102
ӘДІСТЕМЕЛІК ТАҚЫРЫБЫ
: Жеке тұлғаның креативтілік қабілетін
арттырудағы метатануға бағытталған оқытудың тиімді жолдары.
МАҚСАТЫ:
Оқу үрдісінде метатануға бағытталған оқытудың тиімді
жолдарын
анықтап математикалық сауаттылығын арттыру, жан-жақты
білімді, ӛмір сҥруге бейім, іскер, ӛзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі
жоғары, қабілетті жеке тҧлғаны қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
оқушыларға ӛз бетінше, сондай-ақ ӛзге оқушылармен топтасып бірге
жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу;
ақпараттық технологияларды іс – тәжірибеге енгізу арқылы жеке
тұлғаның даму мүмкіндігіне бақылау жасау;
оқу – тәрбие үрдісінде қазіргі кездегі оқыту мен оқудың жаңа әдіс
тәсілдері мен 7 модулді қолдана отырып жас мамандарға коучинг негізінде
қолдау мен тәлімгерлік кӛмек кӛрсету;
облыс мұғалімдерімен семинар-тренингтер ӛткізіп жеке тұлғаның
қабілетін арттыру және алған білімдерін ӛмірде қолданудың инновациялық
әдіс-тәсілдерін қарастырып, тәжірибе алмасу;
облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып онлайн
сабақтар жүргізу.
КҤТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
оқу-тәрбие үрдісінде ӛз бетінше жұмыс істеуге бағытталған оқытудың
тиімді жолдары, анықталады, оқушының креативтілік қабілеті артады;
жеке тұлғаның білім сапасының артуына әсер ететін ақпараттық
технологияның тиімді әдіс-тәсілдері жинақталады;
мектеп мұғалімдерінің кәсіби қызметі жүйесі қалыптасады;
мұғалімдер әріптестермен ынтымақтастықта оқу ортасын құрады,
жүргізу, басқару және жоспарлау мүмкіндіктері жетілдіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: