Методические рекомендации по формированию первоначальных навыков экологической культуры детей дошкольного возраста нҧр-Сҧлтан 2021


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет4/52
Дата01.10.2024
өлшемі1,35 Mb.
#146367
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
экология м ж д

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАЗМҦНЫ
Экологиялық білім беру Қазақстанның тҧрақты дамуының мемлекеттік 
стратегиясының басым бағытына айналуда. 
Тҧрақты даму ҥшін республикадағы экологиялық білім беру идеясы 
Қазақстанның «жасыл» экономикаға кӛшу тҧжырымдамасында, Қазақстан 



Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында кӛрініс тапты.
Бҧл қҧжаттар 
қоғамдық-экологиялық дҥниетанымды, қҧқықтық ҧстанымдарды, ғылыми 
білім кешенін, білімді тәжірибеге енгізу қабілетін қалыптастыруға ҥндейді. 
Экологиялық тәрбие дегеніміз не? 
Экологиялық тәрбие – бҧл балалар мен ересектерде экологиялық 
мәдениеттің негіздерін қалыптастыруға бағытталған жҥйе. 
Мектепке дейінгі жаста танымдық салада маңызды ӛзгерістер болады, 
баланың зияткерлік, адамгершілік, эмоционалды дамуы қалыптасады. 
Қазіргі 
кезде 
ғалымдардың 
психологиялық-педагогикалық 
зерттеулерінде мазмҧны мен сипаттамасы бойынша балалардың әртҥрлі 
экологиялық білім мен тҥсініктерді меңгеру мҥмкіндігі дәлелденді.
Мектеп 
жасына дейінгі балалардың табиғатта ӛзін ҧстау мінез-қҧлық мәдениетін 
тәрбиелеу әдістерін зерттеу және қарастыру С. Н. Николаеваның, 
Н. А. Рыжованың, И. Д. Зверевтің, Н. А. Соломоновтың, А. М. 
Федотованың және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Мысалы, А. М. 
Федотованың эксперименттік жҧмыстары мектеп жасына дейінгі ересек 
балаларға жануарлар әлемінің алуан тҥрлілігін экологиялық тҧрғыдан тануға 
мҥмкіндік береді. 
Экологиялық мәдениет негіздерінің қалыптасуы - бҧл табиғатқа, оны 
қорғап, қамқорлық жасайтын, сондай-ақ табиғаттың байлығы негізінде 
материалдық немесе рухани қҧндылықтарды дарытатын адамдарға саналы 
тҥрде оң кӛзқарасты қалыптастыру.
Сонымен қатар, табиғаттың бір бӛлшегі 
ретінде адамның ӛзіне деген кӛзқарасы, ӛмір мен денсаулықтың қҧндылығын 
және олардың қоршаған орта жағдайына тәуелділігін тҥсінуі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартының талаптарына сәйкес «Таным» білім беру саласының мақсаты 
айқындалған: мектеп жасына дейінгі баланың жеке тҧлғасын қоршаған 
ортамен ӛзара әрекет барысында командада жҧмыс істей білуге қажетті 
танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруі ҥшін дамыту болып 
табылады. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҥлгілік оқу бағдарламасында әр 
жас тобы ҥшін экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру бойынша 
міндеттер айқындалды: 
- тірі және ӛлі табиғат заттары мен қҧбылыстары туралы алған 
білімдерін кеңейту;
- табиғат аясында болғанда балаларды экологиялық мінез-қҧлық 
мәдениетінің бастапқы дағдыларына тәрбиелеу; 
- жануарлар мен ӛсімдіктерге кҥтім жасауда балаларды кӛмек 
кӛрсетуге тарту; 
- ӛсімдіктердің ӛсуі мен дамуы туралы тҥсініктерін қалыптастыру; 
- табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру барлық жас 
топтарында «Жаратылыстану» ҧйымдастырылған оқу қызметі шеңберінде 
«Денсаулық» («Қауіпсіз мінез – қҧлық негіздері» ҦОҚ), «Қатынас» («Кӛркем 



әдебиет» ҦОҚ), «Шығармашылық» (ӛнімді әрекет тҥрлерінде), «Әлеумет» 
(«Қоршаған ортамен танысу» ҦОҚ) білім беру салаларымен кіріктірілген 
ҦОҚ-де, сондай-ақ басқа да режимдік сәттерде (мысалы, серуеннің міндетті 
бӛлігі-тірі және ӛлі табиғатты бақылау болып табылады) іске асырылады. 
Тәрбиеленушілердің дербес әрекеті мәжбҥрлеусіз, оң эмоциялар 
арқылы жҥзеге асырылуы тиіс. 
Экологиялық тәрбие процесінде келесі әрекет тҥрлері болуы мҥмкін: 
-табиғаттағы 
тҥрлі оқиғаларды немесе ересектердің әрекетін 
бейнелейтін сюжетті-рӛлдік ойын; 
-балабақшаның жасыл аймағында тірі нысандар ҥшін жағдай жасау 
немесе оны қолдау бойынша практикалық әрекет (табиғаттағы еңбек), 
сондай-ақ заттарды қалпына келтіру бойынша әрекет (ойыншықтарды 
жӛндеу, кітаптарды желімдеу және т. б.); 
-табиғаттан алған әсерлері немесе адамдардың табиғаттағы еңбегі 
негізінде бейнелеу әрекетінің ӛнімдерін дайындау; 
-табиғатпен қарым-қатынас, ӛсімдіктер мен жануарлар әлемінің 
объектілерімен ерікті байланыс-бақылауды, кҥтім жасауды, жануарларды 
қолға ҥйретуді қамтитын кешенді әрекет;
-эксперимент жҥргізу: табиғат объектілерімен практикалық танымдық 
әрекет, бақылау; 
-әңгімелесу (сҧрақтар, хабарламалар, әңгімеге, диалогқа қатысу, 
ақпаратпен, әсерлермен алмасу, сӛйлесу арқылы табиғат туралы тҥсініктерді 
нақтылау); 
-бақылау-дербес 
танымдық әрекет, табиғат және адамдардың 
табиғаттағы әрекеті туралы ақпарат алуды қамтамасыз етеді; 
- табиғат туралы жаңа тҥсініктер алуға және бар тҥсініктерді 
нақтылауға ықпал ететін әрекет - мазмҧны табиғатты қамтитын кітаптарды, 
суреттерді, телехабарларды қарау.
Тәрбиеленушілерді экологиялық мәдениет негіздерімен таныстыруда 
олардың рухани-адамгершілік дамуына, ӛзара кӛмек, жауапкершілік, 
отансҥйгіштік сияқты моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеуге мҥмкіндік 
беріледі. 
Мектепке дейінгі ҧйымның педагогикалық процесінде экологиялық 
тҧрғыдан тәрбиелі тҧлғаны қалыптастыру мына міндеттер шешілгенде ғана 
мҥмкін болады: 
-
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық мінез-
қҧлықтың дағдыларын қалыптастыру; 
- табиғаттағы әртҥрлі әрекет барысында практикалық дағдылар мен 
біліктерді меңгеру (табиғат бҧрышында және балабақшаның ауласында 
жануарлар мен ӛсімдіктерге кҥтім жасау); 
-табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Педагог балаларға тіршілік иесіне жанашырлық таныта білуді, оған 
қамқорлық жасауды, табиғатқа шыққан кезде табиғат қҧбылыстарын 
бақылауды ҥйретуі, дҧрыс әрекет жасағаны ҥшін баланы мақтауы тиіс. 



Балаларды табиғатпен қарым-қатынас жасау процесінде қҧрдастарының, 
ересектердің қылықтары мен ӛзінің қылықтарын бағалауға ҥйрету маңызды. 
Экологиялық білімнің қалыптасуы дәстҥрлі отандық педагогика 
тәсілдері негізінде жҥргізіледі: халық дәстҥрлері, баланың табиғатпен тығыз 
байланысы, экологиялық мәдениет негіздерін және мектепке дейінгі ҧйым 
тәрбиеленушілерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін заманауи 
экологиялық білімді меңгеру. 
Экологиялық білім мен тәрбиенің кӛрсеткіші адамның табиғи ортаға 
қатысты практикалық әрекеттерін қарастыруы тиіс. 
Осылайша, балалардың саналы қарым-қатынасы жағдайды тҥсіндіре 
алуында немесе ересектердің айтқанын ҧғынуында, тіршілік иесінің 
қажеттіліктерін білуінде және ӛсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін 
сақтауға және жақсартуға бағытталған еңбек әрекеттерін орындауында
кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет