Танымдық белсенділік ерекшеліктері:
қоршаған әлемді тануда білуге құмарлықтың және белсенділіктің болмауы;
заттар мен материалдарды оларды пайдалану мүмкіндіктері бойынша сааламайды, олардың қасиеттерін ескерместен, олармен әрекетке түседі;
ақпаратты кешеуілдетіп өңдеу;
назар аударудың мүмкін еместігі;
бірлескен зейіннің болмауы;
көру шегінен тыс жердегі көзбен қабылдау басымдығымен көру назарының фрагментарлығы;
дыбыс немесе көру қоздырғыштарына байланысты зейіннің алаңдаушылығы;
назарын ұсақ бөлшектерге аударады және басты картинаны елемейді;
еліктеу қабілеті бұзылған;
жаңа қозғалыс актілерін орындау қабілеті бұзылған;
объектінің бейнесін қалыптастырудағы қиындықтар;
жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру қабілеті төмендеген;
етістіктер мен есімдіктерді түсінбей қиналу;
айтылғанды сөзбе-сөз түсіну;
абстрактілік ойлау мен қорытындылаудың қалыптаспауы, нақты өзара әрекеттесуді талап етеді;
дағдыларын ұқсас материалға, басқа жағдайға ауыстырудың қалыптаспауы;
нақты әрекет түрлерін өз бетінше орындаудағы қиындықтар;
ұйымдастырушылық дағдылары, жоспарлау немесе таңдау дағдылары қиындатылған;
дағдылардың бір және сол немесе әртүрлі салаларындағы тұрақсыз көрсеткіштер, кейде кейбір салаларда айрықша жоғары көрсеткіштер көрсетеді (парциалды дарындылық);
қызба, компульсивті және табандылық әрекеттерге бейім; мінез-құлқы қарама-қайшы;
күте алмайды немесе бос (ұйымдастырылмаған) уақытын пайдалана алмайды;
меңгерген қағидаларды, сигналдарды және басқа да модельдерді басшылыққа алады;
білім беру саласындағы өзгерістерге қарсылық білдіреді.
Аутистикалық спектр бұзылуларының жоғарыда келтірілген сипаттамалары аутизммен ауыратын балада байқалуы мүмкін қиындықтарды атап көрсетеді, олар баланың мінез-құлқы мен білім алуына әсер етеді. Бұл сипаттамалардың барлығы АСБ бар балалар үшін бірдей болмаса да, олардың барлығына әлеуметтік әрекеттесу, қарым-қатынас жасау, сенсорлық сигналдарды өңдеу және жаңа дағдыларды меңгеру саласындағы қиындықтар тән болады [11].
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Кедергісіз орта
Қосымша көп функциялы кеңістіктің болуы баланың демалыс бөлмесі, баланы күтіп отыратын ата-аналар үшін бөлінген орын, ойын бөлмесі, қозғалыс аймағын қарастырады.
Қажетті арнайы құрал-жабдықтар
демалыс бөлмесіне арналған жабдық: жұмсақ жиһаз, кілем төсеніш, аудиожабдық (музыка және табиғат дыбыстары жазылған дискілер жинағымен)
перделер;
жұмсақ төсеніш пен модульдер;
театрландыруға арналған ойындар жиынтықтары;
мектепте, сыныпта өзін-өзі ұстау қағидалары, күн тәртібі және әрекет түрлерін ауыстыру реті жазылған кестелер.
АСБ балалары үшін білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
аутизммен ауыратын баланың дамуындағы бұзылулармен байланысты қиындықтарды назарға алыңыз;
бала өзінде алаңдаушылықтың пайда болғанын түсінбеуі мүмкін, сондықтан ықтимал стимулдар мен агрессия белгілерінің бастапқы көріністеріне көз салып қарау қажет. Баланың назарын басқа әрекеттерге ауыстырып, тіпті алаңдаушылықтың ең алғашқы белгілерінің өзін ойын фрагменттеріне көшіру керек;
мінез-құлықты қадағалау мен бақылау барабар емес әрекеттің себебін түсіндіруге көмектесуі және қаламайтын мінез-құлықты түзететін әрекеттерді меңзеп көрсетуі мүмкін;
айналадағы адамдар жай ғана еркелік немесе тыңдамаушылық деп түсіндіретін, балада байқалатын барабар емес мінез-құлықтың бірқатар мағыналары болуы мүмкін. Мысалы, ол бір нәрсені алғысы келетінін, қаламайтын оқиғаларға қарсы наразылығын, толық түсінбейтіндігін, күйзеліс жағдайларынан қашатынын, қосымша стимуляция алғысы келетінін, көмек немесе назар аударуды қажет ететінін көрсетруі мүмкін;
жаңа үй-жайдан қорқу сезімі болмаған жағдайда, балаға сыныбы қайда екенін, сабақ қайда өтетінін, балалар қай жерде тамақтанатынын, дәрігерге қай жерге баратынын көрсетіп, білім беру ұйымының кеңістігімен біртіндеп таныстыру маңызды;
баланың сыныптағы жеке орындарын (шкаф, парта) белгілеу үшін визуалды маркерлерді пайдалануға болады: белгілі картина, егер бала оқи білсе – оның есімін жазу. Бұл балаға жаңа жағдайды қабылдауға, өзін қауіпсіздікте сезінуге көмектеседі;
мектеп өмірінің тәртібі қағидалармен, кестемен нақты болуы тиіс;
жеке (картиналары немесе символдары бар) кестені пайдаланыңыз, онда әр сабақ ретімен орналасу керек; бұл баланың күн тәртібін алдын алу білуіне және артық алаңдаушылықты болдырмауға көмектеседі. Бұдан басқа кесте мен үй-жайлардың алмасуы АСБ бар балаларға бір әрекеттен екіншщісіне көшуді меңгеруге көмектеседі;
сонымен бірге күн тәртібіндегі аздаған өзгерістердің өзі баланың мінез-құлқын өзгерте алатынын және алаңдаушылық немесе күйзеліс түрінде байқалатынын ескеру керек. Сондықтан өзіңіз білетін өзгерістер туралы баланы алдын ала ескертіңіз;
АСБ бар баланы жұппен сапқа тұру, шағыр алдында кезектілікті сақтау, әлеуметтік қабылданған ара-қашықтықты сақтау, құрбыларының аяғын бастап, итеріспеу сияқты әлеуметтік мінез-құлық ережелеріне арнайы үйрету қажет;
тапсырманы барлық топқа беріңіз, онда басқа балаларды аутистикалық спектр бұзылулары бар баламен бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдырыңыз, алайда тапсырманың өзі осы баланың қабілеттері шеңберінде болуы тиіс;
балалар аутизммен ауыратын балалармен достасып кеткен жағдайларды көтермелеңіз;
ересектер еркін ойын уақыты кезеңінде, денені дамытумен байланысты сабақтар кезінде, түскі ас кезінде бақылауды күшейту қажет; АСБ бар баланың қиындықтары туралы құрбыластарын хабардар ету қажет;
сыныптағы балалар мен ата-аналарға аутизммен ауыратын бала құрбылыстарына қарағанда өзін неліктен басқаша ұстайтынын түсіндіріңіз. Әртүрлілік құрметтелуі тиіс;
білім алушылармен жұмыс істейтін барлық мамандар білім беру процесіне қатысты ортақ тәсіл қабылдауға, баланың мінез-құлқына пікірлері, әсіресе көтермелеу мен жазалауды пайдаланумен байланысты жағдайларда бірдей болуға тиіс және қойылған, орындалатын міндеттерден шегінбеу керек.
тьютордың сүйемелдеуі аутизммен ауыратын баланы білім беру ортасына, әсіресе баланың бейімделуі кезеңінде, табысты қосу үшін қажетті шарт болып табылады 11.
Аутистикалық спектр бұзылулары бар балалар ауызша тілді ерекше қабылдаумен өзгешеленеді. Ересектер олардан не талап ететінін олар әрқашан тез түсіне алмайды. Жағдайды толық түсінбеу кезеңінде агрессивті болулары мүмкін. Өзін-өзі қорғау рефлексі белсене түседі.
Кез келген дағды қазір немесе кейін, бала өсетін болашақ өмірінде тікелей практикада пайдалану үшін түсініп меңгеріледі. Аутизммен ауыратын балаларды оқыту жағымды мотивацияға баса назар аударылып жүргізілуі тиіс.
Күштеп мәжбүрлемей, баланың танымдық әрекеттегі табиғи қажеттілігіне сүйену керек. Оқыту позитивті атмосферада өту керек.
Барлық балаларға өз әрекеттерінің ретін дауыстап айту қажет. Басқаларға кедергі жасамау үшін балаларды тыныш, жарты дауыспен сөйлеуге, «еріндерімен» сыбырлауға үйретіңіз. Бірақ оларға дауыстап айтуға тыйым салмаңыз ‒ жаңа және қиын материалды сыртқы сөйлеу тілі арқылы түсініп меңгереді.
Біз аутист баланы бір нәрсеге оқытқан кезде, біз дереу, араға уақыт салмай, пайдалану үшін дайын тұрған үлгіні оған беруіміз керек: қарапайым сөздерді барлық оқушылармен пысықтау арқылы оқуға, тұтас әріптер мен сөздерді дереу жазуды меңгеру арқылы жазуға; қарапайым есептеу операцияларынан бастап арифметиканы үйретуге келеміз. Алгоритмді білу –аутист балалардың мықты жағы. Бір рет және дұрыс оқыту керек. Орта және үлкен жастағылар үшін бір ғана алгоритм. Қайтып үйретуге болмайды!
Коммуникация және әлеуметтендіру дағдылары жұппен жұмыстаржы, шағын топтармен жұмыстарды, рөлдік ойындарды, сынып және мектеп бойынша кезекшілік ұйымдастыру, мұғалімнің осы бағыттарда нысаналы жұмыс істеуі кезінде жақсы қалыптасады.
Балаларды бір-бірімен араласуға жиірек түрткі болыңыз, осылайша олар қоғамда өздерін дұрыс ұстауға үйренеді. Сабақтар да аутист-балаларға басқа балалардың, сондай-ақ өздерінің эмоцияларын анықтауға көмектесуге тиіс. Оқыту процесінде белгілі жағдайларды сипаттайтын және аутист балаларды белгілі жағдайларда өзін-өзі ұстауға үйрететін қысқа оқиғаларды пайдалануға болады.
Өзіндік жұмысқа үйреткен кезде мынадай алгоритмді пайдалану ұсынылады:
1. Тапсырманы түсіндірген кезде, оқулықта орындау керек болатын тапсырмалардың астын сызыңыз.
2. Нұсқаудан кейін әр оқушыға көз тоқтатып қараңыз.
3. Әрқайсысы тапсырманы дұрыс түсінгеніне және орындауға дайын екендігіне көз жеткізіңіз.
4. Нұсқауды жеке қайталаңыз.
5. Нұсқауды қайталағаннан кейін де бала тапсырманы орындай бастамаса, тапсырманы онымен тақта алдында орындап көріңіз.
6. Осындай тапсырманы кейіннен берген кезде жұмысқа тьюторды қосыңыз.
7. Тапсырмаларды өз бетінше орындау кезінде басқа оқушыларды көзден таса қалдырмаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |