Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Икемді интервал. 
Әдепкі қалып бойынша интервалдар дислексиясы бар 
кейбір оқырмандар үшін мәтінді тығыз орналастырып, кедергі болуы мүмкін. 
Жолдар мен символдар бір-біріне тым жақын орналасқан жағдайда бір-біріне 
мінбелеп көрінуі мүмкін. Интервалдың арасын ашу бұл кедергіні жоюға 
көмектесуі мүмкін. Бұл қосымшаның ерекшеліктеріне байланысты жол 
аралығындағы интервал, символ арасындағы интервал немесе сөз арасындағы 
интервал болуы мүмкін.
Реттелетін жолдар. 
Перифериялық көру қиындықтары бар кейбір 
оқырмандар үшін құжаттың өрісін үлкейте пайдалы болуы мүмкін. Мұндайда 
мазмұнды құжаттың ортасында беру олардың көру қабілетіне байланысты оқуды 
жеңілдетуі мүмкін. 
 
Тегістеу. 
Мәтінді
 
ені бойынша тегістеу символдар мен сөздер арасындағы 
қосымша интервалды көбейтіп, мәтіннің екі жақ өрістен бірдей орналасуын 
қамтамасыз етеді. Мұндайда пайда болған қосымша бос кеңістік кейбір 
оқырмандардың назарын өзіне аудартып, мәтінді түсінуді қиындатады. Сол 
себепті мәтінді сол жақ шегі бойынша тегістеген жөн. 
Оқу бойынша нұсқаулық
. Кейбір электрондық кітаптар мақсатқа 
бағытталған оқудың арнайы режиміне ие. Ол жерде мәтіннің тек бірнеше жолы 
ғана көрініп, қалған бөлік алаңдатпау үшін экранның артқы жағына 
жасырылады.
 - мәтінді дыбыстауды пайдалану 
iPad-тағы «Spoken Content» функциясы (Баптаулардағы «Accessibility» 
бөлімінде орналасқан) мәтінді сөзге айналдырудың екі нұсқасын ұсынады: білім 
алушыларыңыз қандай да бір мәтін бөлігін ерекшелей алады немесе тұтастай 
барлық мәтінді ала алады. Білім алушыларыңыз сөздер мен сөйлемдерді бірнеше 
дауыстың ішінен біреуін, жылдамдық ішінен біреуін таңдау негізінде белгілей 
алады. Mac-та Speak Selection секілді балама функция бар. Оны жүйелік 
баптауларда бірнеше батырманы басу негізінде белсендендіруге болады.
Android құрылғыларында Select to Speak функциясы Android-тың арнайы 
мүмкіндіктер пакетіне қосылған. Ол сізге экрандағы мәтінге басу негізінде оны 
тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл функцияның қосу және пауза, алдығы немесе 
артқа жылжыту және жылдамдықты реттеу секілді қосалқы функциялары бар
Windows құрылғылары Экран дикторы функциясы арқылы оқуды ұсынады.
Бұл функция көру қабілеті зақымдалған білім алушыларға арналған. Ал мәтінді 
сөзге айналдыру функциясы бөлек қосымшаларда қолжетімді. Мысалы, білім 


108 
алушылар Microsoft Edge веб-браузеріне кіріктірілген оқудың иммерсивті 
құралы негізінде немесе Office қосымшалары негізінде мәтіннің ауызша 
нұсқасын тыңдай алады [92].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет