Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому


Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет14/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары (СТКБ) бар балалар – бұл есту қабілеті сақталған, ақыл-ойы бұзылмаған, бірақ сөйлеуінеде айтарлықтай ақау бар, дамуында кешеуілдеу бар рекше санаттағы балалар.

Баланың сөйлеуін дамыту ана тілін бірте-бірте меңгеруімен байланысты: фонемалық естуді дамыту және ана тілінің дыбыстарын білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қоры, синтаксис ережелері және сөздің мағынасы болу керек. Баланың тілі қоршаған айналасындағы ересектердің сөйлеуінің тікелей әсеріне және сөз сөйлеудің жеткілікті тәжірибесіне, сөйлеу ортасының мәдениетіне қарай, оқыту мен тәрбиелеу арқылы қалыптасады.

Сөйлеудің бұзылуы сөйлеудің әртүрлі компоненттеріне әсер етуі мүмкін: дыбыстық жазба (сөйлеудің түсінігі, дыбыс кемшіліктері), фонемиялық есту (сөздің дыбыстық құрамының жеткіліксіздігі), лексико-грамматикалық құрылымы (сөздік қордың аздығы, сөйлемдегі сөздерді үйлестіру қабілетсіздігі). Бұндай бұзушылық сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі деп аталады.

Жоғарыда аталған деңгейлерге сәйкес балалардың сөйлеуі тұтығу, дизартрия, ринолалия, алалия, афазиямен бірге жүруі мүмкін. Сөйлеуінде ауыр патологиясы бар балаларда барлық танымдық қызметінің дамымауы байқалады (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу), әсіресе саналық деңгейде. Ойлау қызметінің ерекшеліктері сөйлеудің, оның барлық компоненттері дамымағандығы есебінен қалыптасады. Сөйлеу тілінде бұзылулары бар балалардың зейіні тұрақсыздық, ауыстыру және тарату қиындықтары сипатталады. Балалардың осы санатында материалды тез ұмыту, әсіресе ауызша (сөйлеу), мәтін сюжетіндегі оқиғалардың туындауын есте сақтау процесінде белсенді бағыттың азаюы байқалады. Олардың көпшілігінде ақыл-ойдың аз дамуынан меңгеру қабілетінің төмендеген. Дыбыс патологиясы бар балаларға сөйлеу емес, көрнекілік түрде ұсынылған тапсырмаларды орындау жеңілдеу. Сөйлеу бұзылыстары бар көптеген балаларда тірек-қимыл бұзылуы бар. Олар қозғалғанда ыңғайсыз, импульстік, хаотикалық қозғалыстармен сипатталады. Сөйлеу бұзылулары бар балалар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмен болады. Олар ұзақ уақыт бойы тапсырма орындауға кірісе алмауы мүмкін.

Эмоционалды-ерік жағынан да ауытқулар байқалады. Оларда қызығушығының тұрақсыздығы, ынтаның төмендігі, тұйықтық, өзіне сенімсіздік, агрессивтілік, ренжігіштік, басқалармен қарым-қатынаста, құрдастарымен байланыс орнатудағы қиындықтар орын алады.

Сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар балалардың арнайы білім беру қажеттіліктері жалпыға бірдей, сөйлеуді дамытудағы ауытқулары бар барлық балаларға тән [11].

СТКБ бар білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін уақытында есепке алу үшін мына жайттарды ескеру қажет:

– сөйлеу бұзылулары бар балалардың талдағыштық, аналитикалық, синтетикалық және реттеуші қызметті қалыпқа келтіруге кешенді көмекпен қамтамасыз етуге негізделген жағдай жасау; педагогикалық, психологиялық және медициналық құралдарды кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық түзету құралдармен үйлестіру;

– білім беру кеңістігін барынша кеңейту, әлеуметтік байланыстарды күшейту арқылы тиісті коммуникациялық стратегияларды және тактикаларды таңдауға және қолдануға үйрету;

– баламен түзеу-сауықтыру жұмысына белсенді түрде қатысу мақсатында отбасын психологиялық-педагогикалық қолдау; ата-аналармен серіктестікті ұйымдастыру.
Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

Оқытудың интербелсенді техникалық құралдары:



  • СТКБ бар балалар үшін қажетті көру және есту көрнекіліктерінің мүмкіндіктерін пайдаланатын полисенсорлық негізде құрылған дидактикалық құралдар;

  • балада қалыптастырып жатқан дағды мен білікті жаттықтыру үшін, сондай-ақ СТКБ бар балаларға қажетті материалды әртүрлі нұсқада көп рет қайталату үшін оқытушы компьютерлік ойындар;

  • СТКБ бар балалардағы бастапқы білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған арнаулы оқу-жаттықтыру құрылғылары.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың қабылдау ерекшеліктері көрнекі (графикалық) материалдың көп көлемін қолдануды талап етеді. Оларды балалардың көру аумағында орналастыру үшін кілемді және/немесе магнитті тақталар және басқа сияқты арнайы жабдықталған орын қажет.

Қосымша дидактикалық материалдар

СТКБ бар балалардың бір бөлігіндегі ерекше білім беру қажеттіліктері қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын қолдануды қажет етеді. Қарым-қатынастың альтернативті (вербалды емес) құралдары: арнайы таңдалған заттар; графикалық/баспа суреттер (фотосуреттердің, суреттердің, пиктограммалардың тақырыптық жиынтығы және басқа); электронды құралдар (бейнежазба құралы, электронды коммуникаторлар, тілдік тренажерлер, сәйкес программалық қамтамасыз етілу және көмекші жабдықтары бар планшеттік немесе дербес компьютер және басқа) бола алады. Жоғарыда аталған және басқа да құралдар білім алушылардың вербалды қарым-қатынасын дамыту үшін қолданылуы қажет.

Әлем туралы және қоршаған ортамен әрекеттесу тәжірибесі туралы қолжетімді түсініктерді қалыптастыру дәстүрлі дидактикалық құралдарды, бейне, проекциялық құралдарды, интернет қорлар мен баспа материалдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

СТКБ бар балаларға білім беру процесінде педагогикалық нәтижеге жету үшін бірқатар ұсынымдарды есепке алу қажет:



  • тапсырманы ұсына отырып, сабақта әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында бір баланың белсенді және әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды есепке алу қажет.

  • балалар мәнін түсіну үшін сұрақтарды анық, қысқа етіп қойып, жауабын беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек.

  • СТКБ бар балаларға тән тез шаршауды болдырмау үшін бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстыру, әр түрлі әрекет түрлерін қолдану маңызды.

  • әр түрлі көрнекі құралдарды білім беру міндеттеріне сәйкес тиімді пайдалану ұсынылады.

  • баламен көбірек сөйлесіп, барлық әрекеттерді, айналадағыларды айта отырып, бір сөздерді қайталауға қорықпай, оларды анық, сабырмен, мейірімділікпен айту керек.


Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

  • СТКБ бар білім алушыларға арналған жиынтық жұмыстары олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді қарастырады;

  • СТКБ бар білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға, жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болатындай уақыт тәртібін өзгертуге болады;

  • СТКБ бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

  • СТКБ бар оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

  • СТКБ бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады;

  • тілдік пәндер бойынша әрекет дағдыларына (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арналған тапсырмаларды бағалауда СТКБ бар білім алушының сөйлеу тіліндегі өзіндік бұзылыстарды (сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуінің деңгейі, ринолалия, тұтығу және т.б.) есепке алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет