Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


- жазбаша тәжірибені дербестендіру



Pdf көрінісі
бет36/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
инкл каз

жазбаша тәжірибені дербестендіру 
Біз жазу процесінің күрделі екендігін және ми және моторлық дағдылардың 
қандай спектрін қамтитынын білеміз. Мұндайда әрқайсымыз жазу процесіне 
түрліше қараймыз. Әдетте жазу процесі бастапқы ойды белгілеу, нобайын жазу, 
тексеру және редакциялау секілді кезеңдерден тұрады.
Жазу процесінің кез келген аталған кезеңінде сіз қиындықтарға тап 
болуыңыз мүмкін. Және бұл сіздің танымал жазушы болуыңызға кедергі келтіруі 
мүмкін. Десе де, қазіргі таңда заманауи құрылғылар кіріктірілген функцияларға 
ие. Олар жазудың кез келген процесінде көмекке келеді. Мұндай тегін және 
қымбат емес қосымшалардың түр-түрі қолжетімді.
- бастапқы ойды белгілеу 
Бастапқы ой – өз идеяларыңызды қағазға түсірер кез. Ол тақырыпты жақсы 
түсіну үшін және идеяларды генерациялау және жүйелеу үшін миға шабуыл 
жасайтын әрекеттерді қамтиды. Бұл жердегі басты мақсат – идеяларды байқап 
көру және оларды дамытуға болатындығы жөнінде ойлану.
Жазудың бастапқы процестерінде сізге көмекке келетін құралдар көп.
Өз құрылғыңызға кіріктірілген ескертпелерді жазуға арналған базалық 
қосымшаны пайдаланыңыз және сол жерге өзіңіздің бастапқы ойыңызды 
түсіріңіз немесе жоспар құрыңыз. Бұл кіріктірілген қосымшалар форматтаудың 
шектелген мүмкіндіктеріне ие және бұл, керісінше, жақсы. Форматтаудың көп 
нұсқалылығы бұл кезеңде алаңдатуы мүмкін. Windows-та Блокнот деп алатын 
мәтін редакторы бар. Ал Apple құрылғыларында Заметки кіріктірілген 
қосымшасы бар. Сіз сондай-ақ Google Keep немесе Microsoft OneNote секілді 
онлайн қосымшаларды пайдалана аласыз. Осылайша, Интернетке қосылу 
негізінде кез келген құрылғыдан өз ескертпелеріңізге қол жеткізе аласыз.
Өз ойларыңызды дыбыстық ескертпелер қосымшасына сақтай аласыз. Бұл, 
әдетте, өз ойларыңызды қағазға түсіруге уақытыңыз болмаған кезде өте пайдалы. 
Көптеген операциялық жүйелер дыбыстық ескертпелер үшін базалық 
қосымшалардан тұрады: iPad-тағы дыбыстық ескертпелер немесе Windows 
құрылғыларындағы диктофон.
Төмен технологиялық әдістер пайдалы болуы мүмкін. Бірақ өз 
ескертпелеріңізді жоғалтып алмау үшін, бүлдіріп алмау үшін, оларды суретке 
түсіріп алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет