83
Талаптарды сипаттаңыз:
- Материалдық – техникалық ресурстар мен ұйымдастыру жағдайлары
(сыныпта парталар қою, зертханалық жабдықтар және т.б.);
- аппараттық қамтамасыз ету (компьютерлер мен басқа да сандық
құрылғылардың болуы, Интернет желісіне шығу және т.б.);
- бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.
Қосымша ақпараттық ресурстар қажет болуы мүмкін: АКТ құралдары
мен сервистерін зерделеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша
нұсқаулық – анықтамалық материалдар.
Сіздің тәжірибеңізді сәтті тарату және дамыту үшін, қажетті барлық
ерекшелігін сипаттауға тырысыңыз.
5-бӛлім. Әдістемелік бағыт ӛткеннен кейінгі тапсырмалар. Әдістемелік
бағыт қалай бағалануы және оңтайландырылуы мүмкін?
5.1. Әр сабақты жеке және топтық рефлексия есебімен қарастырып,
бағалаңыз.
- Жеке рефлексия үшін тапсырмаларды құрастырыңыз.Олар осы
әдістемелік бағытты игеретін мұғалімге әдістемелік бағытта ұсынылған оқу
жағдайын іске асыру үшін объективті(мысалы, білім беру мекемесінің
техникалық мүмкіндіктерін) және субъективті(мысалы, педагог пен білім
алушылардың ӛз технологиялық дайындық деңгейін) бағалауға кӛмектесуі тиіс.
Егер мұндай жағдайлар болмаса, мұғалімге қандай ұйымдастыру
қорытындыларын жасауға болатынын түсіндіруге кӛмектесесіз бе?
5.2. Келесі сабақтарды оңтайландыру үшін бағыттарды анықтаңыз
Жеке тәжірибеге сүйене отырып, бағытта сипатталған педагогикалық
идеяларды оңтайландыру және жетілдіру үшін бірқатар жолдарды
анықтаңыз.Бұл бағыттар тӛмендегі кӛрсетілген жұмыс жолдарына байланысты
болуы мүмкін
- оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мақсатында
пәнаралық байланыстарды кеңейту;
- бағдарды практикалық-бағдарлы құрауышты күшейту және оны білім
алушылармен ұғыну
-
функционалдық
сауаттылықты
қалыптастыруға
бағытталған
тапсырмалар спектрін кеңейту;
- МЖМБС талаптарына сәйкес дидактикалық материалдарды әзірлеу;
- білім алушылардың білім беру нәтижелерінің ӛсу деңгейін анықтау үшін
бағалау құралдарын әзірлеу және т.б.;
Есіңізде болсын, сіз автор ретінде ӛзіңіздің сипаттаған педагогикалық
тәжірибенің сапасын жақсартуға, идеяларыңызды таратуға және оларды білім
беру процесіне енгізуге қызығушылық танытасыз.
Достарыңызбен бөлісу: