Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Видеомен оқытудағы кеңестер 
Видео көмегімен оқыту оқу мақсатына сәйкес білім алушы ортамен, 
контентпен өзара байланысқанда жүреді.
Видеоны сабақты түсіндіру кезінде өзек ретінде пайдаланыңыз. Видеоның 
көмегімен кейін сабақ барысында түсіндірілетін негізгі тұжырымдамалармен 
және идеялармен алдын алуға танысуға болады. Соның нәтижесінде баланың 
тақырыпқа қызығушылығын арттыруға болады.
Тыңдау, болжау және жалпылау дағдыларын дамытыңыз. Бұл дағдылар 
негізінде видеоны медианың өзге формаларына ауыстыруға және білім 
алушылардың жалпы сауаттылығын арттыруға ықпал етуге болады.
Жазбаша қосымша ақпарат ұсыныңыз: қосымша ақпарат білім 
алушылардың мазмұнға қызығушылығын арттырып, оларды қызықтыратын 
тақырып бойынша талқылауға қатысуын ынталандыра алады. 


111 
Бастапқы мәліметтерді белсендендіріңіз және ұсыныңыз: видеороликтер 
сабақты немесе білім алушылардың талқылауын жалғастыру үшін 
жандандырады.
Ғалымдар сұрақтарды видеоны қосқанға дейін де, қосқаннан кейін де қою 
қажеттілігіне мән береді. Бұл мазмұнды жалпылап, сыныпта талқылау жүргізу 
үшін қажет.
Кейбіреулер үшін қажет, бірақ барлығына пайдалы 
Сіздің барлық білім алушыларыңыз видеоға қатысты сабақтарға қатыса 
алатындай етіп, оны пайдаланылатын видео мазмұны мен ойнатқыштың 
қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз. Жасырын субтитрлер мен дыбыстық 
сипаттамасы бар видеоларды таңдап, өз видеоларыңызды жасаған кезде 
субтитрлерді қосыңыз. Аудио сипаттаманы жасау құралдары барған сайын 
қолжетімді бола бастағанда, аудио сипаттаманы да қосу керек. 
Қолжетімді видеолар әмбебап дизайн философиясының классикалық 
мысалы болып табылады, оған сәйкес «кейбіреулер үшін маңызды нәрсе 
әрқашан барлығына пайдалы болады». Мысалы, субтитрлі видеолар барлығына 
көмектесе алады:
- адамдар әуежайлар, спорт залдары және мейрамханалар сияқты шулы 
қоғамдық орындарда болғанда; 
- адам басқа адам ұйықтап жатқанда немесе тыныш оқып жатқанда видеоны 
көргісі келгенде; 
- видеодағы спикердің акценті күшті немесе түсініксіз болған жағдайда; 
- видеода мамандандырылған немесе бейтаныс лексика (заң, медициналық 
немесе ғылыми терминдер) бар болған жағдайда; 
- дыбыс жүйесі жұмыс істемейді немесе дыбыс сапасы нашар болған 
жағдайда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет