1-қосымша Қостанай облысы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ҧйымдары педагогтарына арналған «Ҧлағат» облыстық педагогикалық клубы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1.1."Ұлағат" педагогикалық клубы (бұдан әрі – клуб – әдіскерлер
бірлестігі) Қостанай облысының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру
ұйымдарының ең үздік тәжірибелерді зерттеу, қорыту және тарату мақсаты
үшін жұмыс істейді.
1.2.Клуб қызметін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті (бұдан әрі –
әдістемелік кабинет) аудандық және қалалық білім бӛлімдері және облыстық
білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
1.3.Әдістемелік кабинет осы Ереженің 2-тармағына сәйкес Қостанай
облысының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының
қызметкерлері қатарынан клуб құрамын құрады.
2. «Ҧлағат» облыстық педагогикалық клубының міндеттері 2.1. Қостанай облысының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру
ұйымдарының үздік тәжірибелерінің деректер базасын қалыптастыру.
2.2.Педагогтарда мотивациялық, рефлексивті мәдениетті, кәсіби этиканы,
құқықтық
сананы,
кӛшбасшылық
және
коммуникация
дағдыларын
қалыптастыру.
2.3.Педагогикалық
тәжірибені
тарату,
педагог
қызметкерлерді
аттестаттауға дайындау және ӛзін-ӛзі жетілдіру.
3. «Ҧлағат» облыстық педагогикалық клубының қҧрылымы мен функциялары 3.1.Клуб жетекшісін Қостанай облысы білім басқармасының мектепке
дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің басшысы
тағайындайды.
3.2. Актив: Қостанай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және
жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің бӛлім басшылары мен сектор
меңгерушілері, әлеуметтік серіктестер, кәсіби конкурстардың жеңімпаздары.
3.3. Клубқа қатысушылар: білім беру қызметінде инновациялық
идеяларды белсенді пайдаланатын Қостанай облысының мектепке дейінгі және
жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары.
3.4.Клуб жұмысын ұйымдастыруды ШЖМ инновациялық-эксперименттік
қызмет және дамыту бӛлімі жүзеге асырады.
72
3.5. Клуб жұмысын әдістемелік ұйымдастыруын білім беру мазмұнын
жаңарту бӛлімі жүзеге асырады.