Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет13/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
ТҚАБ балаларға арналған білім алу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

– бір сабақ шеңберінде іс-әрекеттің динамикалық өзгеруі қорғаныс режимін (ТҚАБ балаларымен психикалық процестердің сарқылуын болдырмау, оның белсенді көңіл-күйін сақтау және т.б.) жүзеге асыруға және баланың белсенді ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

– әрбір білім алушыға жеке ортопедиялық режимді сақтау (әртүрлі ортопедиялық құралдармен серуендеу, қолдар мен саусақтардың орналасуын түзету, басын тұрақты ұстау және т.б.) үшін оңтайлы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді;

– ТҚАБ баланың сөйлеу мүмкіндігі аурудың клиникалық көріністеріне ғана емес, (гипертония, гипотония, дистония, гиперкинезия, апроксия) сондай-ақ оның эмоционалдық жай-күйіне, денесі мен басының жазықтықтағы орналасуына, сыртқы әсерлерге де байланысты (сенсорлық және эмоционалдық ынталандырулар). Коммуникативті мінез-құлықтың маңызды құрамдас бөлігі - балаға қол жетімді коммуникативтік құралдарды: «көз контактісі» жүйесі, пантомима (ым, бет әлпеті, пантомима), паралингвистикалық (вокализация, интонация), сөйлеуді меңгеру және тәжірибеде қолдану болып табылады.



Баланы түсіну үшін сөйлескенде қажетті жағдайлар:

– сөйлесудің қысқаша және мәнерлілігі (нұсқаулар, өтініштер, пікірлер, хабарламалар);

– балалардың күтілетін реакциясы үшін көбірек қайталау, баяу қарқынмен сөйлеу,үзіліс жасап отыру;

– ауызша сөйлесу мен вербалды емес әдістердің үйлесуі (ыммен, пантомима, іс-әрекетті көрсету);

кез-келген нұсқаулық, мәселе баланың көңілін бөлу үшін балаға сөйлеуден басталуы тиіс.

Егер баланың сөзі түсініксіздеу немесе іс жүзінде қол жетімсіз болса, вербалды емес қарым-қатынас технологиялары (карталар, нысандар) қолданылады.

Бала практикалық іс-әрекеттерге қол жеткізуіне қарай, көмек көрсету көлемін толық операциядан (əрекеттер тізбегін) жеке іс-əрекеттерге дейін азайту керек, сондай-ақ вербалды емес әдістен (əрекеттер, субъектілер, қимылдар) сөйлеуге ауысудың сипатын өзгерту қажет (кемшіліктерді тікелей көрсету, əрекеттерді бағалау, ынталандыру) [11].
ТҚАБ білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар


  • ТҚАБ білім алушыларға арналған жиынтық жұмыстары олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді қарастырады;

  • ТҚАБ білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға, жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болатындай уақыт тәртібін өзгертуге болады;

  • ТҚАБ білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

  • ТҚАБ оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

  • ТҚАБ білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады;

  • қажет болған жағдайда ТҚАБ білім алушыға физикалық және техникалық көмек көрсететін ассистенттерді, сондай-ақ арнайы құрылғылар мен техникалық құралдарды қарастыру ұсынылады;

  • тілдік пәндер бойынша тыңдалым мен айтылымға арналған тапсырмаларды бағалауда ТҚАБ білім алушының сөйлеу тіліндегі өзіндік бқзылыстар (интонациялық мәнерліліктің жеткіліксіздігі, қарқынның баяулығы мен бірқалыптылықтың болмауы және т.б.) дамуының ерекшеліктерін есепке алу қажет;

  • жазылымға арналған тапсырмаларды ТҚАБ білім алушының моторлы даму ерекшеліктеріне байланысты өзгертуге немесе басқа тапсырмалармен алмастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет