тұра алады деп айтқан 
сәтке дейін мәтінді бастапқы оқу. 
Мұғалім әңгіменің мәтіні бар бейнероликті қосады (Сабақ жоспарына 
қосымша). Мәнерлеп оқитын балалар 
оны рөлдерге бөліп ойнайды. Әр 
баланың алдында әңгіме мәтінінің бір 
бөлігі ғана жатыр. 
Оқылған үзіндіні талдау. 
Негізгі проблемалық сұрақтар: 

Неліктен бала дәл осы ақсақ 
марғауды таңдап алды? 

Толық дамымаған деген нені 


161 
білдіреді? Қайырымды ма? Мәтіндегі қандай сөздер қиындық тудырды? 

Басқа марғаулар аяқтарын басып қанша тұрса, ақсақ марғау да сонша 
тұра алады деп есептеген бала дұрыс па?
3. Мәтінді соңына дейін оқу. 
Талқылауға арналған сұрақтар: 

Сатушы неге жылады?

Бұл мәтінде неге жылап, неге қуануға болады? (Бұл тақырыпты 
талқылау пікірталасқа ұласуы мүмкін. Мұғалім әртүрлі және тіпті қарама-
қайшы пікірлерге дайын болуы керек. Пікірталас дау-дамайға ұласып кетпеу 
үшін балалардан пікірлерді дәлелдей отырып, тіл дамыту сабақтарында 
әзірленген, диалог жүргізу ережелерін сақтауды сұрау қажет.)
«Көңіл-күй палитрасы» тәсілі.  
(Оқушыларға түрлі-түсті қарындашпен автордың сөздерін және 
кейіпкерлердің репликаларын бояу ұсынылады. Содан кейін салыстыру кезінде 
баланың түстері жарқын және бай екенін анық көруге болады. Одан әрі 
балалармен кейіпкерлердің қайсысының аса сезімтал және батыл мінезі бар 
деген мәселе талқыланады. Мұндай адамды толық дамымаған деп санауға бола 
ма?)

Жұппен немесе үштікте жұмыс істеу.
Мұғалім:

Мәтіннен осы шығарманың негізгі ойын білдіретін сөздерді тауып, 
оларды қызыл қарындашпен сызыңдар.

Сендерге ерекше қатты әсер еткен әңгімедегі үзіндіні кез келген түсті 
қарындашпен қоршап бояңдар. Оны оқыңдар.
(Орындалған тапсырманы талқылау.)

Әңгімені оқығаннан кейін сендердің сезімдеріңді білдіретін «көңіл-күй 
палитрасын» салыңдар (2-3 адам, қалауы бойынша, салынған суретті әңгімелеп 
бере алады). 
• 
Оқушылар мен педагогтың ықтимал проблемалары мен қиындықтары 
мәтінді талдау сатысында туындауы мүмкін. Атап айтқанда, әңгіме күшті 
эмоционалдық толқу тудыруы мүмкін және балалар өздерінің өмір 
тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, өз уайымдары туралы айта бастайды. 
Бұл әңгіме тақырыбынан алыстатып немесе талқылаудың ұзаққа созылуына 
әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, күшті эмоциялар балалардың пікірін тұжырымдауын 
қиындатуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушыларға ойларын сөзге 
айналдыруға көмектесетін сұрақтарды, тоқтау-сигналдарын және сөйлеу 
клишелерін ойластыру қажет. 
• 
Мәтінді талдағаннан кейін оқушылар тек эмоционалдық деңгейде 
қабылдау, ақсақ марғау менаяғы ауыратын баланы аяу күйінде қалмауы да 
ықтимал тәуекел болып табылады. Балалар «өз тілінде» сөйлесе де, адамның 
құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес екенін 
айтқаны маңызды. 
3. Посткоммуникативтік фаза 
Рефлексия. 


162 
1. «
Бос микрофон» тәсілі (Бұл сабақта диагностикалық деп санауға 
болады. Балалар ынтамен айтып жатқан-жатпағанын қадағалай отырып,
оқушылар шығарманың авторлық ойы мен оның терең мағынасын түсінген-
түсінбегені туралы мұғалім қорытынды жасайды.) 
Мұғалім қойылған сұраққа жауап күтіп, «Бос микрофон» ұсынады. Бұған 
дейін сөйлей алмаған балалар ойларын айтуға мүмкіндік алады.
Оқушылар әңгімені оқығандағы әсерлерімен бөліседі: кейбіреулер көңілді 
көңіл-күйде, басқалары кенеттен ойға берілген, тіпті өз-өздерін айыптап 
сөйлейді...
(Менің ойымша, «Бос микрофон» әрбір сабақта болу керек. 
Кабинетте «менің ойымша», «әсер етті», «жадымда қалды», «жүрегімде 
қалды», «таңқалдырды» сияқты сөз тіркестері орналастырылған «көмекші-
сөздер» ауыспалы стенд ілінеді...) 
Мұғалім: 

Бұл шығарманы астарлы әңгіме деп атауға бола ма? (Оқушылар осы 
жанрдың ерекшеліктерімен таныс болған жағдайда ғана сұрақ талқыланады). 
Егер иә дейтін болсаңдар, онда ол не туралы? 

«Хромой котенок» шығармасының атауы тақырыпты немесе негізгі 
ойды ашып түр ма? Жұппен талқылаңдар және оның негізгі ойын көрсететін, 
шығарманың басқа атауын ұсыныңдар. 
2. Үй тапсырмасы. 
Оқушылардың таңдауы бойынша шығармашылық тапсырма орындау: 

оқыған әңгіме туралы пікір жазу; 

К.Д. Ушинскийдің «Слепая лошадь» әңгімесін оқу. Шығармаларды 
салыстыру; 

бала мен марғаудың тағдыры қандай болғаны туралы шығарма-
жалғасын жазу; 

сделать подборку рассказов той же проблематики, что и рассказ 
«Хромой котенок» әңгімесіндегідей проблемаға қатысты әңгімелердің 
іріктемесін жасау; 

«Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж» 
тақырыбына эссе жазу. 
(Шығармашылық тапсырмалардың басқа нұсқаларын оқушылар ұсына 
алады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет